Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16562
Скачиваний: 27
Сөйлеу қызметін қалпына келтіру үшін миогимнастика
Сөйлеу патологиясының органикалық себептерін жойғаннан кейін сөйлеуді қалпына келтіру үшін миогимнастикалық жаттығуларды көбінесе логопед ұйымдастырады. Көбінесе тілдің бұлшықеттерін сергітетін жаттығулар қолданылады.
Трейнер көмегімен миогимнастика
Аралас тістесуі бар балаларда жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің тонусын қалпына келтіру үшін стандартты әмбебап эластикалық екі жақты функциональды аппараттар – преортодонтиялық трейнерлер қолданылады (сур. 7.3). Тістер үшін тереңдеулер төменгі жақты жоғарғымен дұрыс қатынаста орнатуға мүмкіндік береді, «тілшік» тілдің ұшына дұрыс орналасуын көрсетеді және оны белсенді жаттықтырады, шектегіштер тілдің бүйірлік ығысуын алдын-алады, ерін бамперлерінің сыртқы беткейіндегі жұмсақ тікенектері гиперактивті еріндердің тонусын төмендетеді. Аппаратты ең кем дегенде күндіз бір сағат және түнгі ұйқы кезінде, 6-8 ай мерзімінде киеді.
Сур. 7.3. Жақ-бет аймағы қызметтерін қалпына келтіру және оральды әдеттерді жою үшін преортодонтиялық трейнер (Myofuctional research CO).
Миогимнастика сабағын ұйымдастыру және құрылымы
Миогимнастиканы өткізудің мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім, нақты жаттығулар мен олардың орындалу тәртібін таңдау стоматологтың міндеті болып табылады. Миогимнастика жеке және топтық деңгейде ұйымдастырылуы мүмкін.
Жеке деңгейде сабақтар стоматологиялық кабинетте дәрігермен, ассистентпен және гигиенистпен, сонымен қатар баланың алдын-ала үйретілген ата-анасының бақылауымен және қатысуымен үй жағдайында өткізілуі мүмкін.
Миогимнастика бойынша сабақты өткізудің топтық түрі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін негізгі болып табылады. Стоматологиялық тексерудің мәліметтері негізінде анықталған функциональды патологияның белгісі бойынша балалар топтарын (10-12 адамнан жоғары емес) қалыптастырады: а) тыныс алу бұзылысы бар балалар тобы, б) жұтыну мен шайнау бұзылысы бар балалар тобы, в) сөйлеу бұзылысы бар балалар тобы. Топтық деңгейде сабақты өткізу үшін емдік дене шынықтырудың нұсқаушыларын, логопедтерді, стоматологиялық емханалар мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің медбикелерін, кіші мектептің мұғалімдерін тартады.
Миогимнастиканың әрбір сабағы мен курсының мазмұны және құрылымы тұтас алғанда мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың негізгі ережелеріне сәйкес келуі қажет:
-
көрнекілік («өзіне» жаттығуларды көрсету);
-
қол жетерлік (бала жасына бірдей ауырлықта жаттығуларды таңдау, ойын түрінде түсіндіру);
-
біртіндеушілік (жаттығулар ауырлығын және күштің қарқындылығын біртіндеп жоғарылату);
-
жүйелілік (3 айдан төмен емес жалғасатын ұсынылған курс мерзімінде жаттығулардың толық жиынтығын күнделікті орындау)
Сабақтың музыкалық сүйемелденуі физикалық жаттығудың әсерін жоғарылатады және шаршаудың басталуын алшақтатады қашықтатадыалыстатад
Сабақ үш бөлімнен тұрады: ! – кіріспе, ІІ – негізгі, ІІІ – қорытынды.
Кіріспе бөлімі емдік-гимнастикалық жаттығуларды келесі орындауға баланы дайындау үшін тағайындалады: балаларды жұмылдыру, олардың назарын ұйымдастыру. Кіріпе бөлімі ойын жаттығуларынан («қояндар секіреді», «құстар қанаттарымен қағады») және толық кеуделік және құрсақтық тыныс алуды жаттықтыру үшін жаттығулардан тұрады.
Негізгі бөлімде жақ-бет аймағының қандай да бір бұлшықеттер тобын жаттықтыру үшін жаттығулар орындалады. Қарқынды, күрделі жаттығулар қарапайым ойын тапсырмаларымен кезектесуі қажет.
Сабақтың қорытынды бөлімі гимнастикадан балалардың басқа сабақтарына біртіндеп өтуін қамтамасыз ету үшін тағайындалады. Бұл бөлімде тыныс алу және ойын жаттығуларын орындайды.