ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Ответы к тестам
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 3369
Скачиваний: 64
А. Мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы
B. Мұрынның кіреберісінің шиқаны
C. Мұрын пердесінің сикозы
D. Мұрын пердесінің төртбұрышты шеміршегінің шығуы
E. Мұрын пердесінің гематомасы
5. Болжама диагнозы?
44 жасар науқас: маңдай аймағының қатты ауырсынуына, құсу, тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік, мұрынның сол жақ жартысынан іріңнің ағуына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, иіс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрыннан сұйықтық ағуы және маңдай тұсының ауырсынуы 10 жыл бойы мазалайды. Соңғы өршуі 2 апта бұрын, тұмаудан кейін басталған. Емхана дәрігерімен ем тағайындалған (маңдай аймағына УВЧ-ы, тамыр тарылтқыш тамшылар және эндоназальды сульфаниламидті препараттар), бірақта нәтижесіз. Соңғы күндер науқастың жалпы жағдайы нашарлап, бас ауруы, құсу, жалпы әлсіздік үдей түскен.
Объективті: жағдайы – орташа ауырлықта. Пульс 58 рет минутына. Дене температурасы – 38,6ºС, тері жамылғысы бозарған. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Психикасы өзгерген: эйфория, көп сөйлейді, сөйлегенде әзілдеп сөйлейді, кейде еденге кіші дәретке отырады. Неврологиялық тексеру кезінде сол жақта Кохановский симптомы және ұстау рефлексі анықталады.
Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты инфильтрацияланған. Сол жақ мұрын жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс. Сол жақ қас үстін пальпациялағанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелерінде өзгерістер анықталмайды. Мұрын қосалқы қуыстарының рентгенограммасында сол жақ маңдай қойнауының гомогенді қараюы және қабырғасының деструкциясы бар-ау деген күмән бар.
A. Полипозды-іріңді гайморит. Самай ми бөлігінің абсцессі
B. Созылмалы іріңді гайморит. Маңдай ми бөлігінің абсцессі
C. Созылмалы іріңді фронтит. Маңдай ми бөлігінің абсцессі
D. Созылмалы іріңді фронтит. Мишық абсцессі
E. Созылмалы іріңді этмоидит
Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін аралық бақылауға
арналған тесттің сұрақтары (І аралбақ)
5 вариант
1. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?
26 жасар науқастың шағымдары: оң жақ мұрын жартысымен тыныс ала алмайды. Бұл жағдай 2 жылдан бері мазалайды. Алғашқысында оң жақ мұрынның тыныс алуы, кейін тыныс шығаруы қиындаған.
Қарағанда: мұрын қуысының кілегейі ісінген, мұрын пердесі сүйек-шеміршек бқлігі оңға қарай ығысқан және іріңді бөлініс бар.
Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысы және торлы сүйектің клеткалары қарайған.
Қарағанда: мұрын-жұтқыншақта оң жақ хоанада орналасқан бозғылт-сұр түзіліс байқалады.
A. Полипозды іріңді гемисинусит
B. Созылмалы іріңді гайморит
C. Оң жоғарғы жақ қуысының ісігі. Созылмалы іріңді фронтит
D. Созылмалы іріңді фронтит
E. Созылмалы іріңді гайморит, этмоидит. Хоанальды полип
2. ЛОР ауруханасының қабылдау бөлімшесіне оң жақ көз қабағының ісіңгендігіне, мұрнының бітелгендігіне, басының ауырғандығына шағымданған 35 жастағы науқас жеткізілді. Анамнезінде созылмалы гаймориті бар. Соңғы өршуі екі жеті бұрын болған, өз бетінше антибиотиктермен, мұрын тамшыларымен емделген. Тексергенде мұрынның шырышты қабаты қызарған, ісіңген, кеуілжірлер ұлғайған, көп мөлшерде ірің ағады. Сол жақ көздің қабағы ісіңген, тартыңқы, терісі қызарған, қозғалғыштығы шектелген. Экзофтальм байқалады. Рентгенограммада сол жақ гаймор қуысының жиекті ісінуімен қатар сұйықтық деңгейі байқалады. Диагноз қойыңыз.
