Файл: СИЛЛАБУС латын т.doc

Добавлен: 02.02.2019

Просмотров: 1800

Скачиваний: 30

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ


«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК



ТІЛДЕР кафедрасы латын тілі курсы





Силлабус





Пән: латын тілі


Пәннің коды: L ya


Мамандық: 5В130200 «Жалпы медицина»


Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі 54 сағат / 1 кредит


Оқыту курсы мен семестрі 1 курс 2 семестр























Ақтөбе қ., 2013




Силлабусты ( жұмыс бағдарламасын) тілдер кафедрасы латын тілі курсы

латын тілі оқу жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған;





Кафедра отырысында талқыланған 29 тамыз 2013ж.

Хаттама №1

Кафедра жетекшісі _____________________Е.Н.Агапов








































1. Жалпы мәліметтер


    1. Жоғары оқу орнының аты: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті


    1. Кафедра: тілдер.



    1. Курс: латын тілі.



    1. Пән: Латын тілі.



1.5. Пәннің коды: LYa



1.6. Мамандар: 5В130200 «Стомитологтия»


1.7. Оқу сағаты: 54 сағат


Пән сағаттарының бөлінуі


Маман

Жалпы сағат саны

Аудиторлық сағаттарының барлығы

СӨЖ

Бақылаудың түрі

Лекция

Практ.

сабақ

5В130100

«Жалпы медицина»

54






-






36






18



Дифференциалды сынақша


1.8. Оқудың курсы және семестрі: 1 курс, 2 семестр.


1.9. Тілдер кафедрасының латын тілі оқытушылары туралы мәлімет:

1. Агапов Евгений Николаевич, к.ф.н., профессор, ЖОО педагогикалық жұмыс стажы – 45 жыл.

Телефон: 56-40-31.

Ғылыми ықыластар: лингвистика, роман-германиялық филология, шет тілдерді оқыту әдістеме.

Ғылыми мектеп: аспирантура, кандидаттық диссертация қорғау (1985 г.),
біліктілігін жетілдіру факультетін өту ММА им.
Сеченова и МГМИ им. Пирогова.

Латын және неміс тілін оқыту.





Оқытушылар:

1. Молдашева Зауре Базаркуловна - педагог, аға оқытушы, жоғарғы оқу орындағы педагогика жұмысының стаж - 24 жыл, латын, ағылшын тілдерінен практикалық сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде өткізеді.

Телефон: 57-32-04

Ғылыми ықыластары: қазақ топтарда латын тілін оқытудың лингво-әдістемелік сұрақтар, ғылыми журналда бірнеше мақаласы басылған.

2. Жиембаева Самал Елемесовна – педагог, оқытушы, жоғарғы оқу орындағы педагогикалық жұмыс стажы - 9 жыл, латын, ағылшын тілдерінен практикалық сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде өткізеді.

Телефон: 22-72-82

Ғылыми ықыластары: қазақ топтарда латын тілін оқытудың лингво-әдістемелік сұрақтар, ғылыми журналда бірнеше мақаласы басылған.

3. Жугунусова Актеньке Абдыжалимовна – педагог, оқытушы, жоғарғы оқу орындағы педагогикалық жұмыс стажы - 16 жыл, латын, ағылшын тілдерінен практикалық сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде өткізеді.

Телефон: 23-40-35

Ғылыми ықыластары: қазақ топтарда латын тілін оқытудың лингво-әдістемелік сұрақтар, ғылыми журналда бірнеше мақаласы басылған.


4. Рахматулина Нина Ивановна - педагог, оқытушы, педагогикалық жұмыс стажы - 39 жыл, латын тілі практикалық сабақтарды орыс тілінде өткізеді.

Телефон: 21-57-43. Ағылшын тілін біледі, психология негіздерін оқыту тәжірибесі бар.

Ғылыми ықыластары: латын тілін оқыту лингво-әдістемелік аспектер

1.10. Контакттік хабар:

Кестеге сәйкес сабақтар Маресьев көшесі, 68 үй, 5 қатар 508, 511, 512 бөлмелерде өтеді.

№№ 6,11,18,24 бағыттағы автобустар, «Әкімшілік» аялдамасы, №25 бағыт «Медуниверситет» аялдамасы.


1.11. Пәннің саясаты:


Сапа саласындағы саясат – бұл университеттің үнемі дамуы, айрықша іскерлік беделге ие болып, жұртшылыққа танылуы, өнімдерінің жоғарғы сапалылығы және оның бәсекеге қабілеттілігі, тұтынушы-тапсырыс берушінің талаптарын толық қанағаттандыруы және мемлекеттік реттелген тәртіпті сақтауы.

