Файл: 204 жалпы білім беретін мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Алматы қаласы Білім басқармасының “№204 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отаным- анам! Оны қорғай біл!»

Өткізген: Дархан Мәдина

Сынып: 6 “Ә”

2022-2023 оқу жылы

Бекітілді _______________________

Тәрбие сағаты




Күні 25.04.2023




Сынып жетекші:

Дархан М.Ж

Сынып: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Отаным- анам! Оны қорғай біл!»

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, Бейбарыс ескерткішінің ашылу сәтін видеодан көрсету.

Үлестірмелі материалдар

1. Карта (саяси);
2. Кесте;
3. Бейбарыстың бейнесі;
4. Кітап көрмесі;

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Шаттық шеңбер: «Жақсы көңіл-күй сыйлау»

Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.

- Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Отан туралы өлеңдер.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?

Өту барысында өз Отанымыз туралы ой-пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен , әдемі, әрі бай.

Оқушылар

мұғаліммен амандасады,

түгенделеді,

мектеп

партасындағы қатарлары 

бойынша  

орындарына

отырады.
Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Мақал-мәтелдер айтады.




Жақсы
Өте жақсы
«Тамаша»

презентация



Сабақ ортасы

Сабақ соңы


Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

Қазақстан - Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Қорытынды:

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!


Оқушылар Отанға деген ыстық ықыластарымен бөліседі


Сабақты қорытындылайды


«Жақсы»

«Өте жақсы»

«Тамаша»

презентация