Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16560

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

14) тістерді жоғалту жағдайларының санын төмендету: жасөспірімдерде барлық тістерді және толық тіссіз≤1% үлесі кезінде 35-44 жастағы адамдарда 20 қызмет ететін тістерді сақтау, қарт адамдардың ≥90%-ында табиғи тістерді сақтау және бұл жастағы адамдардың 90%-ын функциональды толық табиғи немесе қалпына келтірілген тістесуді қамтамасыз ету.

Оральды денсаулықтың глобальды мақсаттарына жету патологияның этиологиясы мен патогенезін терең түсінуге негізделген стоматолог-дәрігерлердің жоғары алдын-алу белсенділігі жағдайында, превентивті әсер етудің фундаментальды негіздеріне ие болу және бүкіл кәсіби өмірі мерзімінде жалғасатын стоматологиялық алдын-алудың стратегиясы мен тактикасы туралы білімді тұрақты


ІІ тарау. Ересектер мен балалардың стоматологиялық ауруларын біріншілік алдын-алуда санитарлы ағарту мен тәрбиелеу


Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымының мәліметтері бойынша адам ауруларының себептері ішінде 20%-ды тұқымқуалаушылық факторлар, 25%-ы қоршаған орта жағдайлары және 55%-ы - өмір салтымен байланысты жағдайлар. Өмір салты – құндылықты бейімделуі негізінде жасалатын адамның саналы және санасыз қимылдарының жүйесі. Осылайша, көптеген аурулардың пайда болуының қауіп-қатер дәрежесі адамның минут сайынғы шешіміне байланысты - еңбекте, тұрмыста, демалыста материальды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың көптеген тәсілдері арасында оның жеке таңдауы.

Стоматологияда өмір салтының бірқатар компоненттері, ДДҰ пікірі бойынша оральды денсаулықты сақтауға ең маңызды болып табылады (табл. 2.1). Ауыз қуысына мұқият және сауатты күтімі, тамақтану тәртібі, дәрігерге консультативті қаралуға ынтасы, дәрігермен ұсынылған алдын-алу шараларына белсенді қатысу – салауатты өмір салтының белгілері, олардың қалыптасуына басқа мамандармен бірлесе отырып стоматолог белсенді қатысады.

Өз денсаулығына қатысты адамдардың санасыз мінез-құлқы білімсіздігімен негізделген: патологияның пайда болу жағдайлары мен себептерін білмеуі, өз өмірінің және балаларының өмірінің сапасына жеке жауапкершіліктің дәрежесін түсінбеуі. Сондықтан адам денсаулығын ойлай отыра - қауіп-қатер факторларын максимальды жоятын және денсаулықтың қолайлы деңгейін қолдайтын, өзін-өзі бағалауға және қылықты тәрбиелеуге тұрғындарға кез келген танымдық мүмкіншіліктерді беруге негізделетін санитарлы ағартуды ұсынуға болады.

Таблица 2.1

Өмір салты және стоматологиялық денсаулық


Қауіп-қатер факторы ретінде өмір салтының компоненті

Қауіп-қатер факторымен байланысты ауыз қуысының аурулары

Қауіп-қатер факторының маңыздылығы

Тістерді тазаламау немесе нашар тазалау әдеті

Тіс жегісі

+

Гингивит

++

Тістердің түсінің бұзылысы

++

Жұмсақ тіндердің патологиясы

+

Протездерге күтім жасамау әдеті

Жұмсақ тіндердің патологиясы

+++

Ісіктер

++

Тістерді қатты щеткалармен, горизонтальды қимылдармен, ұнтақпен шамадан тыс тазарту әдеті

