Файл: Бж таырыбы Жалпы этиология жне патогенез Орындаан.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БӨЖ

Тақырыбы: Жалпы этиология және патогенез

Орындаған: Тұрсынбаева Маржан

Жақсылықова Эльмира

Тобы: ВМ-501

Қабылдаған: Нуркенова М.К

Жоспары:

  • Глоссарий
  • Кіріспе
  • Жалпы этиология
  • Ауру себептері
  • Аурудың ішкі және сыртқы түрлері
  • Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар
  • Жалпы патогенез
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Глоссарий

  • Патогенез (грек: раthos — зардап шегу, ауру, genesis -шығу тегі) дегеніміз — мал ауруының пайда болу механизмі, оның дамып жетілуі туралы ілім. 

Этиология (грек. aіtіa – себеп және logos – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім. Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды.

Реактивтілік – организмнің cыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне белгілі түрде жауап беру қабілеті.

Төзімділік (резистенттік) – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

Кіріспе

  • Этиология мен патогенез бір-бірімен тығыз байланысты, патогенез даму үшін алғашқы бүліну процестерінің туындауы қажет. Организмнің патогенді факторлармен өзара қатынасу нәтижесінде ауру пайда болады. Сонымен, аурудың дамуы, барысы мен ақыры организмнің күйіне, тұқым қуалаушылығына, икемділігіне, төзімділігіне, жүйке жүйелерінің функционалдық күйіне байланысты. Ауру бүкіл организмді күйзелтіп, көбінесе жеке ағзаларға зақым келтіреді.

Жалпы этиология:

  • Этиология — аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім. Аурудың себебі болып әдеттегіден тыс санды және сапалы ерекшелігі бар тітіркендіргіш саналады, организмде ол өзіне тән өзгерістер тудырады. Ауру себептері шартты түрде эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып бөлінеді. Аурудың эндогендік себептері туа немесе жүре пайда болған организмнің дұрыс дамымауымен байланысты болуы мүмкін. Аурудың экзогендік себептеріне сыртқы ортаның организмге әсер ететін факторлары жатады, олар механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді

Ауру себептері шартты түрде бөлінеді:


Эндогендік (ішкі)

Экзогендік (сыртқы)

Аурудың эндогендік түрі:

  • Аурудың эндогендік себептері туа немесе жүре пайда болған организмнің дұрыс дамымауымен байланысты болуы мүмкін. 
  • Оларға:
  • Тұқым қуалаушы-
  • Лық,
  • Жасы мен Жынысы
  • Жатады.

Аурудың экзогендік себептеріне сыртқы ортаның организмге әсер ететін факторлары жатады


Механкалық

Физикалық

Әлеуметтік

Биологиялық

Химиялық

Ауру себептерге байланысты былай жіктеледі:


жұқпалы емес аурулар

жұқпалы (індетті) аурулар 

инвазиялық аурулар

Жұқпалы емес ауру түрлері:

  • жұқпалы емес аурулар (тұқым жөне даму ақаулары, механикалық жарақаттар, химиялық, физикалық тітіркендіргіштердің ықпалынан және жануарларды азықтандыру, күтіп-бағу, жұмысқа пайдаланудың бұзылуына байланысты пайда болатын аурулар.

Жұқпалы індетті аурулардың түрлері:

  • жұқпалы (індетті) ауруларға
  • (вирустық, бактериалдық, лейкоздар мен микотоксикоздар).

Инвазиялық аурулардың түрлері:

  • Инвазиялық аурулар (протозооноздар, гельминтоздар, арахноэнтомоздар).
  • Ауру туғызатын сыртқы ортаның факторлары жануарларды пайдалану, күтіп бағу, азықтандыру жағдайлары, географиялық және маусымдық климат ауытқуы жөне бейімдеу (тұқым қуалаушылық, құрылымдық, жастық, жыныстық өзгешеліктері, организм реактивтілігі) болып бөлінеді. Бұл жағдайлар бір-бірімен байланысты.

Жалпы патогенез

  • Патогенез (грек: раthos — зардап шегу, ауру, genesis -шығу тегі) дегеніміз — мал ауруының пайда болу механизмі, оның дамып жетілуі туралы ілім. Этиология мен патогенез бір-бірімен тығыз байланысты, патогенез даму үшін алғашқы бүліну процестерінің туындауы қажет. Организмнің патогенді факторлармен өзара қатынасу нәтижесінде ауру пайда болады. Сонымен, аурудың дамуы, барысы мен ақыры организмнің күйіне, тұқым қуалаушылығына, икемділігіне, төзімділігіне, жүйке жүйелерінің функционалдық күйіне байланысты.

Организмде ауру тудыратын агенттердің таралу жолдары:


Қан, лимфа арқылы таралу

Жүйке жүйесі арқылы таралу

Жалғасу арқылы таралу

Жанаса отрып жайылу

Жалгасу арқылы таралу бір орындағы тіннің жақын орналасқан қалыпты тінге ауру тудыратын агенттің әсер етуінен болады


  • Жанаса отырып таралу — микробтардың қабынған өкпеден плевраға әтіп, оны қабындыруы. Микробтар мен токсиндер негізінен тамырлармен таралады, оны гематогендік жолмен таралу деп атайды. Жүйке тармағы арқылы негізінен вирустар (құтыру) және токсиндер де (сіреспе) таралуы мүмкін.

Қорытынды:

  • Ауруға шалдыққан кезінде организм өзгерудің екі түрі болады: қорғаныс бейімделу реакциясы және патологиялық өзгерістер. Патогендік факторлар ағзаларды зақымдап, патологиялық озгерістер тудырады: ағзалар мен жүйелердің қызметін, қан айналысын, жүйке жүйесінің, эндокринді бездердің қызметін бұзады. Ал орнын толықтыру механизмдері бейімделу реакциялары мен қалпына келтіру факторлары арқылы патологиялық процестерді жойып, организмді қалпына келтіреді.

Пайдаланылған әдебиттер:

  • Х.С. Жұмабеков., К.Ю. Дербышев. (Алматы – 2011)
  • Жануарлар патологиясының негізідері: 5В120100-Ветеринариялық медицина және 5В120200 -Ветеринариялық санитария мамандықтарында оқитын студенттерге арналғаноқу құралы./ А.А.Тегза, А.К.Кунтуған - Қостанай, 2016,178 бет.
  • .Салимов В. А. Практикум по патологической анатомии животных./В. А. Салимов.- М.: Колос, 2003