Файл: Оушыларды жас ерекшелік психологиясы пніні масат, міндеттері мен зерттеу дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Оқушылардың жас ерекшелік психологиясы пәнінің мақсат, міндеттері мен зерттеу әдістері.
.Тәрбие және оқытуда жас ерекшелігі және даму психологиялық мазмұнына кіреді. Тәрбие баланың мінез-құлқына және жеке адам болып қалыптасуына мақсатты бағытталған, ұйымдасқан процесс болса, ал оқыту процесінің негізгі міндеті, бұл баланың жеке қабілеттіліктерінің дамуын қадағалау болып табылады. Тәрбие мен оқыту әртүрлі қызмет атқарғанмен, бірақ оларды бөліп қарауға болмайды, өйткені бұлар педагогикалық іс-әрекеттің бірікен өзара тығыз байланысты жағын көрсетеді және бұлардың практика жүзінде бірге болып, нәтижесі бөлек болуы мүмкін емес. Сөйтіп біз әрқашанда тәрбие мен оқыту пройестерін бір мезгілде өткіземіз.
Адамды тәрбиелеу, оқыту мәселесі мен филасофия, социология, тарих, педагогика, психология ғылымдары айналысады. Философия тәрбие, оқыту процесі тек адамда адамдық қасиеттерді қалыптастырумен, оның ұжымдағы жүйесін анықтайды. Социологиялық аспектілер тәрбиешілік және оқытушылық функцияларды атқаратын әртүрлі топтар мен институттардың қалыпатасуы және олардың мақсаттарын, мазмұндарын және әр тарихи кезеңдердегі оқыту мен тәрбие әдістерін қарастыру болып табылады. Әрине педагогика мен психология оқыту және тәрбие проблематикасын терең және жан-жақты зерттейтін ғылым салаларының бірі. Педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын, мәселелерін, олардың әдістерін және практика қалай жүзеге асуын қарастырады.Психологтар ерекше көңілдерін оқыту мен тәрбие процестерін зерттеу кезінде тәрбиелік әсері бар оқу пәндеріне бөледі. Оларды тек оқыту мен тәрбиелеу барысындағы балаларды дамытушы эффектісі ғана қызықтырады.Ал оқыушының жеке адам болуы, мұғалімнің, тәрбиешінің индивидуалдық психологиялық ерекшеліктерін, мұғалім – тәрбиеші – оқушы арасындағы өзара қарым- қатынасты педагогика емес, бұл педагогикалық психологияның сферасына кіретін мәселелер мен міндеттер болып табылады. Ол балаларды, тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық аспектісімен таныс, психологтар ғана зерттейді.Жас ерекшелігі және даму психологияның ең маңызды зерттеу облысының бірі – мұғалім психологиясы. Балалардың жақсы оқып, олардың жеке индивидуалдық дамуына әсер ету үшін, ұстаздың жалпы және спецификалық кәсіптік қасиеттері болуы қажет, соны зерттеу. Бұл жағдайда педагогтардың жоғарғы оқу орындарында арнайы психологиялық даярлықтан қалай өтті және ата – аналар мен мектеп ұжымының басшылығының психолого – педагогикалық жүесінің атқаратын ролі маңызды болып келеді. Сондықтан психолог – педагогты кәсіптік даярлықтан өтуі, оның кейінірек педагогикалық ұжымды басқаруына жоғарыла бастаса, оларды басару негізіндегі психологиялық білім алуы аса қажет.Балаларды оқыту мен тәрбиелеу психологиясында бірқатар шешілмеген мәселелердің теориялық және практикалық мәндері бар.Оның ең маңыздысы бала өмірінің сензитивті кезеңінің дамцуына байланысты табу (нахождение) проблемасы. Бұл мәселенің шешілмегенділігі: біріншіден баланың индивидуалдылығы мен интеллект дамуның барлық сензитивті кезеңдері бізге белгісіз (олардың басталуы, ұзақтығы, және соңы): екіншіден әр баланың сензитивті кезеңі өмірінде әртүрлі индивидуалды өзіндік бейнелерді, әртүрлі уақытта басталып өтеді. Ең қиыны бұл сензитивті кезеңнің мерзімін нақты анықтау және баланың психологиялық қажеттерін кешенді анықтау қиынға түседі. Бұл комплекстің қай сензитивті периодта өтуі де белгісіз. Балаларды индивидуалды зерттеу барысында, дамудың әр түрлі сензитивті кезеңдерінің басталуын анықтауды үйрену қажет. Жас ерекшелігі және даму психологияда қазіргі кезеңде бұл сұрақтарға қанағаттанатындай жауаптар жоқ.
2. Жас ерекшелік психологияның басқа ғылымдармен байланысы
Психология ғылымының бір саласы бола отырып, педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады. Психологиялық-педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мысалы , жас ерекшелік психологиясындағы бақылаулар, көбіне бала психикасының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеу сипатына күнделікті жазу түрінде болады. Француздардың белгілі марксист – псиголог А.Валлон 1952 жылы : “Білімнің түрлі саласында эксперимент қарапайым бақылауды ығыстырып отыратын болса, психолгияның көпшілік бөлімдерінде бақылаудың рөлі басымырақ болып қала береді... Балалар психологиясы, былайша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясы тек қана бақылауға негізделеді.”. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксперименттің рөлі
айтарлықтай өсті. Психологиялық-недагогикалық зерттеулерде пайдалануының жиілігі жағынан лабораториялық эксперимент баланы зерттеуде жетекші рөл алып жүрген табиғи экспериментке ғана жол береді. Оқу тәрбие процесі жағдайында жүргізілетін табиғи эксперимент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерімен жеке ащдам арасындағы қатыастарды тәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлуметтік ұйымдастырылған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Елімізде педагогикалық-психология үшін табиғи эксперименттің ерекше түрі- қалыптастыру экспериментті өте маңызды болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың іс әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің (педагог рөлін атқаратын) сыналушыға (оқушыға) белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады. Мысалы бастауыш мектеп жасында абстрактылы ұғымдарды меңгеру мүмкіндігін дәлелдейтін деректер бірсыпыра оқыту эксперименттін жүргізу нәти жесінде алынады. Психологиялық-
педагогикалық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі- егіздер әдісі деп аталынады.Оның мәні- бір жұмыртқадан өрбіген егіздер дің психикалық дамуын бақылаулар мен экспери мент жағдайларында салыстырып көру.Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бір деңгейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынын болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді.Зерттеуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Бірнеше қайталанылатын мұндай кесулер бірқатар сыналушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы, елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде жылдар бойы) зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталынады. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы өзіне бақылау мен эксперименттің
және олардың өзертіліп пайдалынылған(әңгіме, іс-әрекет нәтижесін талдау, тесттер т.б) барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылау зерттеу методикаларын кең қолданады. Нақтылы психологиялық методикалардың молдығы мен сан алуандылығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының күрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді. Оқушының даралығы ерекшеліктеріне қабылдау ойлау өзгешеліктері жеке адам бойындағы мінез, темперамент, қабылдау, секілді қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының табиғатының негізін құрайды. Дербес қабілеттің дамуы жеке адамдардың табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты.