ВУЗ: Запорожский институт экономики и информационных технологий
Категория: Рабочая программа
Дисциплина: Маркетинг
Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 727
Скачиваний: 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус
Пән: Әлеуметтану
Пәннің коды: Soc 3108
Мамандығы: Жалпы медицина – 5В130100
Оқу сағатының көлемі - 90
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр
Ақтөбе қ., 2014
Оқытушылар туралы мәліметтер: Тайжанов Алтай Тайжанұлы — философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі, Айтжанова Жанат Ерғалиқызы -аға оқытушы, Шәмші Бауыржан Исаұлы — аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Күміспаев Самат Самидуллаұлы — аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ерғалиев Мирлан Есенғалиұлы-аға оқытушы, Молдин Бекзат Аққонысұлы-оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Құмаров Нұрлан Амангелдіұлы-оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Бекен Сәрсенғалиұлы-оқытушы, Балтымова Айнұр Рашидқызы – оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Сагимбаева Наталья Абдигалиевна-оқытушы
Байланыс ақпараты: ҚР, Ақтөбе қ, Маресьев к. 68, бас ғимарат, Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы, тел. 56-80-62.
Пәннің саясаты: кафедраның жалпы талаптары – білім алушы университет Жарғысы мен ережелерін сақтап, сыртқы киімі мен келбеті лайықты кейіпте болғаны жөн, сабаққа кешікпеуі керек, қоғамдық-этикалық нормаларды сақтай білуі, оқу құралдарының болуы керек.
1.3.1 Оқу процесін ұйымдастыру
Кафедра сабақ кестелеріне сай, факультеттер, курстар мен оқыту формаларына сай оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру процесінің формаларын жетілдіреді. Студенттердің үлгерімінің ағымдағы бақылауын сабақ кестелеріне сай жүргізеді. Пәннің оқу бағдарламасымен білім алушылардың үлгерімін бақылаудың ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кешенді бақылау, үй тапсырмаларының орындалуы және тесттер секілді түрлері анықталған. Білім алушылардың аралық бақылауы оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі. Білім алушылардың білім жетістіктері емтихан сессиясының кезінде пән бойынша емтихандар тапсыру түрінде өткізіледі. Емтиханның өткізілу тәртібі тестілеу немесе ауызша бақылау формасында жүреді. Сабақ кестесін оқу бөлімімен және тіркеу-офисімен бейімдеп, штаттық кестені оқу жылының семестрлеріне бөледі. Студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық формаларымен қамтамасыз етеді. Марат Оспанов атындағы БҚММУ-ң Ғылыми орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасап, практикалық сабақтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер мен студенттердің ҒЗЖ жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызады. Үшінші семестр жүргізу кезінде қосымша білім беру үшін қажетті жағдайлар жасайды.
1.3.2 Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету: Силлабустар, анықтама-жолсеріктер, БАӨЖ және БАОБӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар стиуденттерге кафедрада және кітапханада ұсынылады. Сабақ, кеңес берулер кестелері, ҒСҚ жүргізу кестелері, кафедра қызметкерлерінің жұмыс кестелері кафедраның ақпараттық стенділеріне ілінеді. Білім алушыларды уақтылы хабардар ету мен рейтингтік бағалары туралы ақпарат ОПҚ тарапынан сабақтар кезінде беріледі.
1.3.3 Аудиториялық сабақтар мен БӨЖ жүргізуге қойылатын талаптар: Аудиторялық және аудиториядан тыс сабақтар факультеттер, курстар бойынша, сабақ кестелеріне сай қамтамасыз етілген.
1.3.4 Білім алушыларға қойылатын талаптар: Практикалық сабақтар мен дәрістерге қатысу міндетті түрде. Киім үлгісі ішкі нормативтік талаптарға сай. Айыптық шаралар «Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де білім беру процесін ұйымдастыру туралы ережелерге», 2009» сай жүзеге асырылады. Жіберген сабақтарына өтем жасамаған білім алушылар, аралық бақылау тапсыруға жіберілмейді. өтем жасағаннан кейін білім алушы аралық бақылауға деканаттың рұқсат қағазымен жеке кесте бойынша жіберіледі. өтем жасамаған немесе жіберілу рейтингін ала алмаған білім алушы аталмыш пәннен қорытынды бақылау тапсыруға жіберілмейді.
2.1. Кіріспе. Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімнің ролін арттырады. әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез-келген құбылысты адами тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкілікті конституциялық қағидаларын тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.
2.2. Пәннің мақсаты: Әлеуметтану пәнінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы жоғарғы кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды көздейді. әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.
