Файл: Макроэкономика пні бойынша магистратураа тсуге арналан кешенді тестілеуді тест спецификациясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Макроэкономика» пәні бойынша магистратураға

түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2022 дан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Құрастырылу мақсаты: Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М070 – «Экономика»

М076 «Еңбек дағдылары»

3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Макроэкономика» пәні бойынша оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.




Тақырыптың мазмұны



Тапсыр

малар саны

Қиындық деңгейі


1

Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Ұлттық есепшоттар жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Макроэкономика пәні. Макроэкономикалық талдаудың әдістері. Макроэкономикалық үлгілер. Сыртқы және ішкі айнымалылар. Қорлар және ағындар.

Жалпы ішкі өнім: мәні және маңызы. ЖІӨ және ЖҰӨ. Таза экспорт. ЖІӨ-ді есептеу әдістері: қосылған құн бойынша, шығындар және табыстар бойынша. Номиналды және нақты ЖІӨ. Жан басына шаққандағы ЖІӨ. ЖІӨ дефляторы. Баға деңгейі. Тұтыну бағаларының индексі. Тұтыну себеті. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері.

2



2A


2

Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар, жұмыссыздық, инфляция.

Экономикалық цикл және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы. Потенциалды ЖІӨ. ЖІӨ қысқа мерзімді ауытқулары. Жұмыссыздықтың түрлері және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу. Шығындар инфляциясы. Сұраныс инфляциясы. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.

2

2 А

3

Экономикадағы жалпы тепе-теңдік. АD-AS үлгісі

Жиынтық сұраныс және оның құрауыштары. Жиынтық сұраныстың бағадан тыс факторлары. Жиынтық ұсыныс. Жиынтық ұсыныстың бағадан тыс факторлары. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Жиынтық ұсыныстың сілкіністері (шоктары). АD-AS үлгісіндегі тұрақтандыру саясаты

2


1 В

1 С

4

Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнстің кірістер мен шығыстар моделі

Қолда бар табыс және оның бөлінуі. Тұтыну мен жинақтау функциясы. Инвестициялар және олардың түрлері. Тұтыну мен жинақтаудың қарапайым функциясы. Автономды инвестициялардың қарапайым функциясы. Инвестиция тұрақсыздығының негізгі факторлары. Тұтыну және жинақтау динамикасын анықтайтын факторлар. Тұтыну мен жинақтауға шекті бейімділік. Нақты және жоспарланған шығындар. Кейнс «кресі». Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер. Үнемділік оғаштылығы. AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінің өзара байланысы. Мультипликатор және акселератор

3

1 B

2 С

5

Бюджет-салық саясаты

Мемлекеттік бюджеттің құрылымы. Бюджет тапшылығы мен профициті. Экономиканың кіріктірілген тұрақтандырғыштары. Мемлекеттік бюджеттің циклдік және құрылымдық тапшылығы. Фискалдық саясаттың мақсаттары және құралдары. Дискрециялық және автоматтандырылған фискалдық саясат. Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы. Салық мультипликаторы. Теңгерімді бюджет мультипликаторы. «Ығыстыру эффектісі». Фискалдық саясаттың тиімділігі.

2

1 В

1 С

6

Ақша нарығы. Ақшаға сұраныс. Банк жүйесі. Монетарлық саясат.

Ақша агрегаттары. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнсиандық теориясы. Баумоль-Тобин үлгісі. Ақшаның сандық теориясының теңдігі. Фишер теңдігі. Ақша айналымының жылдамдығы. Пайыздың нақты және номиналды мөлшері. Банк жүйесінің қызметтері. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы. Монетарлық саясаттың мақсаттары және құралдары. Ақша-несие саясатының типтері мен түрлері. Монетарлық саясаттың экономикаға тигізетін ықпалы. М.Фридменнің «ақша ережесі».

2

1 А

1 С

7

Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

ІS-LM үлгісінің негізгі айнымалылары мен теңдіктері. Игіліктер мен ақшалар нарығындағы тепе – теңдік. IS және LM қисықтарының шығуы. IS - LM үлгісіндегі тепе – теңдік. IS-LM үлгісіндегі фискалдық саясаттың тиімділігі. Бюджет-салық және ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. AD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланысы. Инвестицияны ығыстыру әсері.

2

1 В

1 C


8

Экономикалық өсу

Экономикалық өсу ұғымы және факторлары Кейнстің экономикалық өсу модельдері. Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері. Р.Солоудың неоклассикалық үлгісі. Домар-Харрод үлгісі. Э.Фелпстың «Алтын ережесі». Тұрғындардың өсуі мен ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық өсуге ықпалы. Экономикалық өсуді ынталандырудың негізгі бағыттары.

1

1 А

9

Макроэкономикалық саясат модельдерін таңдау

Классикалық және кейнсиандық үлгідегі фискалдық және монетарлық саясат. Тұрақтандыру саясатын жүзеге асыру мәселелері. Белсенді және пассивті саясат. «Лукас сыны». Қатты бағам саясаты және еркін макроэкономикалық саясат.

2

2 В

10

Халықаралық сауда теориясы. Сауда саясаты. Төлем балансы және валюталық бағамдар.

Сыртқы сауданың қажеттілігі. А.Смиттің абсолютті артықшылықтар теориясы. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы. Хекшер-Олиннің сыртқы сауда теориясы. Сыртқы сауда және табыстарды бөлу. Импорт тарифі және оның әрекет ету механизмі. Тарифтерді енгізу салдары. Халықаралық саудадағы тарифтік емес шектеулер. Импорт тарифтері мен квоталарын салыстырмалы талдау. "Таңдамалы" протекционистік саясаттың себептері және халықаралық сауданы ырықтандырудың жалпы тенденциясы.

Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы шоттарының өзара байланысы. Төлем балансын автоматты реттеу құралы ретінде валюта бағамының ауытқуы.. Төлем балансының сальдосы. Төлем балансының тапшылығы. Төлем балансы теориясы. Төлем балансы тапшылығын мемлекеттік басқару әдістері. Валюта жүйесі және айырбас бағамы. Валюта нарығы: негізгі ұғымдар. Икемді және тіркелген валюта бағамдарының жүйелері. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада номиналды және нақты валюта бағамының қатынасы. Ұзақ мерзімді кезеңдегі номиналды валюта бағамының динамикасын анықтайтын факторлар.

2

2 В


Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмаларының мазмұны негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді, макроэкономикалық проблемаларды, экономикалық өсуді, макроэкономикалық үлгілерді, бюджет-салық, ақша-несие саясатын жүргізу тиімділігін, сондай-ақ халықаралық экономиканың аспектілерін білуді қамтиды.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Бақтиярова А.Ж., Елшібаев Р.Қ. Макроэкономикаға кіріспе. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: «Фортуна Полиграф» баспасы ЖШС, 2021. – 146 б.

  2. Паркин М. Макроэкономика. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 464 б.

  3. Майдырова, А. Б. Макроэкономика: оқулық / А. Б. Майдырова, А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов. – Алматы: ТехноЭрудит, 2019, І том. – 225 б.

  4. Макроэкономика: учебник для бакалавриата и специалиста / С.Ф.Серегина и др.; под редакцией С.Ф. Серегиной. – 3-е изд., перераб.и доп. – М.: Издательство Юрайт, 2019. – 527 с.