ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 31.01.2019
Просмотров: 407
Скачиваний: 6
Қазақстандағы президенттік институт туралы
Транзитті
даму кезеңінен өту, қалыпты эволюциялық
жолына түсу мемлекет алдындағы өзінше
күрделі міндеттер болып табылады.
Сонымен
қатар нарықтық экономиканы қалыптастыру,
қоғамдық қатынастардың барлық салаларын
нарықтық экономикаға сәйкестендіру,
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
әлеуметтік – экономикалық қиыншылықтарды
шешу проблемасы – XX ғасырдың 90 жылдарындағы
Қазақстан Республикасының күн тәртібіндегі
ең өзекті мәселе болып табылатын. 1995
жылғы Конституция бойынша «... ортақ
тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан
халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік
құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік
және татулық мұраттарына берілген
бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына
отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта
лайықты орын алуды тілей арқылы, қазіргі
және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары
жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге
ала отырып,...» -деп қоғамның негізгі
бағыты айшықталады. Сонымен қатар,
Конституцияда мемлекеттік биліктің
бірден – бір бастауы – халық деп
көрсетілген. Конституцияның 2 бабында
көрсетілгендей «Қазақстан Республикасы
– президенттік басқару нысанындағы
біртұтас мемлекет» [1, 2 бап]. Басқарудың
президенттік формасы жағдайында
президент халық атынан арнайы өкілдіктерге
ие болады және де билік бөлісі принципі
айқын болса, ол әрі мемлекеттік атқарушы
органның төрағасы болып саналады [2,
199]. Қоғамды саяси қайта - құру кезеңінде
Қазақстандағы парламенттік жүйенің
тиімсіз болуының объективті себептері
де бар. Әдетте, парламенттік жүйе, дамыған
көппартиялық жағдайда тиімділік
танытады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
Қазақстанда көппартиялық саяси жүйе
құру үрдісі әлі де күрделі және қайшылықты
жағдайды бастан кешірді. Бұл құбылыс
осы уақытқа дейін бастапқы сипатында,
қоғамның көп бөлігін қамти алған жоқ.
Әлеуметтік топтардың өзіндік мүдделері
қалыптаспаған. Міне, осындай жағдайда
парламент қызметі тиімділік таныта
алмады, табанды да жүйелі экономикалық
реформаларға ықпалы кем еді. Мұндай
проблемалар парламенттік жүйесі осал
елдердің бәрінде кездесті, сондықтан,
олар белгілі бір уақыт аралығына өз
президенттеріне төтенше өкілдіктер
беріп, қоғамды басқарудың, әсіресе,
әлеуметтік-экономикалық жағдайды
тұрақтандырудың оңтайлы жолдарын тауып,
басқарудың президенттік формасына
көшу, атқарушы билікті күшейту –
модернизация кезеңіндегі тарихи
және саяси заңды кезең болып табылады.
Саяси демократия мен нарықтық
экономиканың құқықтық негіздерін жасау
– бірінші кезектегі аса маңызды міндет
болған шақта, дәл осы президенттік жүйе
ғана мейлінше тиімді екенін уақыт
көрсетті. Парламент болмаған кезде,
мемлекет басшысы жаңа нормативтік негіз
жасай отырып, экономиканы жандандыруға
бағытталған 511 жарлық шығарды, оның
132-сінің заң күші бар. Осылайша, мемлекет
құрылысы мен қоғамдық өмірдің аса
маңызды мәселелері жедел әрі икемді
шешілді. Нақты Отандық ерекшеліктерге
байланыстыра отырып, еліміздегі билік
формасы туралы О. Сүлейменов, сонау 1993
жылдың өзінде-ақ: «Қазақстандағы күшті
Президенттік Республика Нұрсұлтан
Назарбаевтың ерекше тұлғасымен, кәсіби
жағынан жетіле қоймаған Жоғарғы Кеңеспен
және саясат сахнасына көтеріліп келе
жатқан саяси партиялардың әлжуаздығымен
сипатталады», - деген болатын [3].
