Файл: 10655 членов партии amanat, работающие в разных сферах отрасли города. Из них 2503 .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
, где непосредственное участие с выдвижением кандидата от партии примет аппарат городского филиала партии.
В связи с проводимой работой по оптимизации территориальных филиалов партии прошу Вас принять во внимание вышеизложенную
Құрметті Бекзат Қомарұлы!
Балқаш қаласында "AMANAT" партиясының 10655 мүшесі бар, оның ішінде:
-2503 партия мүшесі Балқаш қалалық филиалында тіркелген, олардың негізгі құрамы бюджеттік ұйымдарда, жекеменшік және коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейді.
- 8152 адам "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің Балқаш алаңы бойынша құрылымдық кәсіпорындарында жұмыс істейді, алайда олар Ұлытау облысының Жеказған қаласында орналасқан Корпорация жанындағы партия филиалында тіркелген.
Корпорация филиалының орналасқан жерінің қашықтығын ескере отырып, Балқаш қаласындағы партиялық жұмыстың ұйымдастырушылық және идеологиялық бағытын Балқаш қалалық филиалының аппараты атқарады.
Аппараттың 01.06.2023 жылғы жағдай бойынша штаттық саны– 2 адам( партия филиалының төрағасы және консультант).
Партияның қалалық филиалының аппараты өзінің жарғылық қызметінде партия мүшелерін есепке алу мен олардың қозғалысын реттеп отыру, партиялық жарналарды уақтылы төлеуді ұйымдастыру, партия ғимаратындағы бос бөлмелерді жалға беру сияқты жұмыстарды ұйымдастырумен қатар басты назарды партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын және партиялық жобаларды іске асыруға бағыттайды және партияның депутаттық фракциясының жұмысын үйлестіреді.
Сонымен қатар, Қоғамдық бөлмелерге келіп түскен азаматтардың өтініштері бойынша туындаған мәселелердің дер кезінде сапалы қарастырылуын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы партияның қызметін жариялау жұмыстарын жүргізеді.
Алайда, саны 10 мыңнан асатын партия мүшесі бар қалада аталған партиялық міндеттерді атқару 2 штаттық қызметкерге жүктелгенін айта кеткен жөн.
Айта кететін жәйт, филиалдың партиялық қызметі тек қала аумағында ғана емес, сонымен қатар көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылатын қала маңындағы кенттерде де жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған Саяқ кенті әкімін сайлау науқанында да партияның қалалық филиалының аппараты партия атынан кандидат ұсынуды ұйымдастырып, сайлау барысына тікелей қатысады.
Осы атылған жағдайды назарға алып, партияның аумақтық филиалдарын оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты штат бірліктерінің сандық құрамын қайта қарауыңызды сұраймын.