ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 64
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ МАЗМҰНЫ
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУҒылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады. Сол себепті жаңаны табу, іздену және ғылымға қызығушылығын арттыру мектеп қабырғасынан бастау алуы қажет. Олай болса, оқушыларды ғылыми–зерттеу жұмыстарына тарту арқылы білімін кеңейту, оқу және ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін қазіргі таңда мектептің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жалпы білім беруде студенттердің оқу-тәрбиелік деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде толықтыру. Негізгі міндеттері:
Қазіргі таңда жаңа теориялық және практикалық сұрақтарды зерттеу үшін кең көлемді мүмкіндіктер ашылуда. Қандай тақырыпты алсақ та, оның теориялық тұрғыда меңгеріп және тәжірибеде өңдеу қажет. Бұл зерттеу әдістемелерінің негізгі тәсілдерін шығармашылықты қолдана білуге, тыңдаған тақырып бойынша әдебиеттерге сынды баға беріп онда қарастырылған мәселенің қазіргі ғылым жағдайында өзінің тәжірибелік іс - әрекетін терең түсінуге үйретеді.Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жазуда әрбір оқушыға кеңес беру және қадағалау мақсатында мектептің мұғалімдері, ЖОО оқушының таңдаған тақырыбына мамандығы сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі аға оқытушылары ғылыми жетекші ретінде тағайындалады.Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың мақсаты:
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын қалыптастыру. Нақты тақырыпты таңдау оның өзектілігімен бақылау мәліметтері бойынша тәжірибелік мәнділігімен, сондай-ақ білім алатын оқушының қызығушылықтарымен анықталады. Дұрыс таңдау жасау зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастыруда мұқият болуға көмектеседі. Таңдалған тақырып, оны негіздеу немесе нақты жұмыс бағытына байланысты көкейкестілігін анықтау зерттеу міндеттерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Зерттеу тақырыбын таңдау – ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып саны, оның ішінде теориялық немесе практикалық қайта өңдеуде, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмыстар жүргізуге болады. Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде-кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға, әсіресе ғылыммен жаңа айналысуға қадам басқан мектеп оқушысы үшін көмегін тигізеді және тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны басқа жақтан емес өзін қызықтыратын мәселеден іздеу қажет.Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, оның қазіргі таңдағы маңыздылығы, зерттеу қажеттілігін ашып көрсету керек.Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымдық элементтеріне келесілер кіреді:
Жұмыстың «Мазмұнында» кіріспе, барлық тараулардың, параграфтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы және әрқайсысының басталу беттері көрсетілуі керек. Тараулардың және параграфтардың атауын қысқартып жазуға, басқа түрде келтіруге немесе орындарын ауыстырып жазуға тыйым салынады. Кіріспе(көлемі 1-2 парақ).«Кіріспеде» жұмыстың ең өзекті мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін, ғылыми зерттеу жұмысының құрылымын көрсету қажет. Кіріспе мен қорытынды – бұл ғылыми зерттеу жұмысыныңең маңызды тараулары, өйткені осы тарауларды оқыған кезде жазылған жұмыстың сапасы туралы алғашқы ой-пікір қалыптасады. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсатын тұжырымдау зерттеу мәселесінің теориялық және практикалық мазмұынына бағытталуы керек. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болуы керек. Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері зерттеу мақсатына және нені зерттейтін мәселенің жоспарына байланысты анықталады. Міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 пункттен тұрады.Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бөлігінде, тақырыптың негізгі мәнін, мазмұнын білдіретін мәліметтер келтіріледі және зерттеудің тәжірибелік жұмыстарының мазмұны сипатталады, ол жекелеген бөлімдер мен параграфтардан тұрады.Қорытынды бөлім ғылыми зерттеу жұмысының қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы мазмұнынан туындайтын негізгі нәтижелер мен ұсыныстар қысқа да нақты түрде «қорытындыда» (көлемі 1-2 парақ) беріледі. Ұсыныста қорытынды негізінде тәжірибенің тиімділігі анықтала отырып, тиімді әдіс-тәсілдердің үлгісі беріледі.Әдебиеттер тізімі. Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі қолданылған реті бойынша құрылуы тиіс және олардың саны 20-25 - тен кем болмауы керек. Қосымшаға жалпы ғылыми жұмыста қолданылған тестік сұрақтар, зерттеу күнделігі, бағдарламалар, үлгі-тақырыптар сияқты зерттеу барысында қолданылған әдістемелік құралдарды енгізуге болады. Қосымшаларда жанама кестелер, ережелер, әдістемелер келтіріледі, жұмыстың мәтіні барысында оларға сілтемелер беріледі. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне байланысты орналастырылады.
