Файл: Жазылан саба жоспарларында авторларды ебегі орасан зор. Сондытан да сіздерден сатып алынан мж ны таратпауларыызды сраймыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 114

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылар-ды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны.

Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/.

4. Топтастыру

«Мозаика» әдісі

Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.

1-топ: «Монитор»

2-топ: «Пернетақта»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Миға шабуыл «Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

Интерактивті тақтадан төмендегі 1-сурет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап беріп, ұжыммен талқыланады.

  • 1-суретте не бейнеленген?

  • Суреттердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  • Компьютерді қай жерден сатып алуға болады?

  • 2-суретте қандай құрылғылар бейнеленген?

  • Бұл құрылғылардың қайсысының қызметі басқаларынан өзгеше?

  • Компьютермен таныссың ба?

  • Компьютер құрылғылары-ның атауын білесің бе?

Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта

Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында.

Құрылғылар қалай аталады? Жаз.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

6-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

  • Компьютер – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

  • Монитор – мәтін, цифр, суреттерді экранда көрсететін құрал.

  • Пернетақта – компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы

  • Тінтуір – бұл құрылғы курсормен басқарылып, компьютерге команда береді.

Жүйелік блок – ішкі құрылғылар орналасқан корпус.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Т) «Галерея» әдісі.

Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген құрылғылар бейнеленген суреттер ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.

1- тапсырма:

Тәжірибеңе сүйеніп компьютерге қатысты құрылғыларды анықта (2-сурет). Бұл құрылғылардың қызметін білесің бе?

Дескриптор:

  • Қабырғада ілінген суреттермен танысады.

  • Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.

  • Компьютерге қатысты құрылғыларды анықтап жазады.

  • Жазған құрылғылардың қызметін айтады.

ҚБ: Мұғалім топта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша –«Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –«Талпын!».

(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Интерактивті тақтадан әртүрлі құрылғылар бейнеленген 4 сурет көрсетіледі.

***. 2-тапсырма:

Көрсетілген құрығылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығады (7-сурет). Түсіндір.

Дескриптор:

  • Экранда көрсетілген құрылғылармен танысады.

  • Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.

  • Құрылғылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығатынын анықтайды.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті

тақта

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

3- сабақ. А бөлімі.

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интернет -ақпарат көзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Интернет және желідегі ақпаратпен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Интернет және желідегі ақпаратпен танысып, пайдалы емес екенін түсінеді.

Кейбір оқушылар үшін:

***.Интернет және желідегі пайдалы және пайдасыз ақпаратпен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылар-ды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны

Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды/.

Топтастыру

«Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет бөлігі бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.

1-топ: «Интернет»

2-топ: «Браузер»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

  • «Инернет, ютуб, желі» сөздері саған таныс па?

  • 1, 2 -суреттерде не бейнелеген? Ойыңмен бөліс.

  • Интернет, Ютубты не үшін қолданасың?

Сен қажетті ақпаратты қайдан іздейсің? Оқулықта берілген 3-суретке қарап әңгімеле.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабақ. «Броундық қозғалыс» әдісі

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Ары қарай оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.

Желі – бір компьютерді екіншісімен жалғайтын сым.

Интернет – әлемдегі барлық компьютерді қосатын желі.

Браузер – компьютерден интернетті ашатын программа.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

) «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Интерактивті тақтадан екі түрлі бейнедегі сурет көрсетіледі. Оқушылар топта ақылдасып, өз ойларымен бөлісіп, суреттерді бейнелейді.

  • 5-суретке назар аудар. Балалар не істеп жатыр?

  • Олар бос уақытын қалай өткізуде?

  • Екі суретті салыстыр. Ойыңмен бөліс.

Дескриптор:

  • Топта бірігіп, суреттермен танысады.

  • Суреттерді салыстырады.

  • Топтар арасында өз ойымен бөліседі.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта

(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Қандай дереккөзден көбірек ақпарат алуға болады?