Тіс жегілік емес зақымданулар

++

Фторидтерге талғаусыз немесе негативті қатысы

Тіс жегісі

+++

Тәттіні және ұннан жасалған тағамды көп қабылдау

Тіс жегісі

++

Гингивит

+

Тәттіні жиі қабылдау

Тіс жегісі

+++

Гингивит

++

Қышқыл тағамды жиі қабылдау

Тіс жегілік емес зақымданулар

++

Тіс жегісі

+

Күшті ішімдіктер қолдану

Жұмсақ тіндердің патологиясы

++

Онкология

+

Темекі тарту

Тістердің түсінің бұзылысы

+

Жұмсақ тіндердің патологиясы

+

Онкология

+++

Дәрігерге сирек қаралу

Асқынған тіс жегісі

+++

Жұмсақ тіндердің және периодонттың ауыр патологиясы

+++

Онкологиялық аурулардың кеш сатылары

+



Әлемде санитарлы ағартудың Дүниежүзілік ассоциациясымен басқарылатын тармақталған көп сатылы жүйе құрылды. Ассоциация мүшелері көптеген елдерде құрылған денсаулықты қалыптастырудың медициналық проблемаларының ұлттық орталықтары болып табылады. Әрбір ірі қалада медициналық алдын-алудың қалалық ораталықтары жұмыс жасайды. Алдын-алу барлық мемлекеттік және жеке меншік емдік-алдын-алу мекемелері қызметтерінің маңызды құрамы болып табылады. Қабылдауда науқастармен сөйлесу, сонымен қатар тұрғындардың әр түрлі топтарына ынталы белгілі бір мақсатқа ие үндеу кіретін санитарлы-ағарту жұмысы - әрбір дәрігердің кәсіби міндеті.

Тәжірибе көрсеткендей, сау мінез-құлықтың ережелері туралы білімді беру қажетті болып табылады, бірақ адамның мінез-құлқы расында өзгеруі үшін жеткілікті жағдай Өмір салты – күрделі психологиялық үрдістердің нәтижесі, олардың дұрысталуы оңай емес іс және дәрігерден арнайы білімді талап етеді. Сондықтан стоматолог таңдау алдында тұрады: өзіне тек стоматологиялық ақпараттың көзі ролін сақтай отыра санитарлы тәрбиелеуді педагогтар мен психологтардың қолына беру немесе өз қызметтік міндеттерін сапалы және тиімді орындау үшін қажетті психологиялық білім алу. Рациональды екінші шешім болып табылады, өйткені бүгінде табысты стоматологиялық тәжірибе үшін кез келген түрінде бірдей дәрежеде клиникалық білім мен іскерлік, сонымен қатар науқасқа психологиялық әсер ету шеберлігі қажет.


Адамның мінез-құлқын қалыптастыру механизмдері

Адамның мінез-құлқының екі негізгі құрамы бар: қозғаушы және реттеуші (сур. 2.1).

Қозғаушы қызмет әрекеттің басталуын және оның бағытын қамтамасыз етеді, ал реттеуші қызмет әрбір нақты жағдайда мінез-құлықтың дамуын анықтайды. Санитарлы тәрбиелеудің міндеттері мен проблемалары адамның мінез-құлқының қозғаушы жақтарын дұрыстаумен, оның мотивациясымен, яғни мінез-құлықтың таңдауын, оның басталуын, бағыттылығын және белсенділігін анықтайтын психологиялық факторлардың жиынтығымен байланысты.



МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ



Сур. 2.1. Адамның мінез-құлқын қалыптастыратын факторлар.


Мотивация – бұл адам не үшін, неге, не себепті былай әрекет етеді деген сұрақтарға жауаптар: ешқашан тістерді тазаламалау немесе керісінше гигиенаға жоғары көңіл бөлу, үнемі тәтті қабылдау немесе тәттіден бас тарту. Әрбір ересек адам стоматологқа сыртқы әсерлерге, соның ішінде санитарлы ағартуға жеткілікті төзімді қалыптасқан мотивациясы бар кезде келетінін ескеру қажет.