Біздің қағидаларымыз:

  1. Мүдделі талаптардың білім сапасына деген талаптарын болжау және үздіксіз зерттеу.

  2. Білім беру үрдісі мен медициналық қызметті төмендегі жолдар арқылы үнемі жетілдіру:

  • инновациялық білім беру мен медициналық технологияларды пайдалану;

  • оқу және емдеу үрдістерінің оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және ақпарттық қамтамасыз етілуін жақсарту;

  • оқу, емдеу үрдістерінің ғылым және тәжірибемен байланысын нығайту.

  1. Жоғары білім беру және денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылардың жетістіктеріне сүйену.

  2. Мүдделі тараптардың талаптарын қанағаттандыру бойынша университеттің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін үнемі талдап, сәйкес баға беру.

  3. Барлық құрылымдық бөлімше жетекшілері мен қызметкерлерінің сапа менеджменті жүйесінің талаптарын мүлтіксіз орындауы және үздіксіз жетілдіруі.

  4. Университетте қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен сапа саласындағы құзырлығын дамыту және арттыру.

  5. Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің нәтижелі және шығармашылық деңгейде қызмет етуі үшін қажетті жағдайлар жасау.

  6. Университеттің әрбір қызметкерлерінің сапалы білім беру мен медициналық қызмет көрсетудегі жауапкершілігін қамтамасыз етіп, оған жету әдістерін шыңдау.

  7. Университет түлектерінің дәрігерлік қызметіне мониторинг жасау мақсатында олармен байланыста болу.

РМҚК «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің» басшылығы сапа саласындағы Саясатты бекіте және түсіндіре отырып, оның дұрыс қабылданып, танылатындығына сенеді.

РМҚК «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің» әрбір қызметкері атқарылатын жұмыс сапасына жауап бере отырып, сапа саласындағы Саясатқа қайшы келетін әрекеттерді қабылдамауға және оны жүзеге асырмауға міндет алады.


«Латын тілі» пәнін оқығанда студенттер латын және грек тілдерінен пайда болған терминдер мен арнайы түсініктерді, медиктердің мамандық тілін біртіндеп меңгеріп алады. Медициналық терминологияның негізгі ерекшелігі – латын тілінің көп ғасырлы «традициялық» пайдалануы. Бұл пән студенттердің мамандық медицина тілін ойдағыдай меңгеру үшін нәтижелі оқу негізі болады. Латын тілі оқу процесінде студенттер қажетті білім мен іскерлігін медико-биологиялық медицина пәндеріндегі ғылыми латын терминдерін қолға түсіреді. Латын тілі пәнінің мазмұны үш негізгі медициналық терминология жүйесіне бөлінеді:


1) морфология пәндерінің терминологиясы (анатомия, гистология), 2) патологиялық анатомия мен клиникалық пәндердің терминологиясы 3) фармацевтикалық терминологиямен дәрі – дәрмектер мен рецептура

Студенттердің сабаққа міндетті түрде қатысуына, СӨЖ, рубеждік бақылауды уақытында тапсыруына көңіл аударамыз. Баға қою саясаты сабаққа қатысу, уақытында СӨЖ тапсыру, СӨЖ сапасын, студенттердің пән бойынша білімі мен іскерлігінің ағымдағы, рубеждік және қорытынды бағалау нәтижесін есепке алады.


Тиісті түрде орындалмаған жұмысының бөлімдерінде айыптық шаралар қолданылады:

- сабаққа қатыспағанға – минус 1 балл,

-СӨЖ уақытында тапсырмағанда - минус 0,5 б.
























2.Бағдарлама.

2.1. Кіріспе.

ЖОО – да латын тілін оқытудың мақсаты – сауатты дәрігерді дайындау, студенттің мәдени – білім деңгейін көтеру, ой өрісін кеңейту. Үлкен ықылас пен пайданылатын нақыл сөздері мен афоризмдер ұсыныс етеді, олар қысқа түрде толық мағынасын білдіреді. Primum noli nocere (Біріншіден - зиян келтірме)

Көп тілдердің лексикалық қорының құрамындағы грецизм мен латинизмдерінің білімінсіз (медицина, студент, доцент, гигиена, терапия, стоматология, кредит, градус т.б.) басқа елдердің дәрігерлері мен ғылымдар бір-бірін түсінбейді.


