Файл: 18981909 жылдары Семейде приход, орысаза мектептерінде, гимназияда оыды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ғаббасов Халел (Халиулла) Ахметжанұлы – (1888 ж. Семей облысы Семей уезі Шаған болысы – 1931, Мәскеу) – Алаш қозғалысының қайраткері.

1898-1909 жылдары Семейде приход, орыс-қазақ мектептерінде, гимназияда оқыды;

1910 жылға дейін Сейтен болысында мұғалім болып қызмет атқарған;

1911-1916 жылы аралығы Мәскеу университетінің физика-математика факультетіне білім алған;

1915-1917 жылдары Орталық ұсақ кредит басқармасының Семей қаласындағы бөлімшесінде есепші, Мемлекеттік банктің Семей облыстық бөлімшесінде инспектор қызметтерін атқарған;

1917 жылы Семей облыстық Қазақ комитеті төрағасының орынбасары, облыстық земство басқармасының мүшесі;

1917-1919 жылдары «Сарыарқа» газетінің редакторы болған;

Х.Ғаббасов ІІ Жалпықазақ сиезінде Алаш милициясын құру туралы баяндама жасайды.

1918 жылы қаңтардан Семей облыстық жер басқармасы төрағасының орынбасары қызметінде болады.

1918 ж. 20 наурызда Алашорда үкіметінің тапсыруымен телеграф арқылы И.В.Сталинмен тікелей байланысқа шығып, қазақ автономиясын құру туралы сөйлеседі. Онда ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті. Кеңес үкіметі тұсында білімін, қайрат-жігерін қазақ халқының мүддесіне бағыттады.

1921-1923 жылдары Халел Ахметжанұлы Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің жанынан Ақмола және Семей облыстарын қабылдап алу үшін құрылған төтенше комиссияның мүшесі, губерниялық атқару комитеті жер бөлімінің меңгерушісі болды.

1920 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болды.  

1924-1925 жылдары ол Жаңа-Семей (Алаш) ауданында ауылшаруашылық одағында қызмет атқара жүріп, қоғамдық-мәдени шараларға қызу араласты.

1930 жылы Халел Ғаббасов сол кездегі қазақтын астанасы Қызылордада мемлекеттік мекемеде қызмет істеп жүрген жерінен Шыңғыстаудағы ағайын-туыстарына демалысқа келгенде «халықты қарулы көтерліске үндеді, ағылшын барлауына құпия мәліметтерді беріп, астыртын байланыс жасады» деген жаламен тұтқындалып, қамауға алынды. Ақыры, ол небәрі 43 жасында Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының «үштігінің» қаулысы бойынша «халық жауы» ретінде айыпталып, 1931 жылғы сәуірдегі шешімімен өлім жазасына кесілді. Шешім Мәскеу түрмесінде жүзеге асырылды. Ал 1988 жылы ісінде қылмыстық нышан болмағандықтан ақталды.

1988 ж. 4 қарашада ҚазССР-і Жоғарғы сотының шешімі бойынша қылмыстық ісі болмауы себепті ақталды.