Файл: Сертификат 1 Квартал Астмага карсы дарiлiк заттарды корсетiнiз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 2516

Скачиваний: 17

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Аталғандардың қайсысы нәрестелердің салмақ жоғалтуын алдын алу әдісі болып табылады?Баланы ерте ана кеудесіне жатқызу

Аталғандардың қайсысы ревматізмнің біріншілікті профилактикасы болып табылады? Созылмалы инфекция ошағын санациялау

Аталғандардың қайсысы стенокардияны дамуының негізгі себебі болып табылады? Тәждік артериялардың атеросклерозы

Аталғандардың қайсысы сілекейдің негізгі ферменті болып табылады?амилаза мен мальтаза

Аталғандардың қайсысы тежегіш медиаторларына жатады?аргинин, валин

Аталғандардың қайсысы тіндерді ажырату құралдарына жатады?Купер қайшысы

Аталғанның ішінен жетіліп туылған нәрестеге тән белгіні көрсетіңіз: Тері жамылғылары күлгін,бархатты

Ауруының 3күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Фельдшер "пневмония" диагнозын қойды және антибиотик тағайындады. "Пневмония" диагнозында антибиотик неше күнге тағайындалады? 3 күн

Ауруының 3-ші күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Фельдшер балада қандай симптомдарды бірінші кезекте анықтау қажет?қауіптің жалпы симптомдары

Ауруының 3-ші күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Алдын ала қай диагноз жайлы ойлайсыз? Пневмония

Ауруының 3-ші күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Фельдшер "пневмония" диагнозын қойды және антибиотик тағайындады. "Пневмония" диагнозын қандай тексеру әдісі дәлелдейді? кеуде клеткасының рентгенографиясы


Ауыл халқына медициналық көмек көрсетудің бірінші кезеңін жүзеге асыратын денсаулық сақтау құрылымын анықтау: ФАП

Ауыр дәрежелі сусыздану кезінде тері қатпары жазылады:2 секундтан артық

Ауыр сусызданумен болатын диареяда, егер бала су іше алмаса, сұйықтықты тамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр сусызданумен болатын диареяда қандай ерітінді тамырішілік енгізіледі?Рингер лактат

Ашық пневмоторакспен науқасқа қандай шұғыл көмек көрсету керек?Окклюзионды таңғыш салу

Аяқ сынығы бойынша иммобилизацияланатын науқастың табаны қалай орналасу керек?Балтыр сүйегіне 90 градус бұрышпен

Аяқ-қол артериясынан қан кету кезіндегі қан тоқтататын байламды салуының дұрыстық критериі болып саналады:Байлам салған жерден төмен аяқ- қолдағы

Ә

Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес ми қыртысы клиникалық өлім басталғаннан кейін 5-6 минуттан соң өледі. Реанимациялық іс-шараларды осы уақыттан ұзақтау жасауға болады ма?Ия, себебі реанимация ми жасушасының тіршілік мерзімін ұзартады.

Б.

Бала 1,5 жаста. Аздаған жарақаттан кейін қан тоқтамайды. Анамнезінен отбасындағы бірінші бала қан кетуден қайтыс болғаны анықталды. Болжамды диагноз қойылды: "Гемофилия". Гемофилия кезінде қан ұюы не себептен бұзылады? антигемофильді фактордың жеткіліксіздігі

Бала 15 жаста. Артериялық гипертензия бойынша диспансерлік бақылауда тұр. Отбасылық анамнезі қолайсыз. Аймақтық дәрігерге мына шағымдармен келді: кенеттен дамыған бас ауру, бас айналу, құлақтағы шу. АҚ 170/90. Шұғыл госпитализацияға көрсеткішті көрсетіңіз: гипертониялық криз

Бала 15 жаста. Эндокринологта І типті қант диабеті диагнозымен қарауда тұр. Инсулинотерапия, тамақтану бойынша ұсыныстарды орындайды, бірақ аурудың ағымы ауыр, бірнеше рет ауруханаға кетоацидозбен түскен, жиі гипогликемиялық жағдайлар болады. Ата-анасы гликемия деңгейін қадағаламайды. Осы клиникалық жағдайда баланың жағдайын не жақсартуы мүмкін?гликемия деңгейін өзі бақылау мен өзіндік дамуға үйрету

Бала 2 жаста, жедел ларингит диагнозы қойылған. Балаларда осы аурудың негізгі белгісіне жатады: дауыстың қарлығуы

Бала 2 жаста, шұғыл түрде балалар ауруханасына тыныс жеткіліксіздік белгілерімен жеткізілді. Қабылдау бөлімінде пульсоксиметрия жүргізілді. Осы құрылғы өлшейтін көрсеткіштерді көрсетіңіз:

