Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 1321

Скачиваний: 83

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

РМҚК МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ







КАФЕДРА: Ішкі аурулар пропедевтикасы

ФАКУЛЬТЕТ: Жалпы медицина







АУРУ ТАРИХЫ







НАУҚАСТЫҢ АТЫ-ЖӨНІ: Ахметова Тоғжан Көшербайқызы







ОРЫНДАҒАН: __________________________

ТЕКСЕРГЕН: __________________________







АҚТӨБЕ, 2013 ЖЫЛ









ПАСПОРТТЫҚ БӨЛІМ



Аурудың аты-жөні: Ахметова Тоғжан Көшербайқызы

Жасы: 57

Жынысы: әйел

Ұлты: қазақ

Білімі: орта

Мамандығы: технолог

Қызмет бабы мен жұмыс орны: зейнеткер

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Қарғалы селосы

Клиникаға түскен уақыты: 17.02.2013

Жолдама беруші: жедел жәрдем

Клиникаға түскендегі болжам диагнозы: Он екі елі ішек жарасы













НАУҚАСТЫҢ АУРУХАНАҒА ТҮСКЕНДЕГІ ШАҒЫМДАРЫ



Негізгі шағымдары: Эпигастральды аймақтың ауырсынуы, кекіруге шағымданады. Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін 20-30мин соң пайда болады. Үлкен дәреттің бұзылуына шағымданады.

Қосымша шағымдар: әлсіздік, жүрек айну, құсу, тбеттің бұзылуы































ОСЫ ШАҚ АУРУ ТАРИХЫ (ANAMNESIS MORBI)



Науқас өзін 2001 жылдан бастап, 45 жасынан аурумын деп санайды. Тамақ ішкеннен біраз уақыттан соң жүрек айну, ауырлық сезімі болған. Эпигастральды аймақта ауырсыну сезімі пайда болған. Аудандық ауруханаға көрініп, ФГДС-ке жолдама алған, нәтижесінде гастрит диагнозын қойған. Аудандық ауруханада емделіп, церукал, но-шпа, метацин қабылдаған. Бұдан кейін жағдайы біраз жақсарған.

2002 жылы кенеттен сол жақ қабырғаастында жүрек және бел аймағына тарайтын ұстамалы ауырсыну пайда болған. Бас ауру, әлсіздік орын алған. Содан кейін облыстық ауруханаға түскен. ФГДС тексеруден откен кезде d= 12мм он екі елі ішек жарасы анықталған. Вентер, метацин дәрілері тағайындалған. Емделгеннен кейін жағдайы аздап жақсарған, тек тамақтан 20мин соң болатын эпигастральды аймақтағы аздаған ауырсыну болған.

2010 жылдан бастап жүрек айну, бас ауру қайта басталған. Бірақ өз бетімен денол, ранидин қабылдаған.

2013 жылдың қаңтар айында, қатты стресстен (анасының өлімі) кейін эпигастральды аймақтағы қатты ауру басталған. Тамақтан, әсіресе майлы тамақтан 15-20 мин соң ауырсыну басталып, құсудан кейін аздап жақсаратын болған.

Науқас ақпан айының 17 күні ауруханаға жедел жәрдеммен түскен.



















АУРУДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ (ANAMNESIS VITAE)



Науқас Ахметова Тоғжан Көшербайқызы 1956 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қарғалы селосында орта мектепті бітірген. Жасына сәйкес өсіп, дамыған. Жанұясымен бірге тұрады. 2 қызы(екеуі де гастритпен ауырады) 2 ұлы бар. Алғашында бастауыш сынып мұғалімі, кейін технолог болып жұмыс істеген. Тамақты уақытында күнделікті қабылдайды.(диета сақтайды)

Өзінде және туысқандарында туберкулез, Боткин ауруы, венерологиялық аурулар болмаған. Антибиотиктерге аллергиясы жоқ.

22 жасынан тұрмыста. Етеккірі 15 жасынан басталған, тұрақты. Жүктілік – 4, босану – 4. Жүктілік қалыпты өткен, жүктілікті тоқтатуға ешқандай қауіптілік болмаған. Менопауза 48 жасында болған.


1997 жылы аппендэктомия жасалған.

Зиянды әдеттері жоқ.





















ЖАЛПЫ ҚАРАУ

АУРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ:

Науқастың сана – сезімі айқын. Төсектегі қалпы активті. Конституциясы нормостеникалық.

Бойы: 164см.

Салмағы: 60кг

Дене температурасы: 36,7

Пульс жиілігі: 42

АҚҚ: 120/80 мм с.б.

Терінің түсі ағарған, таза, тургоры сақталған

Тырнақтары деформацияланбаған, сынғыш келген.

Көздің төменгі кілегей қабығы ағарған.

Пигментация, бөртпе, геморрагия, тыртық, ойық, жаралар байқалмайды. Лимфа бездерінің үлкеюі байқалмайды.

















МҮШЕЛЕП ҚАРАУ:

Басты қарау – шаштың ішінде тыртықтар, жаралар, ісіктер жоқ. Бетті қарау – жаралар, ісінулер, ойықтар жоқ. Бет терісінің түсі күлгін қызғылт.

Мұрынды қарау – қан кету, қызғылт рең тарту, ұсақ тамырлардың кеңеюі байқалмайды.

Ауыз қуысын қарау – ауыз ішінде бөртпелер, ісіктер жоқ.

Құлақты қарау –көгерулер жоқ.

Көздерді қарау – көздің белокты және кілегейлі қабығының сарғаюы байқалмайды, қабақтардың ісінуі байқалмайды.

Мойынды қарау – тыртықтар, жаралар жоқ.

Кеудені қарау – жаралар, бөртпелер жоқ.

Бұлшықеттер жүйесін қарау – сезімталдығы бұзылған, ауырсынулар бар.

Қол-аяқты қарау – қолда қасылған іздер, жаралар жоқ. Аяқтарында варикозды кеңеюлер, тыртықтар байқалмайды.















АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

Ішті қарау:

Іштің түрі қалыпты, мөлшері орташа, симметриялы, тыныс алуға қатысады, көзге көрінетін іштегі перистальтикалық және антиперистальтикалық қозғалыстар ырғақты, тері асты веналар анастамозы көрінбейді

Іш пальпациясы:

Эпигастрий аймағында ауырғандық және іштің алдыңғы қабырға бұлшық етінің қатаюы байқалады. Ауыратын нүкте аралық сызықтың оң жағында анықталады.

Іш перкуссиясы:

Ішті перкуссия жасаған кезде Іш қуысында асцит, ісік белгілері жоқ. Жай перкуссияны қолдана отырып, асқазанның жоғарғы және төменгі шекаралары анықталды. Ішектің үстінен перкуторлы тынық дыбыс естіледі.

Тыңдаған кезде қозғалыс шуы естіледі. Асқазанның төменгі шегі кіндіктен 2 см жоғары. Ішек перистальтикасының шуы естілмеді.