Файл: Педагогті Т. А.. (болан жадайда).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Кенесова Г.М.



Күні:

19.05.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Жастар есірткіге қарсы

Мақсаттары

 Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек  өмірлеріне келтірер кесапаты  туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.

Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты  өмір   сүруге тәрбиелеу.  Нашақорлықтың алдын алу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының
әрекеті


Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық тренинг:   «Мен өзіме сенемін!»

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!

Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң  адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай,  жаны мен тәні  кіршіксіз таза , танымдық  белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген  ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.

Олай болса, біз  «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек.

Оқушылардың  арасында   жағымды орта,  көңіл- күй  қалыптастыру
Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру және «Темекінің», «Ішімдіктің», «Нашақорлықтың», адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, сыныпты безендіру
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
    І Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел.   Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамдардың өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем.
 Шылым құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар. Дүние жүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызыуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдарымен, асқазан қабығының нәзік жасушыларын күйдіреді.




презентация

Сабақтың ортасы

«Бәйге»

сұрақтар беріледі. Сұраққа жауап дайындауға 2 минут беріледі.

1-сұрақ:  Жасөспірімдер  арасында  шылым  шегушілік  туралы не айтасыз?  

Шылым  шегуді қоюға бола ма?

2-сұрақ: Адам денсаулығына ең қажетті зат не деп ойлайсыңдар?

3-сұрақ: Алкаголь ем бе, әлдекімдер айтқандай жүрек ауруына пайдалы ма?

Ойларын орта ға салады, сұрақтарға жауап береді




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

 «Көкпар тарту»  Мақал-мәтел жарысы.

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік.

1Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2.Шылымқор өзін ғана емес, (Өзгелерді де улайды)
3.Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

4.Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

5.Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)

6Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

7.Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

8.Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)

9.Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

10.Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

11.Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

12.Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)




презентация




«Сарықобда орта мектебі» КММ

«Жастар есірткіге қарсы!»

11 «А» сынып

(тәрбие сағаты)

2022 – 2023 оқу жылы




Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Кенесова Г.М.



Күні:

28.04.2023

Сынып: 11 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»

1 мамыр – Ел бірлігі

Мақсаттары

 Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының
әрекеті


Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

(1 мамырға арналған видео-көрініс)

Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, студенттер, бүгінгі шараға қатысушылар! 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!»- атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Монолог

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан ...» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұнің да Отаны болғаныма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны – ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Міне, тыңдарман қауым сөзімнің соңын мына бір өлең жолымен қорытындылаймын.

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!





презентация

Сабақтың ортасы

«Сергіту сәті»
-Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрайық

«Дәйек сөз»

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.
Ынтымақ деген таулық, достық,бірілік
Жер бетіндегі халық бір- бірімен дос,туыс, бауыр
Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.

Ойларын орта ға салады.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

«Туған еліме тілегім»
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл, күн, көгершін және шаңырақ суреттерін үлестірмелі түрде тастайды. Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы және ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар стикерлерге пікірлерін жазады




презентация



«Сарықобда орта мектебі» КММ

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»

1 мамыр – Ел бірлігі

11 «А» сынып

(тәрбие сағаты)

2022 – 2023 оқу жылы