ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамы:
Ащы жусанның маңызы және қолданылуы:
Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық және физикалық – химиялық көрсеткіштері:
Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық көрсеткіштері
Artemisia Absinthium ащы жусанның физикалық – химиялық көрсеткіштері
Ащы жусанның Artemisia absinthium құрамындағы таниндерді анықтау:
Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы–спиртті сығындысының сапалық құрамын зерттеу:
Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ
Химия және биотехнология кафедрасы
Тақырыбы: Азот және олардың қосылыстары
Білім беру бағдарламасы:
6В01504 Негізгі мектептегі химия және биология (көп тілде білім беру)
Орындаған: ХК201 тобының студенті Талғатұлы Дәурен
Ғылыми жетекші: дәріскер Тлеуова Зере Шарипкызы
Көкшетау – 2023 ж.
Мақсаты мен міндеті:
- Ғылыми – зерттеу жұмысының мақсаты: Artemisia Absinthium ащы жусанының физикалық – химиялық құрамын анықтау.
- Жұмыстың міндеттері:
- – Artemisia Absinthium ащы жусанының органолептикалық көрсеткіштерін анықтау;
- – Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы және сулы–спиртті сығындысының физикалық – химиялық қасиеттерін қарастыру;
- – Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын ЯМР – спектрометрия әдісі арқылы зерттеу.
Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамы:
- Ащы жусанды халық медицинада қолданылады. Бұның себебі ашы жусанның бірегей химиялық құрамы болып табылады. Шөптің емдік қасиеттерін оның табиғи, биологиялық белсенді компоненттерімен байытылғаны түсіндіреді. Жерүсті бөлігінде гүлдену кезеңінде биологиялық белсенді компоненттері ең жоғарғы концентрацияны көрсетеді. Жусан құрамында полисахаридтер, сапониндер, флавоноидтар (артемитин, кверцетин, кемпферол, изорамнетин, апигенин), фитонцидтер, аскорбин қышқылы, шайырлы және иленетін заттар, артемизетин, каротин және органикалық заттар (янтарь қышқылы) да кездеседі. Ащы жусан тамыры көмірсуларға өте бай, соның ішінде инулин көп мөлшерде кездеседі. Кумариндерден скополетин, умбеллиферон де бар.
Ащы жусанның маңызы және қолданылуы:
- Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста, олар ертеден-ақ өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы білген. Солардың бірі – ащы жусан.
- Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Жусанның дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның тұңбасы көбінесе ас қорыту жұмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады. Ащы жусан дәрілік өсімдік, медицинада келесі ауыруларды емдеуге пайдаланылады:
- Қатерлі ісікке қарсы ем, Обырды ащы жусанмен емдеу, Алкогольге тәуелділікті ащы жусанмен емдеу, Жатыр ісігін ащы жусанмен емдеу.
Алу тәсілдері мен жолдары.
