Файл: Таырыбы стазжас рпаты рухани сулеткері Атыжні Тулегенова Асемгуль Куанышбековна.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері»

Аты-жөні:Тулегенова Асемгуль Куанышбековна

Жұмыс орны: Сұлукөл ЖОББМ

Мекен жайы: Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы,Сұлукөл ауылы

Электрондық поштасы:AsemgulT77@mail.ru

«Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері»

Ұстаз -рухани сәулеткер.Өйткені әрбір елдің өсіп өркендеуі,бәсекеге қабілетті болуына ең басты көрсеткіші ол ұстаздың берген білімінде .Ұстаз болу тек тағылымы терең , ойы озық, өнерлі адамның қолынан келеді деген ойдамын. Себебі шын ұстаз болуы адамның бойындағы табиғи дарыны,таным, болмысы, қажырлы еңбектің ұштасуынан байқалатыны шындық. Жақсы ұстаз оқушылардың алдағы өміріне бағыт-бағдар беретін сенімді тұлға.Баланың бойына мойымайтын күш-жігер беретін ұстаздың ақылдылығы, адамгершілігі,көрегендігі ,ойнаудан жалықпайтын сәби секілді өз жұмысына махаббатпен қарайтын адам қандай қиыншылық болса да төзімділік танытады.Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді,керемет мұғалім-көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады» деп айтқандай ,мұғалімнің тәрбиесі баланың болашақ азығы екені анық.Менің де мектептен қоштасқаныма біраз жылдар болса да тәлім-тәрбие берген көкірегі ояу,көңілі ашық аяулы ұстаздардың есімдері жадыңда ,жүректің түбінде сақталып қалды.Қазіргі мұғалімдердің өміріне түсіністікпен қараймын.Себебі өзімде осы мектепте оқып,қазір тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп жатырмын.Балаларды зерттеп олардың бойындағы ерекше қабілеттерін жетілдіруге ықпал етсем ол ұстаз бен оқушының арасында берік көпір болары анық.Бүгінгі оқушылар бақытты замануи технологиялардың кезінде өмір сүріп жатыр, ол болашақ ұрпаққа алаңсыз тек жан-жақты білім алуына жақсы мүмкіндік болып отыр." Мұғалім өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт пішіні,киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді" деп Мәлік Ғабдуллин айтқандай мұғалімнің өмірдің барлық қыр-сырын білуге,баланың жан дүинесіне білім шуағын түсіріп,адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі мәртебелі биік орын алатыны сөзсіз.Кез келген ұстаздың алдына қойған міндеті төл мәдениетін құрметтей білетін,рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі шыңдалған,жан-жақты ақпараттандырылған,заман ағымына бейімделген белсенді ұрпақ тәрбиелеу.Дүниетанымы озық,өз ісіне шын берілген,қамқорлық пен сүйіспеншілік ,ұйымдастырушылық қабілет осы заманға сай даралық қасиеттер мұғалімді бақыт шыңына жеткізеді. Мұғалім қай кезде өзін-өзі таниды? Әрине өзі тәрбиелеген оқушылары өмір жолында биік шыңдарға шығып,білікті маман иелері болып әлемге танылса ұстазға сол кезде өзін тани алады. Мектепте жұмыс істей жүріп,ұжымдағы мұғалімдердің бойынан сыпайылық,еңбекқорлық,төзімділік,балаға деген мейірімділік,жанашырлық қасиеттерінен үлгі алып,ұстаздармен бірге оқушылардың бойына үлгілі тәрбие,жүйелі білім беріп келемін.Қазақтың мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев айтқандай «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткенде,егеменді еліміздің ертеңін ойлар білімді,зерек,саналы ұрпақ,Отанын қастерлейтін,салт-дәстүрін дәріптейтін,туған жерін,ұлтын сүйетін азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің атқаратын қызметі орасан зор екенін мойындаймын.Қазақстан Республикасының өркендеуіне аз болса да өз үлесімді қоссам,мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ екені шындық.