Файл: Vii. 9,11сыныбы бойынша мемлекеттік емтихан жне лтты бірыай тестілеу орытындысы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Барлық оқушы саны

Жинаған ұпайлардың сандық салыстырмалы көрсеткіштері




100-117

90-95

65

7

4

2

1

Тестілеу нәтижесінде барлық пәндерден жақсы білім сапасын көрсетіп, жоғары ұпай жинаған оқушылар: Қаирдинова А.-117, Маулетханова Ж.-108, Қаныбек М.-111, Құмарбекова А.-102. Мектеп бойынша жоғары ұпай 117 болса, ең төменгі ұпай 65 болды.

Оқушылардың жеке пәндер бойынша ұпай санын қарастырсақ:

Оқушы

Қаз.т.

Рус.яз

тарих

Мате

биол

физик

Геогр

әдеби

ұпай

Қаирдинова А.

24

22

25

25







21




117

Еркінбекқызы А.

24

14

20

16




16







90

Маулетханова Ж.

23

20

24

22










19

108

Қаныбек М.

24

24

21

23




19







111

Құмарбекова А.

25

18

21

21




17







102

Советханова Б.

22

15

20

19

19










95

Қамбарханов С.

16

10

17

11




11







65


Пәндер бойынша бағалау көрсеткіші:

баға

Қаз.т.

Рус.яз

тарих

Мате

биол

физик

Геогр

әдебиет

Оқушы саны

7

7

7

7

1

4

1

1

«5»

6

4

4

4

1




1




«4»

1

2

3

2




3




1

«3»




1




1




1







«2»

























Мектеп бітірушілердің орта мектеп курсы бойынша пәндерден білім көрсеткіштерін қарастырсақ:

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың оқытылуы мемлекеттік стандарттың оңтайлы деңгейін байқатып, мұғалім Саньязова Б.Қ. деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарғы нәтижелі ықпалдастырып, оқушымен кері байланысты тиімді орнатып, ҰБТ-ның даярлығы ретінде оқушылардың арнайы және жалпы оқу дағдыларына зерттеу жасау арқылы пәнді меңгертудегі әсері қадағалап, кемшіліктерге түзету жұмыстарын жүргізген. Қазақ тілі пәнінен прогресс көрсеткен оқушылар: ҚұмарбековаА., Қамбарханов С., Советханова Б. Оқушылар қазақ тілі пәнінен фонетика, морфология, синтаксис бөлімінен сөз тіркесі, салалас, сабақтас, аралас құрмалас түрлерін, сөзжасам, төл сөз, төлеу сөздер, пунктуация, сөз мәдениеті мен шешендік сөздер құрылымы тарауларын жақсы меңгергенмен, дәйексөздердің авторларын белгілеуден, стильдер ерекшелігі, кәсіби және диалект сөздерден қателер жіберген. Сондықтан мұғалімге бағдарламадан тыс қосымша мәліметтермен жұмыс түрлерін кеңінен қарастыру керек.

Мектеп бітірушілердің орта мектеп курсы бойынша орыс тілі пәнінен мемлекеттік білім стандартының оңтайлы деңгейін байқатып, жылдық қорытындымен салыстырғанда Құмарбекова А. прогресс көрсетсе, Еркінбекқызы А. регресс байқатты. Орыс тілі пәнін оқытуда мұғалім Ахметова Ш.Қ. оқыту үрдісін ақпараттық -әдістемелік жағынан қамтамасыз ету арқылы білім сапасын көтеріп, модульдік оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін нәтижелі қолданған. Орыс тілі пәнінен оқушылар сөзжасам, олардың жасалу жолдары, сининим, антоним, есімдік түрлерін, үстеудің жазылу емлесін жақсы деңгейде меңгерген. Сонымен бірге, тестілеу кезінде оқушылар шылаусыз сабақтастастардың тыныс белгісінен, олардың түрлерінен, күрделі сөздердің байланысу тәсілдерінен қателер жіберген. Мұғалім Ахметова Ш.Қ. оқыту сапасы мен оқушының білім сапасын үздіксіз байланыста ұстау керек.



Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ қорытындысында пәннің орта оқытылуы стандарттың оңтайлы деңгейін байқатты. Жылдық қорытындымен салыстырғанда 6 оқушы прогресс байқатса, Еркінбекқызы А. регресс көрсетті. Мұғалім Айнұр Бақытжановна оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеріп, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарай отырып соңғы нәтижеге бағыттай оқыту үрдісін жетілдіруде деңгейлі бағдарлама модульдерін тиімді қолдана алған. Соның нәтижесінде оқушылар тарихи құбылыстар мен негізгі мәліметтерді жақсы меңгерген, олар 1990ж. құрылған азаматтық қозғалыс, Ж.Баласағұн еңбегі, шеп атаулары, тарихи сөздер мағынасы, уақытша ереже туралы деректерді дұрыс таба алған. Дегенмен, тарихтан келесідегідей қателер жіберген: 1845ж. жаулап алған бекіністер, Е.Пугачев соғысына қазақтардың қатысуының басты себептері, Қарлұқ қағанатының пайда болуы, 15ғ. II жартысында қазақтардың этникалық шоғырлануы. Мұғалімге, оқушылардың білім беріктігін қамтамасыз ету жолдарын әлі де жүйелеу қажет.

