Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Тобы Балапан ортаы тобы Балаларды жасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы

Тобы: «Балапан» ортаңғы тобы

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Жоспарды құру кезеңі:3 -апта 14.11-18.11.2022


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 14.11.22

Сейсенбі 15.11.22

Сәрсенбі 16.11.22

Бейсенбі

17.11.22

Жұма

18.11.22

Балаларды қабылдау

Балаларға жағымды көңіл-күй сыйлай отырып қабылдау. Сәлемдесу, жағдайын сұрау. «Менің көңіл-күйім» бұрышы арқылы көңіл күйін анықтау.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен балалардың күнделікті іс әрекеті жайлы, денсаулық жағдай жайлы сұрастыру. Медбикенің, психолог, логопед мамандарының жеке ата-аналарға кеңес беруі.

Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел-үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары (пазлдар, интеллектум құралдары, шашка ойындары) Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары, кітаптарды қарау, Табиғат бұрышындағы еңбек (бөлме өсімдіктеріне күтім жасау) Балармен жеке жұмыс.


Таңертеңгі жаттығу

№4 таңертеңгі жаттығулар кешені

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті) Өз орнын тауып отыру. Ас болсын сөзін айтуды қалыптастыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Балалармен бірлескен іс әрекетке дайындық жасау.

Білім беру ұйымының кеңесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

(Дене шынықтыру)

«Қорбаңдаған Аю»
қимылды ойыны.

Балаларды денсаулыққа, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.Балалардың дене қимылдарын,бұлшық еттерін жетілдіру,ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру.
(Көркем әдебиет)
Сөздік қорын молайтып әдептілік туралы мақал жаттайды.
(Құрастыру, мүсіндеу)

Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды безендіру.
Балалардың құрастыруға қызығушылықтарын арттыру.
(Қоршаған ортамен таныстыру)

Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.

(Дене шынықтыру)

«Күн мен түн» қимылды ойыны.
Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

(Сөйлеуді дамыту)
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту

(Математика негіздері)
Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
(Сурет)

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.


(Дене шынықтыру)

«Жылдам алып кел» қимылды ойыны. Балаларды жылдамдыққа, ептілікке баулу.

(Қазақ –тілі,

сөйлеуді дамыту)

Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
(Жапсыру,

құрастыру)

Қарапайым қатынастарды сақтай отырып тазалықтың заттарын түрлі-түсті қағаздың қыйындыларын құрастыру және желім арқылы жапсыру жолдарын үйрету дағдыларын қалыптастыру,


(Қоршаған ортамен таныстыру)

Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тазалық сақтайды.

(Дене шынықтыру)

«Кім жылдам» қимылды ойыны. Балаларды жылдамдыққа, ептілікке баулу.

(Көркем әдебиет)

Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.
Музыка маманының жоспары бойынша
(Математика негіздері)

Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру.
(Мүсіндеу)

Ермексаздан өз еркілерінше жұмыс жасауға үйрету

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Дидактикалық ойын «орнына қой»

Топтағы гүлдерге күтім жасауға үйрету


(Дене шынықтыру)

«Ұшты-ұшты» қимылды ойыны. Балаларды жылдамдыққа, ептілікке баулу.

(Сөйлеуді дамыту) Тазалық жайлы білімдерін қалыптастыру

Кітаптардан суреттер қарау. Көрген суреттерін салысытыру. Сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану
(Математика негіздері)

«1 мен 5 санын ретімен қой» дидактикалық ойыны
(Сурет)

Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету.

Серуенге дайындық

Киіну кезінде белгілі бір тәртіппен киюге үйрету. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға үйрету.

Серуен

Бақылау:
Көшедегі машиналарды бақылау.
Міндеті: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.
Қимылды ойын: «Доп»
Міндеті
:Балаларды ұжымшылдыққа , адамгершілікке баулу.

Бақылау:
Жаңбырды бақылау. Міндеті:Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Қимылды ойын: «Шарды ұста»
Міндеті:
Балаларды ептілікке баулу.

Бақылау:
Бұлтты бақылау. Міндеті: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлттарды ажырату.

Қимылды ойын:

«Автобус»
Міндетті:
Балаларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Бақылау:
Желді бақылау. Міндеті: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру

Қимылды ойын:
«Аттар»
Міндеті:
Балалардың қимыл қозғалыстарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру.

Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау. Міндеті: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.
Қимылды ойын:

«Құстар мен мысық»
Міндеті:
Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту.