2.3. Оқытудың міндеттері
-
әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері;
-
әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы;
-
әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы;
-
адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы
-
түсінік беру.
2.4. Оқытудан кейінгі нәтижелер
- қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабары болуы тиіс;
- әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдай алуы қажет;
- тұлға жөнінде, әлеуметтенудің формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабардар болуы тиіс;
- әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін жетік білуі қажет.
2.5.1. Пререквизиттер: бұл пәнді оқып-үйрену барысында студенттер 1 курста Қазақстан тарихы, саясаттану, құқық негіздері, психология жэәне педагогика негіздері пәндерінен алған білімдерін пайдаланып меңгеруін, қоғамдық-гуманитарлық көзқарастарын әрі қарай жетілдіреді.
2.5.2. Шектес пәндер: Әлеуметтану пәнімен қатар оқытылатын философия пәнінен. Жалпы қоғам заңдылықтарын қарастырады.
2.5.3. Постреквизиттер: Әлеуеметтану пәнін оқып игергеннен кейін студенттер алынған білімдерін, экономикалық теория негіздері, қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік медицина пәндерін оқып-үйрену кезінде пайдалана алады.
-
Пәннің қысқаша мазмұны:Әлеуметтану курсында әлеумиеттік ғылымның тарихы баяндалып, қоғамға әлеуметтік жүйе ретінде талдау жасалады. Қоғамның құраушы элементтері ретінде оның құрылымына, әлеуметтік стратификациялық бөлінуге, әлеуметтік институттар мен таптар, топтар, қауымдастықтарға сипаттама жасалады. Сонымен қатар жеке тұлғаға әлеуметтанулық талдау беріледі. Сондай ақ ауытқымалы мінез-құлық, әлеуметтанудың салалары туралы білімдер беріледі.
-
Әлеуметтану пәні бойынша тақырыптық жоспары.
2.7. 1. «Әлеуметтану» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары
(академиялық сағат уақыты 50 минут)
№ |
Дәрістердің тақырыбы |
Сағат саны |
|
1. |
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер құрылымындағы әлеуметтанудың орны.
|
2 |
|
2. |
Әлеуметтану тарихындағы негізгі бағыттар.
|
2 |
|
3. |
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
|
2 |
|
4. |
Әлеуметтік институттар және әлеуметтік процестер.
|
2 |
|
5. |
Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация
|
2 |
|
6. |
Жеке тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамасы
|
2 |
|
7. |
Девиация және әлеуметтік бақылау 1. Тұлғаның девиантты мінез-құлқы ұғымы, оның табиғаты мен типолоиясы. 2. Әлеуметтік бақылау және тұлғаның делинквентті мінез-құлқы. 3. Әлеуметтік бақылаудың әдістері мен органдары. |
2 |
|
8. |
Білім әлеуметтануы 1. Білім әлеуметтік институт және әлеуметтік процесс ретінде. 2. Білім беру институтына әлеуметтанулық талдау. |
2 |
|
9. |
Дін әлеуметтануы.
|
2 |
|
10. |
Экономикалық әлеуметтану
|
2 |
|
11. |
Отбасы әлеуметтануы
|
2 |
|
12. |
Мәдениет әлеуметтануы
|
2 |
|
13. |
Бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтануы
|
2 |
|
14. |
Нақты әлеуметтанулық зерттеулер жүргізудің әдістері мен техникасы
|
2 |
|
15. |
Ақпараттарды өңдеудің әдістемесі мен оның нәтижелерінің анализі. 1. Ақпараттарды техникалық құралдардың көмегімен талдау және қорыту. 2. Мәліметтердің репрезентативтілігі проблемасы. Проблема репрезентативности данных. |
2 |
|
|
Барлығы : |
30 |
2.7. 2. «Әлеуметтану» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
|
1. |
Әлеуметтанудың әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны. 1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі. 2. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы мен деңгейлері. 3. Әлеуметтанудың заңдары, категориялары мен әдістері 4. Әлеуметтанудың қызметтері. Әлеуметтанудың ғылыми мәртебесі мен өзге ғылымдармен байланысы. 5. Әлеуметтік факт және әлеуметтік процесс ұғымдары. |
2 |
|
2. |