Мотивация ішкі және сыртқы факторлардың күрделі өзара байланысының жемісі болып табылады. Ішкі мотивация шешім қабылдауға және әрекетті орындауға негізді құрайды: ересек адам «оған қалай өмір сүру керек екенін өзі біледі», кез келген өзінің әрекетіне дайын түсіндірмелері және мақтаулары бар. Ішкі мотивация ұзақ мерзімді оқуға, үлкен көлемді жұмысты орындауға, қандай да бір әрекеттерді жүйелі қайталауға негіз болып табылады.


Ішкі мотивация адамның қажеттіліктеріне негізделеді. Қажеттілік – бұл адаммен сезілетін материальды немесе рухани құндылықтардың жетіспеушілігі, яғни адам сенеді, соған жету үшін өзінің уақыты мен энергиясын жұмсайды. Қажеттілік адамды белсендіреді, адамның қызметін іздеуге, әрекет етуге бағыттайды және қозу жағдайын қажеттілігі толық қанағаттандырылмағанша ұстап тұрады. Материальды (органикалық) құндылықтар мен қажеттіліктер тірі ағзалардың негізгі инстинктеріне сәйкес келеді және физиологиялық болып табылады. Рухани (екіншілік, психогенді) құндылықтар мен қажеттіліктер инстинктоидтар ретінде қарастырылады, өйткені олар негізгі инстинктердің базасында тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады. Мінез-құлықты анықтайтын қажеттіліктердің 60-80%-ы соқыр сезім деңгейінде болады және ойландырмайды, сондықтан әрекеттердің шынайы себептері адамның өз ойындағыдай болмайды.

Барлық қажеттіліктердің ішінде әрбір уақыт кезеңінде мақсат маңызына ие біреуі (немесе бірнеше) «көрінеді». Мақсат ретінде қай қажеттілік жиі және күшті көрінуіне байланысты қажеттіліктердің иерархиялық баспалдағы салынады. Адам өте жоғары қажеттіліктерді алдыңғы деңгейдің қажеттіліктері қанағаттандырылмағанша сезбейді: адамның тісі ауырған кезде оған голливуд күлкісінің құпиялары қызық емес. Санитарлы ағарту орынды және тиімді болу үшін А.Маслоу ұсынған қажеттілік пирамидасына бағдарланған пайдалы.

Маслоу пирамидасының екі төменгі баспалдағы (сур. 2.2) биологиялық болып табылады: адам үнемі оттегі, жылу, тағам, су, ұйқының жеткілікті мөлшерін (бірінші баспалдақ), сонымен қатар ауырсынумен, қорқынышпен, агрессиямен күреске энергияның аз жұмсалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жағдайларды (екінші баспалдақ) қажет етеді. Стоматологияға қатысты осы базалық қажеттіліктер хирург пен ортопедтің көмегімен периодонт патологиясының және тіс жегісінің проблемаларын шешетін адамның мінез-құлығын анықтайды. Биологиялыққа тұқымды жалғастыруда және сау ұрпақты өсіруде қажеттіліктер жатады, бірінші баланы босанған немесе күтуші әйелдерді санитарлы ағартудың жоғары тиімділігі себепші болады.




















Сур. 2.2. А.Маслоу бойынша қажеттіліктер пирамидасы.