- Эфир майы ащы жусанының кептірілген жапырақтары мен гүлдерінен алынады. Эфир майын алу әдісі келесідей сатылардан тұрады: балғын шөпті жинайды, жуады және кептіреді; өсімдікті дөңгелек түпті колбаға орналастырады, оған зәйтүн майын құйып, тығыздап жабады; эфир майын 10 күн тұндырып дайындығын түс бойынша анықтайды. Май қою жасыл немесе меруерт түсті болады
Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық және физикалық – химиялық көрсеткіштері:
Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштері | Нормативті құжат бойынша | Іс жүзінде |
Сыртқы түрі | Гүлді себетше, тілімді сабақты және жапырақ пішіні 1–ден 7–мм | Гүлді себетше, тілімді сабақты, жапырақ пішіні 5–6 мм - дей |
Түсі | Сұр – жасыл, күмістей – сұр | Сұр – жасылдау |
Иісі | Ароматты, ерекше, күшті иісті | Арнайы ерекше күшті иісі бар |
Дәмі | Татымды ащы | Аздап ашылау |
Artemisia Absinthium ащы жусанның физикалық – химиялық көрсеткіштері
Физикалық – химиялық көрсеткіштері | |
Үгіту дәрежесі, мм | 7мм |
Ылғалдығы, % | 13% |
Қоспалар мөлшері (органикалық және минералдық қоспалары) | Бөгде иістері жоқ, көгеру, шірудің байқалмайды |
Ащы жусанның Artemisia absinthium құрамындағы таниндерді анықтау:
№ | Реакция шарттары | Зерттеу нәтижесі | Ескертпе |
1 | 5–6 тамшы сулы сығындыға 1–2 тамшы темір–аммонийлі шайыры қосылды | Ертінді жасыл түске боялды | Оң нәтиже |
2 | 5 мл сулы сығындыға 5–6 тамшы 0,5 %–тік желатин ерітіндісі мен 1 тамшы концентрлі тұз қышқылы қосылды | Ерітіндінің лайлануы байқалды | Оң нәтиже |
№ | Реакция шарттары | Зерттеу нәтижесі | Ескертпе |
3 | 5–6 тамшы сулы сығындыға бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйылды | Ерітіндінің қараюы байқалды | Оң нәтиже |
4 | 5 тамшы сулы сығындыға 1–2 тамшы калий бихроматы ертіндісі қосылды | Ерітіндінің қоңыр түске боялуы байқалды | Оң нәтиже |
5 | 5 мл сулы сығындыны 0,1 Н тұз қышқылымен қышқылдандырып, 3 тамшы 10%–тік қорғасын ацетаты ертіндісі қосылды | Сарғыш түсті тұнба пайда болды | Оң нәтиже |
Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы–спиртті сығындысының сапалық құрамын зерттеу:
№ | Тәжірибенің өту жағдайлары | Зерттеу нәтижесі | Ескертпе |
1 | Сулы–спиртті сығындыға магний жарғақшалары, кейіннен тамшылатып концентрлі хлорсутек қышқылы қосылды | Ертінді қызыл түске боялды | Оң нәтиже |
2 | Сулы–спиртті сығындыға натрий гидрокарбонаты ертіндісі қосылды | Ертінді жасыл–көк түске боялды | Оң нәтиже |
№ | Тәжірибенің өту жағдайлары | Зерттеу нәтижесі | Ескертпе |
3 | Сулы–спиртті сығындыға 1%–дық темір хлориді(ІІІ) қосылды | Ертінді жасыл–қоңыр түске ие болды | Оң нәтиже |
4 | Сулы–спиртті сығындыға бірнеше тамшы 2%–дық алюминийхлоридінің ертіндісі қосылды | Ертіндіде сары–жасыл түс байқалды | Оң нәтиже |
5 | Сулы–спиртті сығындыға бор қышқылының 10%–дық және лимон қышқылының сусыз ацетондағы ертіндісі қосылды | Ертінді сары түске ие болды | Оң нәтиже |
Қорытынды:
- Artemisia Absinthium ащы жусанның зерттеу нәтижелерін талқылау:
- органолептикалық көрсеткіштері нормативті құжаттың талаптарына сәйкес;
- ащы жусанның физикалық – химиялық көрсеткіштері анықталды;
- сулы сығындысының сапалық құрамында органикалық қышқылдар, танин және кумарин, көмірсулар, аскорбин қышқылы бар;
- сулы–спиртті сығындысының сапалық құрамында флавоноидтар, ал қағазды хроматография негізінде сесквитерпенді лактондар анықталды;
- 1Н ЯМР спектрлері негізінде салыстырмалы түрде ащы жусанның сулы және сулы – спиртті сығындысының құрамындағы функционалды топтары – метил, метилен, метокси топтары, ароматты көмірсутектер және флавоноидтар бар екендігі анықталды. Яғни, ЯМР – спектрометрия әдісі арқылы Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын зерттеу оның қолдану аясына сай маңыздылығын ашып көрсете алады.