Әлеуметтанудың тарихындағы негізгі бағыттар. 1. Әлеуметтанудың пайда болуындағы негізгі кезеңдер. О. Конт – әлеуметтанудың негізін салушы ретінде. 2. Әлемдік әлеуметтанудың институциялануы. Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің теориялары. 3. ХХ ғ. әлеуметтануы. Жаңа тарихи әлеуметтану. 4. Әлеуметтанулық ойдың Ресейдегі дамуы. 5. Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастары. Қазақстандағы әлеуметтанулық ғылымның дамуы. |
2 |
|
3. |
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. 1. «Қоғам» ұғымы. Қоғамның пайда болуы туралы теориялар. 2. Қоғам әлеуметтік детерминизм, функционализм, синергетика тұрғысынан. 3. Әлеуметтік қамуымдастықтардың негізгі түрлері мен әлеуметтік құрылымның элементтері. 4. Қоғамның типологиясы мен олардың критерийлері. |
2 |
|
4 |
Әлеуметтік институттар және әлеуметтік процестер 1. «Әлеуметтік институт» ұғымы, олардың белгілері мен атқаратын қызметтері. 2. Институттардың типологиясы. Әлеуметтік институттардың құрылымы. 3. «Әлеуметтік процесс» ұғымы, олардың түрлері. 4. Әлеуметтік процестердің деңгейлері мен диапазоны. |
2 |
|
5. |
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация 1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері. 2. Әлеуметтік топтар әлеуметтік құрылымның элементтері ретінде, олардың типологиясы. 3. Әлеуметтік стратификация теориясы. Стратификацияның критерийлері, тарихи формалары мен типтері. 4. Әлеуметтік-этникалық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-территориялық, әлеумттік-кәсіби және әлеуметтік құрылымның өзге де түрлері. 5. Қоғам таптық құрылымының; марксистік және орта тап теориялары |
2 |
|
6. |
Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамасы 1. «Алам», «индивид», «тұлға» ұғымдары. Тұлға қоғамдық қатынастардың объектісі және субъектісі ретінде. 2. Қазіргі әлеуметтанулдағы жеке тұлға туралы теориялар. 3. Тұлғаның құрылымы және сапалары. 4. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы, түрлері мен типтері. 5. Әлеуметтенудің кезеңдері мен агенттері. |
2 |
|
7. |
Девиация және әлеуметтік бақылау 1. «Девиантты мінез-құлық» ұғымы. Девиантты мінез-құлықтың негізгі белгілері. 2. Девианттылықтың табиғаты мен тарихи типтері. 3. Ауытқымалы мінез-құлықтың фазалары мен формалары. 4. Әлеуметтік бақылау және делинквентті мінез-құлық ұғымы. Әлеуметтік бақылау әдістері. |
2 |
|
8. |
Білім әлеуметтануы. 1. Білім әлеуметтануының пайда болуы мен оның дамуы. 2. Білім әлеуметтік процесс және әлеуметтік институт ретінде. 3. Білім беруге әлеуметтік институт ретінде талдау. Білім институтының атқаратын қызметтері. 4. Қазіргі Қазақстандағы білім берудің ерекшеліктері мен кезеңдері |
2 |
|
9. |
Дін әлеуметтануы. 1. Дін әлеуметтану ғылымының объектісі ретінде. Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы. 2. Дін әлеуметтік институт және әлеуметтік құбылыс ретінде. 3. Дінге әлеуметтанулық талдау. 4. Діни экстремизм мен терроризм: проблемалары мен шешілу жолдары. 5. Қазақстан поликонфессиялық мемлекет ретінде. |
2 |
|
10. |
Экономикалық әлеуметтану 1. Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы мен оның әлемдік ғылымдағы қалыптасуы. Оның специфкасы мен мәртебесі. 2. Экономикалық әлеуметтанудың атқаратын қызметтері мен міндеттері. 3. Экономикаға әлеуметтік институт және әлеуметтік құбылыс ретінде. |
2 |
|
11. |
Отбасы әлеуметтануы 1. Отбасы мен неке формаларының пайда болуы мен эволюциясы. 2. Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасының құрылымы мен атқаратын қызметтері. 3. Отбасының әлеуметтанулық талдамасы: өмірлік циклы, отбасының бірлігі. 4. Отбасы мен неке формаларының типологиясы. 5. Қазіргі Қазақстандағы отбасы: ерекшеліктері мен дәстүрлері. |
2 |
|
12. |
Мәдениет әлеуметтануы 1. Мәдениеттің әлеуметтанулық анықтамасы мен мәні. 2. Мәдениетке әлеуметтанулық талдау. Мәдениет және әлеуметтену. 3 Мәдениеттің түрлері. Мәдениеттің негізгі типтері мен категориялары. 4 Қазақ мәдениетінің ерекшеліктеріне әлеуметтанулық талдау. |
2 |
|
13. |
Бұқаралық коммуникациялар әлеуметтануы. 1. Бұқаралық коммуникациялар ұғымы. Бұқаралық коммуникациялар әлеуметтануының объектісі, категориялары және міндеттері. 2. Бұқаралық коммуникациялардың әлеуметтік институт ретіндегі атқаратын қызметтері. 3. Бұқаралық коммуникациялардың заңдылықтары мен механизмдері. 4. Бұқаралық коммуникациялардың типологиясы. |
