Файл: Шымкент аласы, Абай ауданды сотына Талапкер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Шымкент қаласы, Абай аудандық сотына
Талапкер: Сайдуллаева Дильбар Сакеновнадан

ИИН 910727401433

тел: + 7 775 432 57 97

Адрес: Шымкент қаласы, Абай ауданы,

Жиделі елді мекені, Таубалытас көшесі, 15 үй
Жауапкер: Шымкент қаласы

«Атамекен» медицина орталығы

Шымкент қ., Нұртас к-сі,

Қаратау ауданы, Құлагер көшесі, 194
Арыз

 

04.04.2018 жылы Жексенбаев Ерлан Сериккалиевичпен арамыздағы неке заңды бұзылған. Кәмелетке толмаған Серікқали Шұғыла Ерланқызы 13.03.2013 жылы туылған және Серікқали Аян Ерланұлы 12.01.2016 жылы туылған ортақ балаларымыз бар.

№5110-17-00-2/8794 15.12.2017 жылы сот шешімі бойынша Жексенбаевтың ай сайынғы табыс көзінен 1/3 бөлігін алимент өндірілсін делінген.

Жексенбаев алимент мөлшерін азайту туралы талап арызы №5266-22-00-2/69 04.05.2022 жыл Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша қанағаттандылудан бас тартылған.

2021 жылдың қараша айына дейін алимент уақытылы есеп шотыма түсіп тұрған еді.

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Жексенбаев жұмыс орнын ауыстырды. Қазіргі таңда Шымкент қаласы «Атамекен» медицина орталығында жұмыс жасайды.

«Атамекен» медицина орталығы менің есеп шотыма бүгінгі күнге дейін ешқандай ақша аудармады. Сот шешімі орындалмай жатыр. Жұмыс орны сот орындаушының талаптарына бас тарту хатын жіберуде. Бухгалтеріне барсам сот орындаушыны кіналайды, сот орындаушыға барсам бухгалтериясын кіналайды. Екі жақтан да бір шешім шығарып берер деп күткен едім. Еш нәтиже жоқ. Жауапкер Ленгір қаласында тұратындықтан ісіміз сол Ленгірде болатын. Енді келіп сот орындаушы менің ісімді Шымкент қаласына жіберіп жіберген. 

Екі балам да мектепте оқиды. Үлкені 4 клас, кішісі биыл мектепке барады.

Қазіргі таңда қыркүйек айына балаларымды сабаққа дайындауға қиналып жатырмын. Балаларым мектепке дайын емес.

Сондықтан да өздеріңіз шығарып берген шешімнің орындалуына ықпал етсеңіздер деген өтінішім бар.

Болмаса бұл шешімнің орындалуын кімнен талап ететінімді түсіндіріп берсеңіздер екен.
Тіркеледі 10 парақ:

  1. Жеке куәлік көшірмесі

  2. №5110-17-00-2/8794 15.12.2017 жылы сот шешімі көшірмесі

  3. №5266-22-00-2/69 04.05.2022 жыл Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі көшірмесі

  4. Сот орындаушының «Атамекен» медицина орталығна хаты көшірмесі


Арыз иесі Сайдуллаева Д.С. ____________

22.08.2022