Файл: 5 "А" сыныбыны жылды бойынша ткізілген трбие жмыстарыны есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5 "А" сыныбының жылдық бойынша

өткізілген тәрбие жұмыстарының есебі

Адамгершілік, ізгілік, елжандық, отансүйгіштік, ер жүректік сияқты ізгі қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру, халықтың ғасырлар бойғы іріктеп жинақталған озық тәжірибесін насихаттау, баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру, дүние танымын дамыту, тиянақты білім бере отырып, тәрбиелеу. Ұлтжанды, иманды инабатты, іскер, мәдениетті, халық салтын сүйетін, тілін, дінін құрметтейтін, ойлау қабілеті жоғары саналы тұлғалар тәрбиелеу міне осы айтылған мақсаттарды жүзеге асыру мектептің тәрбие жұмыстарынан басталады.

Оқушылардың туған жерге, Отанға, ана тіліне сүйіспеншілікті қалыптастыру, ұлтымыздың мәдени - тарихи мұраларын құрметтеуге, сақтауға үйрету. Мемлекеттік тіл - қазақ тілін жан - жақты игеретін жаңа тәрбие мазмұнын қалыптастыру. Халқымыздың салт - дәстүрлерін құрметтеуге үйрету. Барлық тәрбиелік істе баланы жеке тұлға деп танып, жан - жақты қалыптастыру болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері: Мектептің тәрбие жүйесі, сынып жетекшілермен әдістемелік жұмыс негізгі шешуші жұмыс болып табылады.

Міне, 2022-2023 оқу жылы аяқталды. . Жыл басында тәрбие жұмысы үшін құрылған сабақ жоспарлары I-жарты жылдық бойынша өз нәтижелеріне жетті.

Тәрбие жұмысының мақсаты:

1.Оқушыларға сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру.

2.Оқушылардың Отан алдында жауап беру,оны қорғау қабілетін қалыптастыру.

Қоғам өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде хабардар ету.

3.Оқушылардың рухын көтеру.Сапалы білім насихаттау.

4.Оқушыларды адамдар арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орната білуге бағытталған рухта тәрбие беру.

5.Табиғатты қорғау,денсаулық сақтау,салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жауапкершілігін арттыру.

Міндеті:

1.Мектеп ережесін сақтау.

2.Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған оған деген құрметті күшейту.


3.Денсаулық сақтау,салауатты өмір салтын қалыптастыру.

4.Табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

5.Мінез-құлық,қарым-қатынас мәдениеті мен өзін-өзі тәрбиелеудің дағдыларын қалыптастыру - болатын.

Сынып оқушылары өте белсенді, өз беттерімен шешім қабылдай алады, барлық мектепшілік іс - шараларға белсене ат салыса білді. Бір - біріне деген қарым - қатынастары жақсы, бір - біріне қамқоршы. Әр уақытта сынып жетекшісіне қолқанат. Қоғамдық жұмыстардан мектепшілік, аудандық іс - шаралардан қалыспайды. Сынып сағаттары тәрбиелі мәнде жүргізіліді. Спорттық ойындарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Мектепішілі спорттық іс шараларға волейбол,пианербол жарыстарға қатысып 1-2 орындар алды. Мектептің концерттеріне белсене қатысады. Әз Наурыз мерекемізде дәстүрлі тамағымызды дайындап, өзіміз дайындаған номерімізді көрсеттік.

I-жарты жылдық бойынша өткізілген сынып сағаттары:


Мерзімі



апта

Күні

Тақырыбы

Қыркүйек



01

Маңғыстау татулық пен бірліктің Отаны



07

Жанұя – кішігірім мемлекет



14

Таза болса табиғат, аман болар адамзат



21

Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз



28

Қарым-қатынас – ізгілік пен адамгершілік бастауы

Қазан



05

Қарттарым-асыл қазынам



12

Кітап – асыл қазына



19

«Отаным –бақыт ордасы»



26

«Күз – мерекем, күз – берекем»

Қараша



02

«Адамгершілік - асыл қасиет»







16

«СПИД ғасыр дерті»




23

«Елбасы - ел тірегі»



30

«Заң білмеген зардап шегеді»