Файл: Геометриялы оптика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 398

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Геометриялық оптика

  1. Екі орта шекарасына сәуле a = 600 бұрышпен түседі. Сынған сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш =900. Ортаның сыну көрсеткішін анықтаңыз. Ж: n=1,73.

  2. Жинағыш линзадан 40 см қашықтықта орналасқан нәрсенің кескіні 1,5 есе ұлғаяды. Линзаның фокус аралығы қандай? Жауабы: 0,24 м.

  3. Жинағыш линзаның фокус аралығы f=0,2 м. Нәрсенің кескіні өзінің биіктігінен 4 есе үлкен болу үшін, нәрсені линзадан қандай қашықтыққа орналастыру қажет? Жауабы: а=0,25 м.

  4. Нәрсе жұқа жинағыш линзадан 5 м қашықтықта орналасқан. Нәрсе мен шын кескіннің арақашықтығы 12,5 м. Линзаның оптикалық күші неге тең?

Жауабы: 0,33дптр.

  1. Екі жақты дөңес линзаның қисықтық радиустары R1=R2=50 см. Линза материалының сыну көрсеткіші n=1,5. Линзаның оптикалық күшін табыңыз.

Жауабы: 2 дптр.

  1. Егер сфералық ойыс айна мен нәрсенің арақашықтығы 0,4 м, ал айна мен кескіннің арақышықтығы 1,6 м болса, айнаның қисықтық радиусы қанша?

Жауабы: 0,64м.

  1. Лупаның фокус аралығы f=2 см. Қалыпты көз үшін L=25 см қашықтықтағы Г ұлғаюды анықтаңыз. Жауабы: 12,5.

  2. Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық а=0,17 м. Нәрсенің кескіні өзінің биіктігінен 4 есе үлкен болу үшін, линзадан кескінге дейінгі қашықтық қандай болу қажет? Жауабы: b=0,68 м.

  3. Әйнектің сыну көрсеткіші n=1,52. Әйнек-ауа шекарасы үшін β толық ішкі шағылу бұрышын анықтаңыз. Жауабы: sinα=0.65.

  4. Жарық сәулесі ауа-шыны шекарасына 600-пен түседі. Егер шынының сыну көрсеткіші болса, онда сәуленің сыну бұрышын табыңыз. Жауабы: 300

  5. Жарық сәулесі шыныдан вакуумға өтеді. Шекті бұрыш 300-қа тең. Шыныдағы жарық жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 1,5108 м/с

  6. Жарықтың белгісіз ортадан ауаға өткен кездегі шекті бұрышы 300-қа тең. Осы ортаның сыну көрсеткішін табыңыз. Жауабы: 2

  7. Егер оптикалық күші 4 дптр дене линзадан 50 см қашықтықта орналасса, онда жинағыш линзаның сызықтық ұлғаюы неге тең? Жауабы: 1

  8. Жарық күші 100 кд шам, радиусы 1 м дөңгелек столдың орталығынан 1 м биіктікте ілулі тұр. Стол шетіндегі жарықталынуды табыңыз. Жауабы: 25 лк

  9. Жарық күші 50 кд болатын шам үстел центрінен 1 м биіктікте ілініп тұр. Радиусы 1 м үстелдің шетінде жатқан кітаптың жарықталынуын табыңыз. Жауабы: лк.

  10. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 20 см, ал линзадан нақты кескінге дейінгі қашықтық 30 см, жинағыш линзаның фокус аралығын анықтаңыз. Жауабы: 12 см

  11. Фокус аралығы 20 см жинағыш линза арқылы үлкею еселігі 1/4 болатын нақты кескін алуға болады. Дене мен кескін аралығы қанша? Жауабы: 125 см.

  12. Жинағыш жұқа линзаның сыну көрсеткіші 1,5 екі бетінің қисықтық радиусы 15 см және 30 см, егер дене аралығы 100 см болса, кескін аралығы мен үлкею еселігін табыңыз. Жауабы: 25 см, 1/4.

  13. Жұқа шашыратқыш линзаның оптикалық күші D=-2,5 дптр. Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық 50 см, нәрседен кескінге дейінгі қашықтық неге тең?


Жауабы: 41 см.

  1. Сыну көрсеткіші 1,52 болатын жинағыш жұқа линзаның бір бетінің қисықтық радиусы екінші бетінің қисықтық радиусының екі есе үлкен. Линзаның фокус аралығы 5 см болса, линзаның екі бетінің қисықтық радиусын табыңыз.

Жауабы: 3,9 см, 7,8 см.

  1. Екі еселік фокус аралығы 80 см жинағыш линзаның оптикалық күшін анықтаңыз. Жауабы: 2,5 дптр

  2. Жарықтың белгісіз ортадан ауаға өткендегі толық ішкі шағылуының шекті бұрышы 300. Осы ортаның сыну көрсеткішін анықтаңыз. Жауабы: 2,0

  3. Биіктігі 2 см дене жинағыш линзадан екі фокус аралығында тұрған кезде дене кескіні қандай мөлшерде болады? Жауабы: 2 см

  4. Дене жинағыш линзадан 6 см қашықтықта тұр. Егер линзадан кескінге дейінгі аралық 24 см болса, онда дененің сызықтық ұлғаюы қандай? Жауабы: 4

  5. Денеден лупаға дейінгі қашықтық 25 см болса, онда оптикалық күші 8 дптр лупа қандай ұлғаюды береді? Жауабы: 1

  6. Ауада тұрған жұқа шыны жазық-дөңес линзаның оптикалық күшін анықтаңыз. Линзаның қисықтық радиусы R=0,2 м, сыну көрсеткіші n=1,5. Жауабы: 2,5 дптр.

  7. Кескін мөлшері дене мөлшеріне тең болса, жинағыш линзаның оптикалық күші қандай болады? Линзадан кескінге дейінгі қашықтық 0,2 м-ге тең.

Жауабы: 10 дптр

  1. Қол жазба немесе баспа материалдарын оқу үшін ең қолайлы жарықтану 50 лк деп саналады. Столдың үстіндегі электр шамының дәл астында орналасқан нүктелерде осындай жарықтануды алу үшін, жарық күші 50 кд лампаны қандай биіктікте ілу керек? Жауабы: 1 м.

  2. Жинағыш линзаның оптикалық күші 6 дптр. Линзадан 25 см қашықтықта заттың жалған кескінін алу үшін, оны линзадан қандай қашықтықта орналастыру керек?

Жауабы: 10 см

  1. Жинағыш жұқа линзаның оптикалық күші 2 дптр. Нәрсенің линзадан қашықтығы 75 см. Нәрседен кескінге дейінгі қашықтығын табыңыз. Жауабы: 2,25 м.

  2. Ауадағы толқын ұзындығы 750 нм, ал сыну көрсеткіші 2,5 болатын ортадағы жарық толқын ұзындығы қандай болады? Жауабы: 300 нм

  3. Сыну көрсеткіші n=1,5 қос дөңес линзаның қисықтық беттерінің радиустары бірдей, 10 см-ге тең. Осы линзаның көмегімен алынатын кескін нәрседен 5 есе үлкен. Нәрседен кескінге арақашықтықты анықтаңыз. Жауабы: (a+b)=0.72 м.