Математика пәнінен оқушылардың оқытылуы ҰБТ қорытындысы бойынша мемлекеттік стандарттың жеткілікті деңгейді құрап, ортақ ұпай 19 болып, білім сапасы 85% көрсетіп, оқушылар тестілеу нәтижесінде келесідегідей тапсырмаларды бір бөлгіштігі бар теңдеу, планаметрияға берілген септер, триногонометриялық функциялар туындысын табу, мәндерін қойып есептеу тапсырмаларын жақсы деңгейде орындағанмен, тригонометриялық теңсіздіктерді шешу, пайыздық қоспа мөлшерін табу, векторлардың параллелипипедтері, стреонометриялық есептерден қателер жіберілген. Мұғалімге оқушылардың математикадан білім сапасын тексеруге, нақтылауға бағытталған ағымдық, қалдық, білім бөлшегін тексеру, бақылаулар мен жазба жұмыстарын үздіксіз ала отырып, типтік қателермен жүйелі жұмыс жасап, даралап-саралап оқытуды жетілдіру керек. Сондай-ақ, оқушылардың пәнге қызығушылығын, ой белсенділігін арттыруға бағытталған логикалық тапсырмалар жүйесін жетілдіріп, сыныптан тыс сабақтарды іс-тәжірибесіне кеңінен енгізу керек.

Биологиядан 1 оқушы таңдау пәні ретінде ҰБТ тапсырды, тестілеу нәтижесінде оқушы пәннен өсімдіктердің құрылысы, қызметі, жануарлардың түрлері, тіршілік әрекеттері, адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы, жалпы биология негіздері тарауларын жақсы деңгейде меңгергендерін көрсеткенмен, экология негіздері, қоршаған орта сапасына бақылау жасау мониторингтік жүйесі, биосферадағы бионогенографиялық аймақтар тарауларынан қателер жіберген. Мұғалім жыл көлемінде оқушымен жеке жұмыс түрлерін жоспарлы жүргізіп, оқушының білімді өзіндік игеруіне, тапсырмаларды топтарда талқылап пікір айта білуге бағыттай алған.


Физика пәнінен 4 оқушы ҰБТ тапсырып, ортақ ұпай 15 болып, білім сапасы 75%, ҰБТ нәтижесі бойынша оқушылардың оқытылуы сынаулы деңгейді көрсетті. Тестілеу барысында жақсы деңгейде келесідегідей тақырыптар меңгерілгені анықталды: еркін түскен дене биіктігін есептеу, жол мен орын ауыстыруды табу, толқын түрін шығару, Кулон заңы бойынша арақашықтықты табу. Дегенмен, тест тапсырған оқушылар бастапқы жылдамдықты табу, ауырлық күшінің жұмысы, шашыраңқы линзадағы оптикалық осіне параллель келген сәулелер тапсырмаларынан қателер жіберген. Мұғалімге оқушы біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында білімді жан-жақты терең игерту және жаңаша ойлауға бағыттау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жалғастыру керек.

Географиядан 1оқушы таңдау пәні ретінде ҰБТ тапсырып, гидросфера және атмосфера, материалдардың ерекшеліктері, Қазақстанның жер бедері және олардың айырмашылығы, Қазақстанның шаруашылығы, дүние жүзі елдерінің халқы мен өнеркәсібі тарауларын жақсы деңгейде меңгергендерін байқатқанмен, ТМД елдерінің жекеленген елдерінің ақша бірліктері, Латын Америка елдеріндегі негізгі емес діндер, Қазақстандағы шөл зонасында орналасқан қала тақырыптарынан қателер жіберген. Мұғалім географиядан негізгі орта мектеп курсы бойынша тақырытардың меңгерілуін назарда ұстаған. Мұғалім Жампеисов Е.Т. оқушылардың әлеуметтік-бағдарлы географиялық білім жүйесін қалыптастыруда деңгейлі бағдарламаның модульдерін сабақтарға ықпалдастыру арқылы жүзеге асыруды жетілдіру керектігі анықталды.

Қазақ әдебиеті пәнінен 1 оқушы ҰБТ тапсырып, 19 ұпай, 100% білім сапасын көрсетті. ҰБТ нәтижесінде оқушы ежелге дәуір әдебиеті, Орхон- Енисей жазбалары, классикалық проза мен поэзия, әдебиет теориясы мен тектері, жанр түрлері, шығармалардың авторы мен кйіпкерлері, халық ауыз әдебиеті тақырыптарын жақсы меңгергенін байқатқанмен, жыраулар поэзиясы, Ғ.Мүсіреповке қолдау жасаған ақын, Д.Бабатайұлының болыстарға арнауы тақырыптарынан қателер жіберген. Сондықтан мұғалімге оқушылардың қабілеттерін ескеру арқылы, оқытудың инновациялық әдістерінің тиімділігін жетілдіру керек.