Өтпелі кезеңде ұлт көсемінің алдында
тұрған мндеттерді зерттеушілер былай
бағамдайды: қоғамды тұтастыру және
бұқараны біріктіру; тиімді саяси
шешімдерді іздеп табу; азаматтарды
бюрократияның заңсыздығы мен бассыздығынан
қорғау; тәртіп сақтау және қылмыстықпен
күресу; азаматтардың биліктен алшақтауына
жол бермеу; жаңашылдық үлгісін көрсету,
келешекке деген үміт отын жағу және
әлеуметтің қуат-күшін арттыруға
жігерлендіру; өтпелі кезеңдегі
реформалардың қажеттігіне жұртшылықты
сендіру және соған жұмылдыру [4, 129].
Қайталап айтатын болсақ, мемлекет
басшысы ретінде жеке тұлғаның ықпалы
– Президенттің қолындағы баға жетпес
құралы болып табылады. Бұл құралды
мемлекеттік саяси басшыларға (үкімет
басшысы мен мүшелері, парламент,
аймақ басшылары т.б.) қатысты да, партия
және қоғам қайраткерлеріне қатысты да
тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Сайланып қойылған саяси көсем, көбінесе
нақты саяси міндеттер мен қолындағы
қорлардың мүкіндігіне қарай ықпал ету
құралдары мен жолдарын өзі таңдайды.
Модернизацияның бастапқы теориясын
жасаушылар оны вестернизациямен,
яғни түбегейлі өзгерістерді басқа
түрмен айырбастау, айталық, батыстың
саяси институттарды қабылдау қажеттігіне
ұқсата түсінген. Бірақ, бұл түсінік
ұзаққа барған жоқ. Батыстың тәжірибесін
сол қалпында көшіріп алып, тұтастай
енгізе салудың дұрыс еместігі мәлім
бола бастады. Осыған орай, шығыс елдерінде
модернизатор ретінде танылып, мемлекеттің
институттық негіздерін түбірінен
өзгертуге кіріскен режимдер баянды
бола алмай, бірінен-соң бірі ыдырай
берді. Өйткені, стратегиялық тұрғыда
модернизация жолын дұрыс таңдағанымен,
олар батыс үлгісіндегі мемлекет
құрсақ, сол батыстағыдай даму дәрежесіне
жетеміз деген теориялық қағиданы
ұстанған еді. Шын мәнінде, нәтиже басқаша
болғанын өмір көрсетті. Мемлекеттік
институттарды модернизациялаумен
қатар, қоғамдық сананы да түбірінен
өзгерту керектігі, әрине жаңартылған
саяси жүйені халық түсініп, қабылдайтындай
жағдайға жету қажеттігі барған сайын
айқындала берді. Жан-жақты негізделген
және жүйелі реформаторлық тұғырнама
болмайынша, қоғамның ұйымшылдығын
нығайтып, оны дағдарыстан алып шығу
мүмкін емес. Мұндай тұғырнама тарихи
кезеңдерде алда тұған міндеттерге сай
келуге тиіс, тарихи кезеңнің мәні мен
мағынасын аша отырып, қоғамдағы әлеуметтік
өзгерістің салдары қандай боларын
алдын-ала болжау арқылы, жүргізілетін
реформалардың басымдылығы мен сипатын
айқындап бере алатындай болуға тиіс.