Пирамиданың қалған баспалдақтарына психоәлеуметтік сипаттағы қажеттіліктер кіреді. Осылайша, үшінші баспалдақты адамның өзіне ұқсас жалпылыққа жату қажеттілігі алады: адамдармен көрші тұру, олардың тобына қабылданған және танымал болу. Бұл қажеттілігі адамдарды өзінің аузын айналадағыларда жек көруді тудырмауға жеткілікті салыстырмалы тәртіпке келтіруге мәжбүр етеді. Егер бұл мақсатқа жетсе, адам пирамиданың келесі төртінші деңгейіне көтеріледі және сыйлауды, құрметтеуді, мақұлдауды, жете білетінін мойындауды, табысқа жетуді, бедел алуды қажет ете бастайды. Пирамиданың бұл баспалдағында тұрған адамдар мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін жақсы денсаулығының болғанын қалайды, сондықтан ауруды алдын-алуға қызығушылық тудырады. Бесінші баспалдақта адамды білуге, істей алуға, түсінуге, зерттеуге ниеттендіретін танымдық қажеттіліктер бар; қажеттіліктің мұндай деңгейі бар адам әр түрлі сенімді, соның ішінде санитарлы ақпаратқа қызығады. Алтыншы баспалдақты эстетикалық қажеттіліктер алады: бұл баспалдаққа жеткен адам үйлесімділік, симметрия, тәртіп, әдеміліктің жетіспеушілігіне сезімталдыққа ие, сондықтан өз сыртқы келбетінің сақталуына және жақсаруына көп күшін салуға дайындығын көрсетеді. Пирамиданың шыңы өзінің маңыздылығында қажеттілік болып табылады - өзінің қабілеттіліктерін жүзеге асыруда, жеке адамның дамуында және жетілуінде.


Қандай да бір қажеттіліктер негізінде әр түрлі мотивтер қалыптасады – ақылды белсендіретін сананың күштері мен құралдары, қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, оны қимылға ниеттендіретін адамның сезімі және еркі. Қимылға ұғынылмаған мотивтер құштарлық деп аталады. Ұғынылған мотивтерге тілегі (ұғынылған қажеттілік), еркелік (ұғынылмаған қажеттілік), қалауы (тілегінің белсенді түрі), қызығушылықтары (адамға ұғынылған маңызы бар затқа қызметін бағыттауға ниеттендіретін танымдық сферадан мотивтер), бейімділік (тек затқа ғана емес, онымен байланысты қызметке де бағыттылық). Сезімдер де мотивтер болып табылады, олар қимылға ниетті ынталандырады, қолдайды немесе тоқтатады. Әдеттер – ерекше мотивтер, олар ұғынуды тоқтатты және соқыр сезімдік, рефлекторлы аймаққа ауысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін құралдар болатын мотивтердің оларға сәйкес маңыздылықтың иерархиялық нұсқалары болады.

Салауатты өмір салтының стоматологиялық насихаты аудиторияның (науқастың, топтың) стоматологиялық қажеттіліктеріне жауап беруі қажет. Қажеттіліктердің деңгейін дәрігер сұрастыру барысында (анкета, интервью алу) тіке сұрақтар көмегімен немесе жанама нысаналар көмегімен анықтайды (табл. 2.2).

Әрбір адамның ішкі мотивациясының жүйесі сыртқы әсерлерге өте тұрақты және бірегей болып табылады.


