Файл: Пн Бейнелеу нері за мерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Пән: Бейнелеу өнері

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім – Өзім туралы

Мектеп: №10 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Төлекова Л

Күні: 01.09.2022 ж

Сынып: 1 б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Сызықтар мен пішіндер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сеземдерін шығармашылық деңгейде ұсыну
Сабақтың мақсаты

Көру арқылы есте сақтау қабілеті мен байқампаздығын, түрлі түстік қатынастарды тану білігін дамыту және оларды адамның бет-әлпетімен салыстыру

Сабақтың міндеттері

Мұғалім үшін: негізгі пішіндер-үшбұрыш, дөңгелек,сопақша және тіктөртбұрышпен таныстыру. Бет пішіні мен әлпетін белгілі бір пішіндермен салыстыруды үйрету. Адамның бет әлпетіндегі түстік қатынастардың көптігін көрсету.

Оқушылар үшін: адамның бет әлпетінің оның жүзінің пішіні мен түстік қатынасына ұарай отырып суреттеу.

Нені білулері керек

Негізгі пішіндер қандай жіне олар қалай аталатынын, адамның пет пішіні қандай және қандай түстік ерекшеліктер болатынын біледі.

Нені үйренулері керек

Үйренген білімдерін тәжірибеде қолданады.

Жұмысқа қажетті материалдар

Түрлі-түсті фломастерлер мен қарындаштар

Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар

Түрлі бет-әлпетті сипаттайтын суреттер, оқулық пен жұмыс дәптері.

Материалды түсіндіру

10 минут


Ортасы

20 минут

Балаларға пішін ұғымын түсіндіру. Адамдардың тері, көз,шашының түрлерінің әртүрлілігін айтып беру.

Адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

-Портрет.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ. Ең бірінші пішін ұғымына тоқталып өтейік.

Пішін (Форма) — қарапайым орташа күрделі, күрделі, өте күрделі тікбүрышты, үшбүрышты, көпбү- рышты, цилиндрлі, жайылмалы қорамалы болып келеді. Пішіндердің көмегімен портрет салуға үйренеміз.

«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3- ке бөлінеді.

1. Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2. Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3. Толық фигуралы портрет.

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.

Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында».

  • Бір адамның бет әлпеті түрлі болып өзгеретінін білесің бе?Мына қыз балаға қарашы. Оның бет әлпеті қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді.

  • Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла.  Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде, оның бет әлпеті де өзгереді.

Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл – шындық. Сен жаңа ғана бөтен адамды танымай-ақ олардың көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.

Мимика – адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйдің айнасы. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып, күлкі шуағын шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады.

Адам мұңайғанда оның жүзінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.

Ал ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, еріндері берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды.

Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс

5 минут

Дәптермен жүмыс.

  • Фотосуреттерге назар аудар.

  • Балалардың бет-пішінін, сондай-ақ көзін, мұрны мен аузын суретте.

Сабақтың қорытындысы

5 минут

Пішін мен түс адамның бет-әлпетін сипаттауға болатын басты элементтер екенін түсінеді.

Кері байланыс



Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?