Тек, осындай-осындай жүйелі, байсалды
қадамдар ғана әлеуметтің басындағы
өзгерістердің баянды болуына
жеткізеді. Әрине, саяси көсемдіктің
ерекшелігі мен сипаты көсемнің жеке
тұлғасына және нақты уақыт талабына
тікелей байланысты. Сонымен бірге,
көсемдікті жүзеге асыру жолдары мен
амалдары, саяси көсемдік құралдарының
қандай екендігі де өте маңызды. Міне,
осылайша көсемдіктің құралдары дегенде,
көсем сол құралдардың көмегімен елдегі
әртүрлі топтардың, партиялар мен
қозғалыстардың мүддесін салмақтай,
ескере отырып жүгізетін құрылымдарды
айтамыз. Бұл жағдайлар қайта қалыптаcу
жолына кейінірек түскен мемлекеттерде
де президент институтының енгізілуіне
себеп болды. Мұның өзі саяси жүйелердің
дамуында әмбебап заңдылық бар екенін
көрсетеді. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев әділ атап
көрсеткендей: президенттік басқарудың
тиімділігі, әсіресе «... реформалар мен
басқа бір қоғамдық жүйеге көшу кезеңінде
байқалады, мұндай кезеңдерде жағдай
тұрақты бола қоймаған, әсіресе жер
аумағы аса кең және көпұлтты мемлекеттерде
айқын сезіледі» [5, 11]. Саяси көсем
ретінде Президенттің қолында оның
мемлекет басшысы тұрғысындағы міндеттерін
жүзеге асыратын ықпалды құралдары
болатыны мәлім. Бұл құралдар, жоғарыда
айтқанымыздай – заңды жария билік
құзіреті, материалдық, қаржылық және
басқа да қорларды жұмсау мүмкіндігі,
мемлекеттік аппарат, көтермелеу және
мәжбүрлеу құралдары, әрине, заң болып
табылады. Бұған қоса, мемлекет басшысының
жеке тұлға ретінде де ықпал ету мүмкіндігі
бар. Бұл орайда көсемнің абыройы де
негізгі ұғымдардың бірі болуға тиіс.
Бұл орайда саяси көсемнің өз қадірін
өзі қалай бағалап, түсінуі; саяси
мінез-құлқына әсер ететін тілек-талаптары
мен құштарлығы, аса маңызды саяси
сенім-ұстанымының жүйесі, саяси шешімдер
қабылдау стилі, басқа адамдармен
қарым-қатынас дағдысы, қауіп-қатерге
шыдамдылығы – жеке тұлғаның ықпалдылығын
анықтайтын ерекше сипаттар болып
табылады. Көбінесе, елде болып жатқан
қандай да бір саяси процестер,
құбылыстар мен оқиғаларды қалың бұқара
саяси көсемнің есімімен байланыстыратыны
сондықтан. Қазақстанда президент
қызметін белгілеу алғашынан-ақ еліміз
дамуының ерекшеліктерімен, нақты саяси
жағдаймен, саяси мүдделердің арасалмағымен
тығыз байланысты болды. Мұның өзі
заңды да еді. Елдің даму сипаты президент
институтының қандай болмағына тікелей
әсер ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп
отыр. Тіпті, басқа елдердегі президент
институтының конституциялық үлгісін
бұлжытпай көшіріп алған жағдайдың
өзінде, оның өзіндік ерекшеліктері
болмай қоймайды. Саяси жүйенің қалыптасуы
мен дамуында президент институтының
маңызы қандай екендігін объективті
түрде талдау үшін елдің тарихи,
ұлттық, мәдени ерекшеліктері сияқты
барлық шарттарды түгел ескеріп отыру
қажеттігі туындайды. Басқарудың
белгілі бір жүйесін, президенттіктің
белгілі бір жүйесін таңдау, әсіресе,
егер бұл таңдау жаңа саяси жүйенің
қалыптасу кезеңінде жүзеге асырылса,
билікті тұрақтандыру және оның тиімділігін
арттыру міндетімен де тікелей байланысты
болады. Президенттің ерекше жағдайын
айқындайтын басқа да маңызды факторлардың
қатарына, елдің осы өзгерістерге дейінгі
даму жағдайы, бұрынғы мемлекеттік
биліктің ұйымдық құрылымы, саяси
күштердің арасалмағы, елдің саяси
мәдениетінің деңгейі қандай болғанын
жатқызамыз. Бұған қоса, кейде басымдық
алып кетуі мүмкін субъективті факторларды
да ескеру қажет. Қазақстанда президент
институты республикамыз бастап кешіп
отырған терең дағдарыс жағдайында
қалыптасты. Және де бұл дағдарыс қоғам
тіршілігінің барлық салаларын, мемлекеттік
басқару жүйесін де қамтиды. Дәстүрлі
экономикалық байланыстардың үзілуі,
кеңестік экономикалық жүйенің түбірімен
ыдырауы халықтың әл-ауқатын төмендетіп,
әлеуметтік шиеленістерді күшейте
бастаған. Ұлтаралық, конфессия аралық
қатынастар мемлекет тарапынан сақтықты
күшейтетін жағдайға келді. Қазақстанның
басына келген нақты жаңа жағдайларда
басқарудың бұрынғы жүйесі әлсіздік
танытты. Коммунистік партия жоғалғаннан
кейін пайда болған шарасыздық пәрменді
мемлекеттік билік жүйесінің ықпалын
қажет етті. Осылайша, өкілетті органдардың
әлжуаздығы, мемлекетті басқарудың нақты
мәселелерін шешуге осалдық танытып
отырғаны, атқарушы түзілімдердің
дәрменсіздігі мен қабілетсіздігі бірден
айқындала бастады. Жоғарғы Кеңестің
қызметі дабыра жиналысқа айналды. Дәл
осы өкілетті биліктің осалдығына
байланысты мемлекеттік органдарды
қайта құру қажеттігі ақиқатқа айналды.
