Файл: Ксіпкерлік субъектілері жне оларды Жмыс істеу шарттары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 92
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ
Кәсіпкерлік субъектілері-
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. -
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі. -
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтықкодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары
-
Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:
-
Кәсіпкерлік субъектілерін осы баптың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:
басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескеріле отырып айқындалады.
Соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы жылдық орташа кіріс деп есептеледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында өзге де өлшемшарттар көзделуі мүмкін.
-
Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
-
Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:
-
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті; -
акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді; -
астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті; -
лотереялар өткізуді; -
ойын бизнесі саласындағы қызметті; -
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті; -
банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа); -
аудиторлық қызметті; -
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті; -
кредиттік бюролар қызметін; -
күзет қызметін; -
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.
Осытармақтакөрсетілгенқызметтіжүзегеасыратындаракәсіпкерлермензаңдытұлғалар-ортакәсіпкерліксубъектілеріне,алосыбаптың6-тармағындабелгіленгенөлшемшарттарғасайкелгенжағдайдаірікәсіпкерліксубъектілерінежатқызылады.ҚазақстанРеспубликасыныңсалықзаңнамасынасәйкесойынбизнесісалығын,тіркелгенсалықтыжәнебірыңғайжерсалығынтөлеушілерболыптабылатынжекекәсіпкерліксубъектілеріүшінжұмыскерлердіңсаныбойыншаөлшемшартпайдаланылады.
-
Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, осы баптың 3 және 6-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. -
Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттардың біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлықесептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.