    1. Пәннің мақсаты:

Латын грамматика білімі бойынша студенттердің лингвистикалық компетенцияны құрау: үш медициналық жүйелерінде қолдану үшін фонетикалық және грамматикалық ережелерін білу, бағдарламаның лексикалық минимумын білу, оқу және жаза білу, терминдерді латын тілінен және латын тіліне аудара білу.


    1. Пәннің есептері:

Студенттерді кейінгі оқу, практикалық ғылыми жұмысында сауатты, саналы түрде, латын терминологияны қолдануға үйрету, негізгі медициналық терминологияны ғылыми түсініктерді, медициналық терминологияның үш жүйесін (анатомиялық, фармацевтикалық, клиникалық) меңгеріп, білім алу үшін көмектесу.


    1. Оқудың соңғы нәтижесі:

Студент білу қажет:

  • негізгі оқу ережелерін,

  • дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін,

  • әріптердің және әріп тіркестердің жазылуын,

  • зат есімдердің септеуін,

  • сын есімдердің септеуін,

  • сын есімдермен зат есімдердің қиысуын,

  • етістіктердің жіктеуін,

  • медициналық терминологияда қолданылатын предлогтарды, сан есімдерді, есімдіктерді,

  • дәрі –дәрмектердің тривиалдық сөз құрау түрлері мен жолдарын,

  • ұзақ уақытқа сақталған лексикалық минимум ( 900 лексикалық бірлік),

  • рецепт структурасын және оны жазу талаптарын,

  • жиі қолданылатын латын нақыл сөздер мен афоризмдерді.


Студент істеу білу қажет:

  • бағдарлама бойынша латынша оқу және жазу;

  • медициналық терминдерді латын тілінен және латын тіліне аудару;

  • рецептерді сауатты түрде жазу, латын тілінен және латын тіліне аудару;

  • химиялық қосымшаларды латын тілінде құрастыру (оксидтерді, қышқылдарды, тұздарды);





  • дәрінің мінездемесін білдіретін жиіктік бөлшектерді табу;

  • терминоэлемент арқылы мағынасы бар клиникалық терминдерді құрастыру


    1. Пререквизиттер (алдын-ала міндетті курстар):

Шет тілі мектеп курсы , көне ғасыр тарихы, химия.

    1. Постреквизиттер:

анатомия курсы, клиникаға кіріспе, фармакология және тағы басқа пәндер.

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны:


Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Өткізілетін орны мен түрі: кесте бойынша аудиториялық сабақтар курстың оқу бөлмелерінде (№№508,511,512)


Практикалық сабақтардың тақырыптары

Сағат саны

1

Кіріспе. Латын тілінің қысқаша тарихы. Әліппе. Фонетика. Оқу ережелері. Дыбыстардың ұзақтығы және қысқалығы. Екпіннің ережелері.


2

2

Анатомиялық терминдердің структурасы. Зат есім. Грамматикалық категориялар. Сөздік түрі. Қиыспаған анықтауыш.

2

3

Сын есім. Грамматикалық категориялар. Сын есімдердің 2 тобы Сөздік түрі. 3 септеу 3 /1 жалғаулы сын есім. Анатомиялық терминдердің структурасы (қайталау).

2

4

Сын есімнің салыстырмалы шырайы. Сөздік түрі. Сын есімнің күшейтпелі шырайы. Сөздік түрі. Септелуі.

2

5

3-ші септеу зат есімдері (m,f,n) Ережеге бағынбайтын сөздер. «is»жалғаулы және «vas» зат есімнің септелу ерекшелігі. Анатомиялық терминдерді құрастыру.

2

6

Зат есімдер мен сын есімдердің атау және ілік септіктердің көпше түрі.

2

7

Зат есімдер мен сын есімдердің атау және ілік септіктің көпше түрі (жалғасы). Анатомиялық терминологияға арналған рубеждік бақылауға дайындық.

2

8

Анатомиялық терминологияға арналған №1 рубеждік бақылау. Клиникалық терминология туралы жалпы түсінік. Сөз құрау. Суффиксация. «osis, iasis, itis, oma, ismus» жұрнақтар. Латын клиникалық терминдер – жай және туынды сөздер.

1


1

9

Сөз жасам. Терминоэлемент туралы түсінік. Күрделі КТ құрамында ТЭ орны. Грек-латын дублеттер және жеке ТЭ. Клиникалық терминнің структурасы Грек-латын дублеттер мен жеке ТЭ. Сөз қурастыру (жалғасы).

2

10

Сөз жасам. Грек-латын дублеттер мен жеке ТЭ. (жалғасы) Бірнеше сөзді клиникалық терминдер Префиксация. Префикстік-суффикстік туындылар.