Серуеннен оралу

Мәдени-гигиеналық ержелерді орындау білігін қалыптастыру.Жеңдерін өз бетімен түру,жуыну кезінде киімін суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін дамыту.

Түскі ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру. Нанды үгітпеу,тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жағдай жасау. Баяу әуен тыңдату

Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары

Кедір-бұдыр жолдар.
Жалпақтабандылық-тың алдын алу

Керует үстіндегі созылу жаттығулары

Керует үстіндегі аяқ қолдың бұлшықеттеріне арналған жаттығу

Кедір-бұдыр жолдар. Жалпақтабандылықтың алдын алу

Кедір-бұдыр жолдар. Жалпақтабандылықтың алдын алу

Бесін ас

Тамақтану мәдениетіне баулу. Балалардың назарын тағамға аудару.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел-үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Дидактикалық ойын:
«Бөлігін тап»

Міндеті:
Тапқырлық қабілеттері қалыптасады. Тілдік дағдысы дамиды.



«Тазалықтың досы»
Міндеті:
Үш төрт сөздерден тұратын сөйлемдерді құрастыру.

Сөйлемнің құрамына талдау жасау.Қол жаттықтыру жаттығулары.

Логопед:
«Жеті лақ» ертегісі
дидактикалық ойын
Міндеті:
Балаларды тәртіпке баули отырып, сөздік қорын дамыту.

«Көңілді саңырауқұлақтар»
Міндеті:
Саңырауқұлақ қалпағын әдемі бояу қабілетін бекіту саусақ бұлшық етін дамтыту, жұмысына шығармашылықпен қарауға тарту, саусақпен сурет салу.

Педагог-психолог үйірмесі

«Шеңберге дәл көзде»
Міндеті: балалардың эмоционалды тұрақтылықтарын
дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасап үйренуге дағдыландыру, тренинг ойын балаларға көңіл күйлерін көтеруге көмектеседі. Балаларда жағымды мінез құлық қалыптастыру.

Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс
Мариям, Амина


«Ойлай отырып, ойнайық» жыл мезгілдері туралы білімдерін жетілдіріп түрлі ойындар арқылы белсенділігі артады. Қол саусақ маторикасын дамиды

Жеке баламен жұмыс

Нұрғиса, Ернұр


геометриялық фигуралардан балабақша құрастырады.

Жеке баламен
жұмыс
Бағым, Толғанай


Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгеруде үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алуда, оларды бір тұтас етіп біріктіруде, ермексазды өздігінен илеуге дағдыланады.

Жеке баламен жұмыс

Мирас,Жалын

«көкөністер мен жемістер» ойыны

Ажыртады, салыстырады, әңгімелейді.

Жеке баламен жұмыс

Рамазан, Айжұлдыз
Түрлі түсті қарындаштармен , гуашьтың төрт түсімен сурет салу үйрету.

Серуенге дайындық

Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі

Серуен

«Мысық пен торғайлар »
Міндеті: 
Шапшаңдыққа, ептілікке  баулу.


«Қояным» қимылды ойыны.
Балабақша айналасындағы ағаштар жайлы әңгімелесу.

Балалардың еркін ойыны.

«Қол соғамыз» ойыны

Күзгі ауа райы жайлы әңгімелесу.

Балалардың еркін ойыны.


«Орындығыңа тез жет» қимылды ойыны.

Күз мезгілінде жел жайлы әңгімелесу.

Балалардың еркін ойыны.

«Допты домалат» қимылды ойыны.

Күзгі ауа-райындағы өзгерістері жайлы әңгімелесу.

Балалардың еркін ойыны.


Серуеннен оралу

Мәдени-гигиеналық ережелерді орындау. Киімдерін реттілікпен шешу, шкафтарына орналастыру.

Балалардың үйге қайтуы

Балалардың бүгінгі жетістіктері жайлы ата-аналармен әңгімелесу.

Ауа-райына сәйкес балаларды киіндіру жайлы кеңес беру.

«Балам балабақшаға келді» бейімделу бойынша ата-аналарға кеңес беру.

Балалардың бүгінгі жетістіктері жайлы ата-аналармен әңгімелесу.

Балалардың бүгінгі жетістіктері жайлы ата-аналармен әңгімелесу.

Демалыс күндеріне сәттілік тілеу.




Тәрбиеші:.Жаксылыкова. С
Тұрғанбай .Н



Тексерілді: Әдіскер: Сыздықова. Э