оттегімен қаныққан гемоглобин пайызы

Бала 4 жаста. Аймақтық дәрігер үйге шақырылған. Жөтелге, дене температурасының жоғарлауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымданады. 3 күн бойы симптоматикалық ем қабылдған, ем нәтижесіз. Қарау барысында тері жамылғылары боз, мұрын- ерін үшбұрышының цианозы. Өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз:

Бала 7 айлық. Қосымша тамақтанудың 2 түрін алуда. Медбике анасына құрамында гемдік темір бар тағамдар ұсынды. Қай аурудың алдын алу мақсатында баланың тамағына гемдік темір қосу керек? Анемия

Бала заттарды қысқыш тәрізді ұстайды, кейін шымшып алады,ойыншықты бір қолынан екінші қолына салады, геометриялық мүсіндерді бояйды. Баланың қай дамуы жайлы ойлауға болады?когнитивті

Бала өздігінен жүреді,көмексіз отырады,болмайды деген сөзді түсінеді,8-0 сөз айтады,өздігінен кеседен іше алады(кесені қолымен алып,үстелге қояды). Баланың айын анықтаңыз:12 ай

Балаға 15 күн. Анасының айтуы бойынша, балада таңертең емізгеннен кейін бір рет құсу болған. 1 сағаттан кейін құсу қайталанды және анасы жедел жәрдем шақырды. Бір рет тырысу болған. Дене температурасы қалыпты. Баланың есі анық. Анамнезінен: бала бірініші жүктіліктен, бірінші босанудан. 38 апта мерзімінде туылды. Жүктілік тыныш өткен, гестоздар болмаған. Инфекциялық аурулармен байланыс болмаған. Генетикалық анамнез қалыпты. 15 күн ішінде ауырмаған. Болжамды диагноз қойылды: "Жедел ми қанайналымының бұзылысы". Қай диагностика әдісі сіздің болжамды диагнозыңызды дәлелдейді? бастың МРТ

Балаға 2 ай. Барлық екпелерін ҚР Мемлекеттік күнтізбеге сай алған. Бір айдан соң 3айлығында екпе салуға шақырылған. 3 айлық бала қандай екпелерді алу керек?АбКДС, ИПВ

Балалар ауруханасына 2 жастағы бала интоксикация, қызба, минутына 45 ретке дейін жиілеген тыныс, шулы қиындаған тыныс, тыныс алудың қиындауымен түсті. Диагноз қойылды: Пневмония. Демікпелі тыныс. Тағайындалды: антибиотик 100 мың.ед/кг, вентолин (тез әсер көрсететін бронхолитик). Балаға вентолинді қай сызба бойынша беру керек? 20 минут интервалымен 3 цикл

Балалар ауруын ықпалдастыра жүргізу (БАЫЖ) бойынша ауыр анемия белгілері: алақанның айқын бозаруы

Балаларда диарея кезінде болатын Оральды регидратацияның І кезеңінің ұзақтығы:4-6 сағат

Балалардағы лимфоидты тіннің кері даму қай жаста болады?
14-15жас

Баланы тексеруге әр келген сайын медбике әр баладағы 4 кезеңнен тұратын қауіптің жалпы белгілерін тексеру керек. 1 кезеңде медбике анасынан не сұрау керек? бала су іше немесе еме алады ма?

Баланың салмағы 25 кг,бойының ұзындығы 123 см. Бала жасын анықтаңыз:7 жас

Балтыр аймағындағы артериялық қан кетуде қан тоқтататын байлам салынады:Санның төменгі үштен бір бөлігіне

Барлық транзиторлы- ишемиялық шабуылға ұшыраған науқастар емделуі керек: Арнайы инсульт орталықтарында

Бас ауруы, лоқсу, құсу, естен тану инсульт кезіндегі қандай симптомға жатады?жалпы милық

Бауыр шаншуы кезіндегі шұғыл жәрдем: кеторол, дротаверин

Белсенді әңгімелесіп отырған орта жастағы ер адам кенеттен бозарып, есін жоғалтты. Дем алысы жоқ. Жүрек дефибрилляциясын жасауға нұсқаулықты атаңыз:Тамыр соғысынсыз тахикардия

Берілген суретте қай ауруының бастапқы кезеңіне тән белгісі көрсетілген? Рахит

Бициллинмен профилактика қай ауруда жүргізіледі?ревматикалық қызба

Бөлімшеде жоспарлы қарау жүргізгеннен кейін емдеуші дәрігердің тағайындамаларын орындауға дайындалу барысында дәрігер орта мөлшерлемеден үш есе асатын препарат мөлшерін тағайындағанын анықтадыңыз. Осы жағдайда не жасау қажет?емдеуші дәрігерге айту