(6-сурет)?

Дескриптор:

  • Берілген суреттермен танысады.

  • Суреттерді салыстырады.

Ең көп ақпарат алуға болатын ақпараттық көзді анықтайды.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –

«Талпын!».

***. (Ө) Оқулықта берілген 7-сурет бойынша талдау жасайды.

Қай суреттегі ақпарат сен үшін пайдалы (7-сурет)? Себебін түсіндір.

Дескриптор:

  • Берілген суреттермен танысады.

  • Суреттерді саыстырады.

  • Пайдалы ақпаратпен қамтылған суретті анықтайды.

  • Себебін түсіндіреді.

ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Жұмыс дәптеріндегі №3-тапсырманы орында.

Нұрлан қай таңбаның көмегімен интернетке кіріп, мультфильм көре алады? Сол таңбаға бару жолын тап.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

9-бет

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

  • Интернеттің адам үшін қандай пайдасы бар?

ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

4-сабақ. А бөлімі.

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылардың саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интернеттегі қауіпсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.

1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну.

Кейбір оқушылар үшін:

***.Желідегі ақпараттың түрлерімен жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Біз де» ойыны

Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.

1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.

Топтастыру

«Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру

1-топ: «Интернет».

2-топ: «Вирус».

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

  • Сурет бойынша өз ойыңды ортаға сал. (1-сурет).

  • Интернетте жалғыз саяхаттау қауіпті ме?

  • 2-суреттегі кейіпкерлер жайлы не білесің?

  • Интернетке олардың қандай қатысы бар?

ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта

Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің сөзі.

Интернетте қызықты ақпарат көп. Оны қолданғанда сақ болу керек. Интернеттің өз қарақшысы, вирусы және ұрысы бар. Интернетке өзің жайлы жеке ақпарат қойма (3-сурет). Бұл ақпаратты теріс пиғылды адамдар пайдаланып саған зиян жасайды. Өз қауіпсіздігің үшін интернетті пайдалану ережесін сақта.

Жаңа сабаққа кіріспе. «Білетініңіздің барлығы» әдісі.

Оқушылар тақырыпты оқуға кірісудің басында жаңа білім туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.

Жұмыс дәптеріндегі №3-тапсырманы орында.

Ребусты шеш.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

11-бет

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Т). Оқушылар топтық жұмыста бір-бірімен ақылдасады, ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығарады. Өз көзқарастарын топ арасында айтады.

1- тапсырма:

4-суретке назар аудар. Интернетті қолдану ережесін сақтамасаң қандай қауіптер туындайды?

Дескриптор:

  • Берілген суретпен танысады.

  • Топ ішінде талқылайды.

  • Интернетті қолдану ережесін сақтамаған жағдайда туындайтын қауіптер туралы айтады.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

(Ж) Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыста ақылдасып, тапсырманы орындайды.

2- тапсырма:

Кестеде интернеттің жақсы жағымен бірге теріс жағы да берілген. Жақсы жағын «+», теріс жағын «–» таңбасымен белгілейді

Дескриптор:

  • Жұбымен ой бөліседі, талқылайды.

  • Интернеттің жақсы жағын дұрыс белгілейді.

  • Интернеттің жаман жағын дұрыс белгілейді.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

(Ө) Дәптермен жұмыс Оқушылар өз дәптерлеріне төмендегі тапсырма бойынша шағын эссе жазады.

***. 3- тапсырма:

Интернетте зиян келтірмеу үшін қандай ережелерді сақтау кажет?

ҚБ: Оқушылар өзін-өзі «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө). «Жетістік баспалдағы» әдісі.

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтағы қорытынды бағалауын шығарады.

5 жұлдыздан жоғары – Жарайсың!

4 жұлдызша – Жақсы!

3 жұлдызша – Орташа!

3 жұлдызшадан төмені – Талпын!

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Жұлдызша» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.