А. Фронтитпен асқынған созылмалы гаймориттің өршуі
B. Сфеноидитпен асқынған созылмалы гаймориттің өршуі
C. Конъюнктивитпен асқынған созылмалы гаймориттің өршуі
D. Көздің периоститімен асқынған созылмалы гаймоиттің өршуі
E. Кавернозды синустың тромбозымен асқынған созылмалы гаймориттің өршуі
3. 25 жастағы науқас сол жақ мұрнымен тыныс алуының қиындағанына және мұрнынан шырышты бөліндінің ағуына шағымданады. Ауырғанына бір жыл болған, нафтизинмен емделгенде ара кідік жеңілдік болады. Сырқат жайында жиналған мәлімет бойынша; бала күнінде мұрнынан соққы алған (әткеншек ойнағанда соққы тиген).
Объективті түрде: Сыртқы мұрынның пішін келбеті өзгермеген. Мұрын қыры ортада. Алдыңғы риноскопиямен қарағанда мұрын қуысының шырышты қабаты ұлғайған. Мұрын пердесі – S тәрізді, сүйекті шеміршекті бөлігі қисайған. Төменгі мұрын кеуілжірінің бос шеті ісіңген, адренализациялауда нашар жиырылады, шырышты бөлінді бар. Мұрынмен демалу қиынырақ?
Сіздің қоятын диагнозыңыз? Ем қолданыңыз?
-
мұрын пердесінің қисаюы
-
гипертрофиялық ринит
-
вазомоторлы ринит
-
операция
-
мұрынға қантамырларын тарылтатын тамшыларды тамызу
A. 1, 2,3, 4
B. 1,2, 4
C. 1, 3, 4, 5
D. 2, 4, 5
E. 2,3, 4, 5
4. Диагноз қойыңыз?
34 жасар науқас шүйде аймағының ауырсынуына, оқтын-оқтын мұрыннан сұйықтықтың ағуына шағымданады. Соңғы 3 жылда қан қасымы жоғары.Терапевт І дәрежелі гипертония ауруын қойған.
Алдыңғы риноскопия: Мұрын қуысының кілегейі аздап ісіңген, төменгі мұрын кеуілжірінің алдыңғы бөлігінде көгілдір дақтар бар. Мұрын жолдары бос, мұрын-жұтқыншақтың артқы қабырғасы еркін көрінеді, мұрынмен тыныс алу қалыпты. Артқы риноскопия өзгеріссіз.
Мұрын маңы қойнауының рентгенограммасында оң жақ маңдай қойнауының ортасында пішіні дөңгелек шекарасы айқын диаметрі 1 см қараю анықталады, түзілістің шеті орбита қабырғасына жетпеген, маңдай-мұрын каналы зақымдалмаған. Бүйір проекциясында түзіліс алдыңғы қабырғасында орналасқан, артқы бөлігіндегі церебральді қабырғасына жетпеген, басқа мұрын маңы қойнауларының құрылымы өзгеріссіз. Басқа мүшелер мен жүйелер жағынан патология анықталмаған.
A. Полипозды-іріңді гемисинусит
B. Созылмалы іріңді гайморит.
C. Вазомотор риниті
D. Созылмалы іріңді фронитит
E. Маңдай қуысының остеомасы
5. Риногенді көз ішілік асқынуды аңықтаңыз
14 жастағы жас өспірім оң жақ көзін ашалмауыны, бастың ауруына, мұрын бітелуіне, әлсіздікке шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, ауру жедел басталған. Аурудың басталуын қатты тонумен байланыстырады. Мұрын бітелуі, іріңді бөліністер, әлсіздік пайда болып, бас ауруы еңкейгенде күшейген, ем тағайындаған, бірақ науқастың жағдайыкүннен күнге нашарлай берген. Оған сол жақ маңдай аймағындағы ауырсынуы қосылып, сол жақ қабақ тез ісе бастаған. Көзі ашылмайды. Ауыр,анына 4 күн.
Объективті: мұрын кілегейі гиперемияланған, кеуілжірлері гипертрофияланған, сол жақ жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс аңықталады.
Рентгенограммада: сол жақ гаймор қуысында гомогенді қараю бар, ал маңдай қуысында сұйықтық деңгейі анықталады. Сол жақ жоғарғы қабақ іскен, терісі гиперемияланған, тіндері аздап қатайған, пальпацияда аздап ауырады. Көз өздігінен ашылмайды. Көз алмасы қозғалысы шектелмеген. Экзофтальм анықталмайды. Конъюктива гиперемияланған.
A. Қабақ абсцессі.
B. Ретробульбарлы абсцесс.
C. Солжақты гемисинусит. Қабақ пен орбитаның реактивті ісінуі.
D. Орбита флегмонасы.
E. Қабырғаның периоститі.