2 |
|
14. |
Нақты әлеуметтанулық зерттеулер. 1. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зертте ұғымы. Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері. 2. Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы. Бағдарламаның әдіснамалық, әдістемелік және процедуралық бөлімдері. 3. Ақпарат жинақтаудың негізгі әдістері, олардың жіктелуі. 4. Іріктеу әдісі және оның түрлері. |
2 |
|
15. |
Ақпаратты өңдеу әдістемесі мен оның нәтижелерін талдау. 1. Ақпаратты техникалық құралдардың көмегімен талдау мен жүйелеу. 2. Алынған мәліметтерге ғылыми сипаттау мен ғылым есеп құрастыру. 3. Түрлі әлеуметтік процестерді әлеуметтанулық зерттеудің ерекшеліктері. 4. Алынған мәліметтердің репрезентативтілік проблемасы. 5. Жүргізілетін зерттеулердің этикалық принциптері мен анонимділігі. |
2 |
|
|
Барлығы : |
30 |
2.8. «Әлеуметтану» пәні бойынша білім алушылардың өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары
№ |
Сабақ тақырыбы |
Сағат саны |
1. |
Қазақ ойшылдарының қоғам мен тұлға дамуына көзқарастары |
2 |
2. |
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері |
4 |
3. |
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы. |
4 |
4. |
Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің объективті және субъективті факторлары |
4 |
5. |
Қазақстандағы білім беру жүйесінің қазіргі заманғы жағдайына әлеуме ттанулық талдау |
4 |
6. |
Дәстүрлі және қазіргі заманғы отбасына салысытрмалы әлеуметтанулық талдау. |
4 |
7. |
Еркін тақырыпқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу. |
8 |
|
Барлығы |
30 |
Білім алушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың жоспары
№ |
БАӨЖ тақырыбы |
Тапсырмалар/ БАӨЖ өткізу формалары |
БАӨЖ бақылау формалары |
орындалу мерзімі |
1. |
Қазақ ойшылдарының қоғам мен тұлға дамуына көзқарастары |
Реферативтік баяндама |
Қараңыз: БАӨЖ жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұқсау |
№ 3 семинар сабағында |
2. |
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері |
Глоссарий құрастыру |
Қараңыз: БАӨЖ жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұқсау |
№ 4 семинар сабағында |
3. |
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы. |
Рангалық кесте құұрастыру |
Қараңыз: БАӨЖ жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұқсау |
№ 6 семинар сабағында |
4. |
Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің объективті және субъективті факторлары |
Шағын эссе, ой толғам |
Қараңыз: БАӨЖ жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұқсау |
№ 7 семинар сабағында |
5. |
Қазақстандағы білім беру жүйесінің қазіргі заманғы жағдайына әлеуметтанулық талдау |
Эсселік элементтері бар мәінжазба немесе презентация |
Қараңыз: БАӨЖ жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұқсау |
№ 9 семинар сабағында |
6. |
Дәстүрлі және қазіргі заманғы отбасына салыстырмалы әлеуметтанулық талдау. |
Салыстырмалы кесте толтыру |
Қараңыз: БАӨЖ жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұқсау |
№ 12 семинар сабағында |
7. |
Еркін тақырыпқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу. |
Шағын әлеуметтік зерттеу жүргізіп, кесте, диаграмма түріндегі презентация |
Қараңыз: БАӨЖ жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұқсау |
№ 15 семинар сабағында немесе № 2 аралық бақылауға |
9. Негізгі және қосымша әдебиеттер:
-
Аймаганбетова О. Х. Кросс-культурное исследование структуры межэтнических отношений/ О. Х. Аймаганбетова. -Алматы: “Нұр-пресс”, 2007. -52,5 Мб.
-
Авурин В.Ф. Общая социология: учебное пособие/ В. Ф. Авурин. - М.: Академический проект, 2003. -496 с.
-
Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану-ғылым// Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы.-Алматы: Абай атындағы АлМУ,2001,№2-71-79 беттер.
-
Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәселеге жалпы көзқарас//Хабаршы. Тарих және саяси әлеуметтік ғылымдар сериясы.-Алматы:АлМУ,2002, №2.104-123 беттер.