-
Кіріспе -
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау. -
Ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қойылатын талаптар. -
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымдық элементтері. -
Қолданылған әдебиеттер.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУҒылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады. Сол себепті жаңаны табу, іздену және ғылымға қызығушылығын арттыру мектеп қабырғасынан бастау алуы қажет. Олай болса, оқушыларды ғылыми–зерттеу жұмыстарына тарту арқылы білімін кеңейту, оқу және ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін қазіргі таңда мектептің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жалпы білім беруде студенттердің оқу-тәрбиелік деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде толықтыру. Негізгі міндеттері:
-
Студенттердің оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету; -
Шығармашылық, дарындылық деңгейін арттыру; -
Студенттердің жеке дарындылық қабілеттерін анықтау мен дамыту жолдарын ұсыну; -
Студенттердің кәсіби бағыттылығына ықпал ету мен қабілетінің шыңдалуына қолдау көрсету.
-
түрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауға тарту арқылы оқу-тәрбие үдерісі сапасын көтеру; -
студенттердің ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуын белсендіру; -
студенттердің өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту; -
өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту;
Қазіргі таңда жаңа теориялық және практикалық сұрақтарды зерттеу үшін кең көлемді мүмкіндіктер ашылуда. Қандай тақырыпты алсақ та, оның теориялық тұрғыда меңгеріп және тәжірибеде өңдеу қажет. Бұл зерттеу әдістемелерінің негізгі тәсілдерін шығармашылықты қолдана білуге, тыңдаған тақырып бойынша әдебиеттерге сынды баға беріп онда қарастырылған мәселенің қазіргі ғылым жағдайында өзінің тәжірибелік іс - әрекетін терең түсінуге үйретеді.Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жазуда әрбір оқушыға кеңес беру және қадағалау мақсатында мектептің мұғалімдері, ЖОО оқушының таңдаған тақырыбына мамандығы сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі аға оқытушылары ғылыми жетекші ретінде тағайындалады.Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың мақсаты:
-
Пән бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны жүйелендіру, бекіту, кеңейту және оны нақты ғылыми мәселелерді шешуде қолдану; -
Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту, ғылыми зерттеу әдістемесін меңгеру және қарастырылып отырған мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперимент жасап үйрену; -
Қазіргі өндіріс жағдайында оқушының өз бетінше жұмыс істей білуін анықтау және оның құзыреттілігін бағалау.
-
тақырыпты тандау (өтініш); -
зерттеу мәселесі бойынша әдебиет көздерін таңдау; -
ғылыми жетекшіні тағайындау; -
ғылыми зерттеу жұмысты жазу кезіндегі ұйымдастырушылық құжаттарды дайындау (тапсырмалар, күнтізбелік жоспар кестесі); -
ғылыми зерттеу жұмысты жазу және көркемдеу талаптарымен танысу; -
іріктеліп алынған әдебиет көздерін жинақтап қорыту және зерттеудің теориялық тарауын мазмұндау; -
тәжірибелік зерттеу барысында жиналған мәліметтерді талдау, сараптау; -
белгіленген талаптарға сәйкес зерттеу жұмысын безендіру; -
ғылыми зерттеу жұмысын сыртқы рецензияға жіберу және жазбаша түрдегі рецензия алу (мамандық бойынша ЖОО ғылыми атағы бар ғалым);
-
зерттеу жұмысының жоспарын жасауға қатысады, жоспарын құруға, әдебиеттер жинақтауға бағыт береді; -
зерттеу жұмысын орындау тапсырмаларын береді; -
күнтізбелік жоспар кестеге сәйкес белгіленген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалай отырып, кеңес беру кестесін құрады; -
ғылыми зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік зерттеуінің толық орындалуын үйлестіреді. -
ғылыми зерттеу жұмысының орындалуы аяқталғаннан соң, жұмыс жайлы пікір жазады. Оның мазмұны белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес екенін көрсетіп, оқушыға қысқаша мінездеме береді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын қалыптастыру. Нақты тақырыпты таңдау оның өзектілігімен бақылау мәліметтері бойынша тәжірибелік мәнділігімен, сондай-ақ білім алатын оқушының қызығушылықтарымен анықталады. Дұрыс таңдау жасау зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастыруда мұқият болуға көмектеседі. Таңдалған тақырып, оны негіздеу немесе нақты жұмыс бағытына байланысты көкейкестілігін анықтау зерттеу міндеттерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Зерттеу тақырыбын таңдау – ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып саны, оның ішінде теориялық немесе практикалық қайта өңдеуде, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмыстар жүргізуге болады. Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде-кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға, әсіресе ғылыммен жаңа айналысуға қадам басқан мектеп оқушысы үшін көмегін тигізеді және тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны басқа жақтан емес өзін қызықтыратын мәселеден іздеу қажет.Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, оның қазіргі таңдағы маңыздылығы, зерттеу қажеттілігін ашып көрсету керек.Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымдық элементтеріне келесілер кіреді:
-
– титулдық парақ; -
– қазақ, орыс, ағылшын тілінде аннотация; -
- мазмұны; -
- кіріспе; -
– негізгі бөлім; -
- қорытынды; -
– пайдаланылған әдебиеттер тізімі; -
- қосымшалар.