Бронхты демікпесі және қуықалды без аденомасы бар егде науқасқа ұстаманы тоқтату үшін қолдануға қарсы көрсетілім: Ипратропиум бромиді\

Буын шығуының белгілері:Буын аймағындағы деформация

Бұғананың ортанғы бөлігінде «крепитация» белгісі анықталса, қандай зақымдануға күдіктенуге болады: Бұғананың сынуы

Бұғананың ортаңғы 1/3 бөлігінде "батырма" симптомын анықтағанда қандай зақымдануды күдіктенесіз? Бұғана сынығы

Бүйрек ауруларында болатын ісінудің себебі: қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

Бүйрек ауруының өршу кезеңінде науқастың күтімін жүргізу барысында мейірбике қандай емдәмнің ұстануын қадағалау қажет? ақуыз бен тұзды шектеумен №7 емдәмді ұстануды

Бүйрек ұстамасы дамуының негізінде жатыр: зәр шығудың бұзылысы

Бірнеше шаш фолликулдары және тері бездерінің қабынуы аталады: карбункул

Бірінші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясының алдында Манту сынамасын жүргізу барысында 2 оқушының нәтижелері оң мәнді болды. Манту сынамасының қай нәтижесі оң мәнді болып саналады? папула 5мм жоғары


В

Вишневский бойынша инфильтрациялық анестезия жүргізу үшін нені қолданады? 0,25% новокаин ерітіндісі

Г.

Гемостатикалық мақсатта қолданылады:дицинон

Гемотрансфузиялық шоктың себебі: қанның топ бойынша сәйкессіздігі

Гидратация сатысында таңу жиілігі қандай? Күнделікті

Гипергликемиялық кома кезінде ауызынан қандай иіс шығады? Ацетонды

Гипертониялық клизма тағайындау көрсеткіші: атониялық іш қату

Гипертониялық кризбен науқас неге шағымданады?бастың қатты ауруы, құлақтағы шуыл, көз қараутыуы

Гиповолемиялық шокты емдеу үшін жедел медициналық көмек көрсету жағдайында енгізіледі:Плазма алмастырғыштар

Гипостатура-бұл жасынан қалып қою:Дене салмағы және салмағы

Гликогеннің глюкозаға дейін ыдырау үрдісі қалай аталады?гликогенолиз

Гломерулонефрит кезінде ісіну синдромының динамикасын қадағалау үшін балаға не тағайындау қажет:Салмақты және диурезді қадағалау

Д

Дәрігер жас анамен жаңа туылған нәресте күтімі жайлы сөйлесуде. 5 ұсыныстың 4 еуі кенеттен болатын өлімнің алдын алуға арналған. Жалпы сипаттағы ұсынысты көрсетіңіз: нәрестені кеудеге дұрыс үйрету

Дәрілік заттарды көктамыр арқылы енгізудің ең негізгі артықшылығы: Жедел көмек кезіндегі тиімділігі

Донор мен реципиент қанының резус сәйкестігін анықтау сынамасын жасаған кезде құтыда агглютинация реакциясы болды. Бұл ненің белгісі?Резус фактор бойынша сәйкес келмейді

Донор мен реципиент қанының топтық сәйкестігін анықтау сынамасын жасағанда агглютинация болған жоқ. Ол не туралы болжайды?Топтық сәйкестігіне жатады

Дөрекі "үрмелі" жөтел, дауыстың қарлығуы, афония тән: ларингитке

Е

Егер бала емшекке қате салынған болса, онда сіз байқайсыз:астыңғы ернінің ішіне бүрілгенін

Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса, науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз:Жұтқыншақ абсцессі

Егер бикс бір рет болса да ашылған болса, биксте сақталған материалдар қанша уақыт аралғында қолдануға жарамды болып есептеледі: 24 сағ

Егер имплантацияланған кардиостимулятор бар науқасқа реанимациялық шаралар жүргізілсе:Дефибриллятор фибрилляция анықталғанда қолданылады

Егер күйіктің жалпы аймығы 30%,соның ішінде 10% терең күйік болғанда,күйіктің ауырлық индексі қандай(Франк индексі)? 0,5

Егер реактивтіге дейінгі кезеңде гиперемия, ісіну, теріде мөлдір сұйықтықтарға толы көпіршік пайда болса, үсіктің қай дәрежесі?