Файл: Vii. 9,11сыныбы бойынша мемлекеттік емтихан жне лтты бірыай тестілеу орытындысы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 113
Скачиваний: 2
| Пән | 2012-2013оқу жылы | 2013-2014 оқужылы | 2014-2015оқу жылы | |||||||||
| | Оқуш | Үлгері | Б/с | ООД | Оқуш | Үлгері | Б/с | ООД | Оқуш | Үлгері | Б/с | ООД |
| Қ.т | 24 | 100 | 79 | 52,3 | 24 | 100 | 54 | 55,6 | 35 | 100 | 68 | 61,3 |
| Мат. | 24 | 100 | 58 | 58 | 24 | 100 | 42 | 52 | 35 | 100 | 48 | 56,8 |
| Ор.т | 24 | 100 | 54 | 64 | 24 | 100 | 46 | 58 | 35 | 100 | 60 | 64 |
Салыстырмалы кестеден байқалғандай негізгі пәндерден білім сапасын өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғарлағаны байқалып, пән мұғалімдері Шәңгішбаева А.С., Илюбаева А.А., Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә., Ахметова Ш.Қ. пәндердің оқытылу сапасын көтеру мақсатындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттырған. Сабақтарда деңгейлі бағдарлама модульдері мен заманауи оқыту тәсілдерін, АКТ-ны нәтижелі қолданған.Таңдау пәндері бойынша қорытынды кестесі:
| Пән аты | Оқушы саны | Үлгерім | Білім сапасы | ООД |
| Қ. тарихы | 8 | 100 | 33,5 | 55,5 |
| география | 2 | 100 | 100 | 82 |
| биология | 10 | 100 | 40 | 60 |
| физика | 9 | 100 | 56 | 63 |
| Ағылшын т. | 4 | 100 | 100 | 82 |
| Химия | 2 | 100 | 100 | 82 |
, 3 оқушы жылдық бағамен салыстырғанда прогресс байқатты. Оқушылар емтихан жұмысы барысында өрнекті қысқаша көбейту формуласын қолданып, ықшамдау, теңсіздікті шешу, прогрессияның белгісіз мүшесін табу тапсырмаларын жақсы деңгейде орындағанмен, тригонометрия өрнегінің мәнін табу, берілген аралыққа тиісті теңсіздік шешімін салудан қателер жіберген. Мұғалімдер Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә. математикалық функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді шешу құралы ретінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды терең ойластыру керек. Орыс тілі пәнінен сынып оқушылары ауызша емтихан тапсырып, 13 оқушы жылдық бағамен салыстырғанда прогресс байқатты. Пән мұғалімі Ахметова Ш.Қ. оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, АКТ мен электронды оқулық тапсырмаларын шеберлікпен қолданып, оқушылардың білім беріктігін қамтамасыз ете білген. Оқушылар сөз таптары, сөзжасам, оқшау сөздер мен бірыңғай мүшелер тарауларын жақсы деңгейде меңгергендерін байқатты. Алайда, төл сөздің пунктуациясы және сабақтас құрмалас түрлерінен қателер жіберді. Мұғалімге оқыту сапасы мен оқушының білім сапасын үздіксіз байланыста ұстау керек. Қазақстан тарихы пәні бойынша 9-сыныпта 8 оқушы таңдау пәні ретінде емтихан тапсырып, желтоқсан оқиғасы, Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі, Моғолстан мемлекетінің құрылуы тақырыптарын жақсы меңгергендерін байқатты. Алайда, мұғалім Азылханова А.Б. оқушыларда тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруды әлсіз жүргізгендіктен, пәннің орташа оқытылуы стандарттың сынаулы деңгейін байқатты. География пәнінен 2 оқушы таңдау бойынша емтихан тапсырып, картамен географиялық байланыс жасау, Қазақстанның шаруашылығы мен жер бедері, халқы туралы деректерді жақсы меңгергендерін байқатты. Дегенмен, оқушылар аймақтық компонент пен шетелдік компанияларда шаруашылық бойынша қателер жіберді. Сондықтан, мұғалімге географиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс әртүрлі жағдаяттарда қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сабақта пайдалану ұсынылады. Биология пәнінен 10 оқушы емтихан тапсырып, негізгі мектеп курсы бойынша білімдерін көрсетті.Емтихан барысында оқушылар эволюциялық білім негіздері, Ч.Дарвиннің теориясы, генетика негіздері, жасуша құрылысы мен тіршілік үшін күрес, бейімдеушілік түрлері, фотосинтез тақырыптарын жақсы айтқандарымен, жасушадағы энергетикалық алмасу, экожүйе, макроэволюция, оның бағыттары, жерде тіршіліктің пайда болуы тақырыптарын төмен деңгейде меңгергендерін байқатты. Мұғалім Бисатова Ғ.Ш. оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру мақсатында деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарға жүйелі түрде тиімді ықпалдастыруды қарастыру керек.