Міне, осындай-осындай нақты тарихи
жағдайда Қазақстанда президенттік
биліктің қажет екендігі, бір жағынан,
әлеуетті, тұрақты мемлекеттік биліктің
артықшылығы мен демократиялық жолмен
халық сайлаған президенттің өміршеңдік
талабынан туындады. Қашан да жаңа
мемлекеттілікті қалыптастыру, мемлекеттік
биліктің жаңа механизмін жасап, оны
мейлінше жетілдіру жолында объективті
де, субъективті де қиыншылықтары көп
жолдан өтуге тура келді. Және де бұл
проблемалардың бір парасы саяси салада,
екіншісі – құқықтық, үшіншісі ұйымдық
салаға тиесілі еді. Президент институтын
орнықтыруда, оның конституциялық
статусын анықтауда көлденеңдейтін
басты мәселе – басқарудың лайықты
формасын таңдау болып табылатынын өмір
көрсетті. Осы форма айқындалса,
президенттіктің нақты үлгісі қандай
болмағы өзінен-өзі көрінеді. «Сондықтан,
жаңа мемлекеттік жүйенің шаңырағын
көтергенде, президенттік немесе
парламенттік басқару формаларының
біреуін таңдау керек болды» [6, 208].
«...нақты ғылымда шешуді қажет ететін
міндеттер болады, сонымен қатар нақты
шешуі мүмкін болмайтын жағдайлар
кездеседі. Сондықтан да мұндай көп
параметрлі міндеттерді шешу үшін алдымен
жақындау керек» [7, 17]. Талдау көрсеткендей,
президенттік институт өзінің бастауын
америкалық саяси жүйеден тартады. Ал
«Президент» термині ерте дүниеден бар,
ол латынның «praesidens» сөзінен шыққан,
тура аудармасында «алдыда отырғандар»
дегенді білдіреді. Ерте дүниеде кіріспе
сөз сөйлегендерді президент деп атаған,
былайша айтқанда, түрлі жиналыстардың,
төрағаларына сондай атау берген» [8,
146]. Тарихи тұрғыдан қарағанда президенттік
институты таяуда ғана пайда болған,
өз дамуында салыстырмалы түрде тарихи
қысқа мерзімді қамтиды. «1995 жыл … Еліміз
қатал дағдарыс аранында тұр. ... біздің
жас мемлекеттілігіміз, біздің мақсаттарымыз
бен идеаларымыз, біздің реформалық
стратегиямыз шыдамдылық тезіне салынды»
[9, 131]. Көпке белгілі, мемлекет басшысы
президент болып табылады. Президенттіктің
демократиялық мәнін көрсететін маңызды
факторлардың бірі оның сайланып
қойылатыны. Осыған байланысты отандық
зерттеуші Ж.А. Мурзалин ең басты ерекше
белгі «биліктің қызмет ету қабілеті...