Таблица 2.2

Тұрғындардың субъективті стоматологиялық қажеттіліктерінің деңгейлері



Белгілері

Стоматологиялық қажеттіліктер деңгейлері

төмен

жоғары

1-ші

2-ші

3-ші

4-ші

ауырсыну кезінде тістерді жұлу

тістерді жұлу және протездеу

жұлу, протездеу, реставрация

алдын-алу белсенділігі

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Қанағаттанарлықсыз,

қанағаттанарлық

Қанағаттанарлық, жақсы

Білімі

Бастапқы, толық емес орташа, орташа

Орташа техникалық, жоғары

Мекен-жайы

Ауыл

Қала

Жынысы

Ер

Әйел

Жасы

30 жасқа дейін, 40-50 жас, 60 жастан кейін

30-40, 50-60 жас

Стоматологиялық патологияның ауырлығы

Төмен

Жоғары


Мұндай науқастар үшін ең әсерлі стоматологтың жағымсыз аргументациясы болады (егер науқас алдын-алу шараларын қолданбаса, оны проблемалар мазалайды – ауырсыну, жағымсыз иіс, айналадағылардың жек көруі және т.б.). Жетістікке бағдарланған адамдар (15%) барлық күштері мен көңілін қойылған мақсатқа жетуге жұмылдырады, сыртқы стимулдарға бағына отырып, сонымен қатар өзінің ішкі мотивациясын қолдана отырып оған белсенді жылжиды. Мұндай адамдардың қызметінің өнімділігі оң стимулдардың әсерінен жоғарылайды, сондықтан оларға ауыз қуысының қолайлы және эстетикалық жағдайына жетуге немесе сақтауға уәде беретін стоматологиялық ұсыныстары тартымды (жағымды аргумент). Қалған 70% науқастардың сыртқы мотивациясы үшін агрессивті және жағымды аргументтердің қосарлануы тиімді.


Арнайы стимулдарға жаңа білім, істей алу немесе дағдылар жатады. Бұл стимулдар психикалық қызметті белсендіреді және жаңа құндылықтар мен қажеттіліктердің қалыптасуына әкеледі. Қарапайым графикалық түсінікте фактілер (бұл әрекетке қатысты адамның алған білімі, істей алуы және дағдылары) пирамиданың негізінде жатыр, оның ортаңғы бөлігін жалпы түсініктер, ал шыңын – құндылықтар құрайды. Сондықтан адамға ақпарат беретін санитарлы ағартудың институты оның құндылықтарының, демек қылығының модификаторы роліне талаптана алады. Дегенмен санитарлы ағартудың мақсатына жету адам психикасының күрделі құрылысымен қиындайды.


Жаңа мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру сатылары

Мінез-құлықты өзгертуге қажет психикалық компоненттерді адам өз мінез-құлығының ақауы туралы хабардарсыздықтан жаңа сау әдетті жасауға әкелетін, баспалдақтың сатылары бойынша жайлап көтеріліп алады (сур. 2.3).

Баспалдақтың ең төменгі деңгейі хабардарсыздық болып табылады: ақпараттың жоқ болуы немесе нақты проблемаға қатысты толық емес, бұрмаланған білімнің болуы (мысалы, жас ана бала тістерінің оған түнде шырынмен кеспе берген кезде бұзылатынын білмейді). Егер қандай да бір ішкі немесе сыртқы факторлар (бала тістерінің түсінің өзгеруі) адамның көңілін проблемаға аударса, онда қызығушылық туады – ол білімінің жетіспеушілігін күңгірт немесе анық сезінуі және өзінің білімсіздігін мойындауы мүмкін, бұл оны жаңа ақпарат қабылдауға дайындайды.

Бірінші сатыдан екіншіге ауысу – мәліметтілік сатысы - үйрету үрдісінде болады. Бұл сатының жетістігі ақпараттың сапасына және оны беру тәсіліне, сонымен қатар дәрігер мен науқастың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Екінші сатыда тұрған адам проблеманы біледі (ерте балалық тіс жегісі), оны шешудің принципті мүмкіншіліктері оған белгілі (басқа шаралармен қатар – түнгі қоректендіруден бас тарту), ол патологияның пайда болуын алдын-алатын сау мінез-құлық ережелері туралы дәрігердің сұрақтарына жауап бере алады (баланы түнде тамақтандыруға болмайды), бірақ бұл «абстрактты», «бөтен» білім, олар өмір салтына әсер етпейді.

7. Әдет

6. Ұғынылған әрекеттер

5. Еліктіру

4. Қызығушылық

3. Ақпараттың жеке маңыздылығы

2. Мәліметтілі

1. Хабардарсыздық



Сур. 2.3. Мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру баспалдағы.


Баспалдақтың үшінші сатысы – жаңа фактілерге жеке маңыздылықты иемдену. Адам ұғынып немесе ұғынбай алынған ақпаратты өз өміріне жібереді, оны өз проблемаларына және мүмкіншіліктеріне жақындатады (ана әлі де кешкісін бөтелкеге шырын құяды, бірақ таңертен баласының тістеріне үрейлі қарайды).