-
Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар:теория мен тәжірибе//Хабаршы.Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰГГУ,2004, №1,2.64-82,81-104 бет.
-
Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы; Алаш,2003
-
Балғымбаев А.С. Саясаттану.Оқу құралы-Алматы,2003.302-бет
-
Бөкейханов Ә.Таңдамалы.-А:Қазақ энциклопедиясы,1995.478-бет
-
Воронцов А.В. История социология. ХIХ- начало ХХ века: учебное пособие, В 2-х ч. Ч.2: Русская социология/ А. В. Воронцов, И. А. Громов. - М.: ВЛАдОС, 2005. -477 с.
-
Габдуллина К. Социология : учебник/ К. Габдуллина, Е. Раисов. - Алматы: Нұр-пресс, 2008. -204 с.
-
Габдуллина К.Г. Кұқық социологиясы: окулық’ К. Г. Габдуллина. - Алматьи: Юридическая литература, 2007. -28,4 Мб.
-
Габдуллина К.Г. Социология: учебник/ К. Г. Габдуллина, Е. Р. Раисов. - Алматы: ТОО “Нур-пресс”, 2005. -27,9 Мб.
-
Голенкова З.Т. Общая социология: учебное пособие/ З. Т. Голенкова, М. М. Акулич, В. Н. Кузнецов. - М.: Гардарики, 2005. -474 с.
-
Добреньков В.И. Социологвя: учебник/ В. И. Добреньков, А. И. Кравченко. - М.: ИНФРА- М, 2009. -624 с.
-
Джон Локк.Басқару туралы екі трактат/Ауд.М.Ө.Иманбаев,-Алматы:Раритет,2004.280 бет.
-
Исаев Б.А. Социология в схемах и комментариях: учебное пособие/ Б. А. Исаев. - СП6: Питер, 2009. -224 с.
-
Исаев Б.А. Социология: учебное пособие/ Б. А. Исаев. - СП6: Питер, 2007. -224 с.
-
Каменская Е.Н. Социология: учебное пособие/ Е. Н. Каменская. - М.: Дашков и К, 2005. - 288 с.
-
Қарабаев Ш.К. Әлеумеггану негiздерi: оку құралы/ Ш. К. Қарабаев. -Алматы: Экономика, 2008. -640 6.
-
Козырев Г.И. Социология: 100 вопросов- 100 ответов/ Г. И. Козырев. - М.: ВЛАдОС, 2007 -190 с.
-
Кончанин Т.д. Социология : учебное пособие/ Т. Д. Кончанин, С. Я. Подопригора, С. Н. Яременко. -Ростов н/Д: Феникс, 2001. -480 с.
-
Кравченко А.И. Социология в вопросах и ответах : учебное пособие! А. И. Кравченко. - М.: Проспект, 2003. -240 с.
-
Кравченко А.И. Социология: учебник/ А. И. Кравченко. - М.: Проспект, 2009. -544 с.
-
Кравченко С.А. Социология: учебник/ С. А. Кравченко. - М.: Экзамен, 2007. -526 Мб.
-
Лавриненко В.Н. Исследование социально- экономических и политических процессов: Учебное пособие! В. Н. Лавривенко, Л. М. Путилова. - М.: Вузовский учебник, 2007. -184 с.
-
Мостовая И.В. Зачет по социологии в кармане : учебное пособие/ И. В. Мостовая. -Ростов в/д: Феникс, 1999. -320 с.
-
Мухаев Р.Т. Социология: конспект лекций! Р. Т. Мухаев. - М.: Проспект, 2009. -176 с.
-
Основы социологии: курс лекций, Ч. 1/ ред. : А. Эфендиев. -2-е изд., испр. -М.: Знание, 1994. -192 с.
-
Радугин А.А. Социология: курс лекций/ А. А. Радугин. -3-е изд., перераб. и доп. -М.: Центр, 200 1,2006. -224 с.
-
Рахметов К. Социология : окулык/ К. Рахметов, А. Болатова, З. Исмагамбетова. -Алматы: Олке,2005.-2566.
-
Социология : лекциялар курсы/Ред.Тргынбаев ЭХ. -Алматьи: Бiлiм, 2001. -160 6.
-
Социология: окулық/ ред.: Ә. Нысанбаев. - Алматы, 2009. -222 6.
-
Социология: Основы общей теории: учебное пособие/ред.: А. Ю. Мягков. - М.: Флинта, 2003. -256 с.
-
Социология: учебное пособие! ред.: А. Н. Елсуков. -2-е изд., испр. - Минск: ТетраСистемс, 2000. -544 с.
-
Социология: учебник / ред. Н. Г. Скворцов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Проспект, 2009.- 352 с.