Президенттің заңдылығы барлық жерде
жалпыхалықтық дауыс беумен айқындалады»
- деп атап көрсетеді [10, 53]. «КСРО да
Президент лауазымын бекіту туралы
мәселе алғаш рет «сталиндік» КСРО
Конституциясын талқылау барысында,
1936 жылы қолға алынған екен. Алайда бұл
ұсынысқа Сталин үзілді-кесілді қарсы
шыққан. Өйткені президентке қарағанда
анағұрлым көп билікті қолына жинақтаған
«халықтар көсемі» үшін мұндай лауазымның
ешқандай саяси мәні жоқ болып
есептелді. 1964 жылы КСРО Конституциясын
даярлау барысында Н.С. Хрущевтің өзі
Президент лауазымын бекітудіұсынды.
Бірақ Н.С. Хрущевтің биліктен кетуімен
конституциялық комиссия КСРО
Конституциясының жобасын мүлде тоқтатты.
Конституциялық комиссия КСРО-ның
«брежневтік» Конституциясын талқылау
барысында Президент лауазымын енгізу
мәселесін тағы да талқылады. Алайда
Президенттік функцияны Жоғарғы
Кеңестің Президиумы тоқтатты, ал мемлекет
басшысының ролін іс жүзінде СОКП ОК Бас
хатшысы атқарды. Президент лаузымын
енгізу туралы мәселе XIX Бүкілодақтық
партия конференциясында, 1988 жылы да
көтерілді, бірақ бұл жолы да ондай
лауазым енгізілмеді» [11, 353-355]. Кеңес
Одағы тараған кезде Қазақстандағы саяси
және экономикалық өмірдің тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін президенттік
басқаруды енгізу қажеттігі туындады.
1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес Қазақ
ССР Президенті лауазымын бекітті және
Парламент сессиясында жасырын
дауыспен Н.Ә. Назарбаев Президент болып
сайланды [12, 585]. Аса ауыр жағдайларда
жинақталған мемлекеттілік құру, саяси
және экономикалық реформалар жүргізу
тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы
білік – білімімізді, қазақстандықтардың
төзімділігін талап еткені сөзсіз. Осы
кезеңде мемлекеттігіміз бен дұрыс
стратегиясын таңдап алудың өміршең
мәні болды. Осы орайда Президенттің
Қазақстан халқына ішкі және сыртқы
саясаттың негізгі бағыттары туралы
бұдан кейінгі жыл сайынғы жолдауы «ұзақ
мерзімді стратегиялық іске асырылуына
берілетін бағаны қамтиды, сондай-ақ
алдағы жылға арналған нақты міндеттерді
айқындайтын болады» - деп Ел президентінің
Қазақстан халқына 2007 жылғы жолдауында
атап өтілді [15, 11]. Тоталитаризмнен
демократияға жылдамырақ, әрі тиімді
өтуге септігін тигізетін саяси шешімдер
қабылдау қажеттігі туды. Осындай кезде
посткеңестік жағдайда және тәуелсіз
Қазақстанның алғашқы жылдарындағы қиын
– қыстау сәтте тоталитаризмнен
демократияға өту үдерісін жүзеге асыру
үшін президент институтының енгізілуі
аса маңызда болды» [13, 47]. Кеңестік жүйеден
капиталистік жүйеге өтуді қамтамасыз
ету Қазақстанда ұлттық мемлекеттілікті
қайта түлету жолындағы аса көп
қиындықтармен, ерекшеліктерімен және
проблемалармен жүзеге асты. Мәселенің
мәні бұл жерде саясатта және
экономикада, әлеуметтік өмірде және
бұқара санасында бейбіт жағдайда
төңкеріс жасауды жетілдіру туралы
болып отыр. Осының бәріне бөлінген
уақыт тым қысқа еді. Осы бес-алты жылда
аз нәрсе атқарылған жоқ, дегенмен,
атқарылуға тиісті көп нәрсе назардан
тыс қалды. Біз өз табыстарымыз бен
кемшіліктерімізді, өз мүмкіндіктеріміз
бен күшіміздің неге қабілетті екенін
жақсы білеміз. Нарық бұрынғыны ғана
емес, халықтың негізгі бұқарасы арасында
ғасырлар бойы әбден қалыптасқан
тіршіліктің тұрақты, дәстүрлі формасын
да бұзып, жаңа қатынастар оратып,
өмірімізге дендеп енді.