Физика пәнінен 9оқушы емтихан тапсырып, пәннің орташа оқытылуы емтихан нәтижесінде стандарттың жеткілікті деңгейін байқатты. Оқушылар қозғалыс түрлері, энергия, оның айналуы, күш туралы білімдері жақсы болғанмен, пайдалы әсер коэфиценті, жылу машинасы, жай механизмдер тақырыптарын әлсіз меңгерген. Мұғалім Дамухан М. пәнді оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу керектігі байқалды. Ағылшын тілі пәнінен 4 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырып, өз білімдерін ақтап шықты. Емтихан барысында шақтар және лексикалық тапсырмаларды, тақырып бойынша монологтық сөйлеуді жақсы орындағанмен, граммикалық тапсырмалардан кемшілік байқалды. Мұғалім Шоматова Ә.А. оқушыларға түсінікті тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып жалпы және арнайы іскерліктерді қалыптастыру мен жетілдіруді инновациялық оқыту түрлері арқылы дамыту қажет. Химия пәнінен 2 оқушымемлекеттік емтихан тапсырып, электролиттік диссоциация, металдардың химиялық қасиеттері, бейметалдардың физикалық касиеттері тақырыптарын жақсы меңгергендерін байқатты. Алайда, топтық жалпы сипаттамаы, молярлық масса есептеуден қателер жіберді. Мұғалім Тогузова А.З. химияны оқытуда оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс-әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға қажетті химиялық білімдермен қаруландыру міндеттерін шеше білген. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына талдау.Мектеп әкімшілігі 2014-2015 оқу жылында мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау мақсаттарын белгілеген:
-
Оқушының мемлекеттік білім бағдарламасын орта мектеп курсы бойынша меңгеру нәтижесін бақылау; -
Тестілеу жүйесіне енгізілген негізгі пәндер мен таңдау пәні бойынша білім деңгейін байқау; -
Орта мектеп курсы бойынша теориялық материалдың жан-жақты меңгерілуі және практикада қолдана білу біліктері мен дағдысын есепке алу. -
Қорытынды аттестаттау арқылы оқушы білімін жан-жақты есепке алу.
Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жылдық қорытынды бойынша білім сапаларының салыстырмалы нәтижелері.
| Пән | Мұғалімнің аты-жөні | Орта ұпай | Білім сапасы | ҰБТ ООД | Жылдық білім са/ы | Жылдық ООД |
| Қазақ тілі | Саньязова Б.Қ. | 22 | 100 | 94 | 85 | 89 |
| Орыс тілі | Ахметова Ш.Қ. | 17 | 85 | 80 | 85 | 85 |
| математика | Турсиянова Н.А. | 19 | 85 | 80 | 85 | 75 |
| Тарих | Азылханова А.Б. | 21 | 100 | 84 | 85 | 75 |
| биология | Бисатова Ғ.Ш. | 19 | 100 | 64 | 100 | 95 |
| география | Жампеисов Е.Т. | 21 | 100 | 100 | 100 | 95 |
| Қазақ әдебиет | Саньязова Б.Қ. | 19 | 100 | 64 | 100 | 89 |
| Физика | Оралбаева Р.Т. | 15 | 75 | 57 | 85 | 70 |