2

11

Грек-латын дублеттер және жеке ТЭ(жалғасы). Көп сөзді клиникалық терминдер.

2

12

Грек-латын дублеттер. Қасиеттерін, сапасын тағы басқа белгілерді білдіретін жеке ТЭ (жалғасы). КТ структурасын қайталау.

2

13

Фармацевтикалық терминология. Дәрі-дәрмектердің номенклатурасы. Тривиалдық атаудағы жиіктік бөлшектер. Дәрілердің түрлері туралы қысқаша мәлімет.

2

14

Рецептің структурасы. Рецептурада қолданылатын предлогтар, үстеулер, есімдіктер

2

15

Латын тіліндегі химиялық номенклатура. Химиялық элементтердің атаулары. Қышқылдар мен оксидтердің атауларының құрылуы Латын тілінде тұз атауларының құралуы.

2

16

Көмірсутек радикал атауындағы жиіктік бөлшектер. Химиялық мағынасы бар жиіктік бөлшектер. Маңызды рецептуралық қысқартулар. Сан есімнің приставкалары.

2

17

Фармацевтикалық және клиникалық терминологияға арналған №2 аралық бақылау.

Қорытынды бақылауға дайындық.

1


1

18

Қорытынды бақылау (дифференциялық сынақ)

2

Барлығы

36




Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары

Өткізілетін орны мен түрі: реферат, баяндама, жаттығуларды орындау, презентация түрінде аудиториядан тыс сабақтар


СӨЖ тақырыптары

Кол-во часов

1

Латын тілі тарихы. Латын және мемлекеттік тілдердің медицина тарихындағы ролі.

3

2

Есімше. Медициналық терминологиядағы осы шақ ырықты етіс есімшелері.Өткен шақ ырықсыз етіс есімшелері.

3

3

Сан есімдер. Есімдіктер. Үстеулер.

3

4

Медициналық терминологияда сөз құрау жолдары

3

5

Студенттік әнұраны «Gaudeamus»

3

6

Гиппократтың анты

3

Барлығы:

18



2.9. Негізгі және қосымша әдебиет.

  1. Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологии, издание третье, исправленное и дополненное. Москва, «ШИКО», 2008 г.

  2. Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологии, издание второе переработанное и дополненное. М., «Медицина», 2004 г.

  3. Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологии, М., 1989, 1997

4. Шульц Ю.Ф. Латинский язык и основы медицинской терминологии, М., 1982, 1995

Рахишев А.Анатомиялық терминдердің сөздігі. , Алматы, «Рауан», «Демеу», 1994

5. Международная анатомическая терминология, М., 1980

6. Машковский М.Д. Лекарственные средства, Харьков, 1998

7. Чернявский М.Н. Латинский язык и основы фармацевтической терминологии, М., 1975


Қосымша:

  1. Арнаудов Г.Д. Медицинская терминология на пяти языках, София, 1981, 1997

  2. Казачонок Т.Г. Анатомический словарь, Минск, 1976

  3. Энциклопедический словарь медицинских терминов, том 1-3, М., 1982

  4. Тупчий С.П. Пособие по изучению анатомической терминологии, М., 1973

  5. Приказ № 455 от 30.10.1995 «Правила выписывания рецептов на лекарства».

  6. Харкевич Д.А. Общая рецептура, М., «Медицина», 1982

  7. Основы врачебной рецептуры, учебное пособие под редакцией профессора Р.С. Кузденбаевой. Актобе, 2000.

  8. Учебный латинско-русско-казахский словарь латинских клинических терминов и греческих клинических терминоэлементов. Актобе, 2008.

  9. Молдашева З.Б. «Латын тілі және медициналық терминология негіздері» (анатомиялық терминология), Оқу құралы, Ақтөбе, 2009


2.10. Оқыту әдістері:

  • Практикалық сабақтар,

  • терминологиялық тренинг,

  • терминологиялық есеп шығару.


2.11.Білім бағалау критерийлері мен ережелері:

Марат Оспанов атындағы БҚММУ қабылданған аралық және қорытынды бақылау енгізілген оқу нәтижесін бағалау және бақылау

Ағымдағы бақылау – оқытушы практикалық сабақтарында білімін жүйелі тексереді. Бұл жұмыс ауызша, жазбаша түрде үй тапсырмасының презентация және тест түрінде журналға баға қойылады.

Рубеждік (рейтинг ) бақылау 8-ші (Р1) және 17-ші (Р2) семестр апталарда өткізіледі. Ол өткен тақырыптар бойынша жазбаша бақылау жұмысы түрінде өткізіледі.