Файл: Кні 08. 09. 2020 Оку іс рекеті айталау, сра жауап, крсету, ертегіні сахналау. Таырыбы Ертегілер леміне саяхат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ертегілер әлеміне саяхат

Күні:08.09.2020

Оку іс- әрекеті: Қайталау, сұрақ - жауап, көрсету, ертегіні сахналау.

Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»

Мақсаты:Білімділік:«Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту.Ертегіні рөлге бөліп ойнату арқылы,ертегі кейіпкерлерінің образдарын дәл бере білуге үйрету,балаларды шығармашылыққа баулу.
Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа,ұғымпаз, ұқыпты болуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Полингвальды компонент: Қасқыр-волк- ,Ана-мама- mother,Әже-бабушка-.

Қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, орман көрініснің бейнесі, қызыл телпек, қасқырдың даусы жазылған үнтаспа т.б.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шеңберге тұрып,келген қонақтармен амандасуды ұсынады:
Табиғат-біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
Айтқан тілді аламыз!
Достарымызды көргенде,
Қуана қарсы аламыз!



Балалар шеңберге тұрады,келген қонақтармен амандасады.

-Сәлеметсіздер ме.

-Здраствуйте.

-hello.

Балалар бір-бірімен құшақтасады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Ерте,ерте, ертегі,

Ертегі сыр шертеді.

Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Балалар ертегіні жақсы көрсеңдер,тақтаға қарап, қандай ертегілерді білетіндеріңді еске түсірейік. Балалар білетін ертегілердің суреті тақта арқылы көрсетіледі:

1.Бұл қандай ертегі?

2.Мынау қандай ертегі?

3.Ал ,мына ертегі қалай аталады?

4.Бұл ертегі ше?

Өте жақсы. Ертегілерді біледі екенсіңдер!

Балалар бүгін біз сендермен ертегілер еліне саяхат жасаймыз.Ол үшін бізге ертегілер әлемінен хат келіпті.Қазір осы хатта үш тапсырма бар екен сол тапсырмаларды орындауымыз керек.

Мұқият тыңдайық.

1-ші тапсырма. Жұмбақтар шешу екен.

1.Қанжардай тісі бар,

Үрейлі түсі бар.

Қасқыр қандай?


2.Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Аю қандай?

3.Өзі қу,жүрген жері шу.

Түлкі қандай?

4.Қаққан безек,

Қорқақ жасық.

Қоян қандай?
Келесі 2-ші тапсырма осы аңдар туралы қандай тақпақтар білеміз.

1.Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп –теріп аламыз

Қалтамызға саламыз.

2. Түлкі түлкі түлкішек

Түнде қайда барасың

Апам үйіне барамын

Апан саған не береді

Ешкі сауып сүт береді

3.Ұзын құлақ сұр қоян

Естып қалды сыбырды

Ойлы қырлы жерлерден

Ытқып ытқып секірді

4. Кіп кішкене момақан

Қошақанды ұнатамын

Сүйеді апам қозым деп

Қошақаным өзің деп

3-ші тапсырма дидактикалық ойын: «Үй жануарларымен дала жануарларын ажырат»

Үй жануарларын бір бөлек,дала жануарларын бір бөлек топтастырып салады.

4-ші тапсырма Сиқырлы пішіндер қазір сендерге сол пішіндерді сипаттаймын,табуға тырысып көріңдер.

-Бұрышы жоқ,қабырғасы жоқ қандай пішін?

-Үш бұрышы ,үш қабырғасы бар қандай пішін?

-Төрт қабырғасы,төрт бұрышы бар қандай пішін?

Балалар осы пішіндерді кім неге ұқсатады?


5-ші тапсырма қазір біз сендермен Қызыл телмпектің әжесіне арнап ермексаздан бауырсақ мүсіндеп берейік.

Алдарыңдағы сары ермексазды алып алақанымызға қойып домалақтаймыз.

Балалар,сендер тапсырманы да бұлжытпай дұрыс орындадыңдар.

(Музыка әуенімен)

Олай болса, қазір біз сендермен бәріміз көзімізді жұмып,ертегілер еліне ойша саяхат жасаймыз. Айналамызда жап жасыл ағаштар,жайқалған әдемі гүлдер.Әдемі көбелектер ұшып жүр.

Мұнда ғажайып ертегі кейіпкерлері бір бірімен дос болып,тату тәтті өмір сүруде.Енді балалар көзімізді ашайық.Ертегілер еліне саяхат ұнады ма?

Олай болса қазір біз сендермен «Қызыл телпек» ертегісін сахналайық.

Ертегі кейіпкерлері өз орындарыңа барып ертегіні сахналайды.

Кім қандай рөлде ойнады?

Ал енді көзімізді жұмып тобымызға оралайық.


-Біз ертегіні жақсы көреміз.

Балалар тақтадағы суретке қызыға қарайды,сұраққа жауап береді.

-жеті лақ ертегісі

-бауырсақ ертегісі

-үйшік ертегісі

-қызыл телпек.

Балалар мұқият тыңдап,тапсырмаларды орындайды. Жұмбақтың шешуін шешеді.

-Қасқыр.(Кекшіл, тістері үлкен,сұр түсті,құлағы кішкентай)

-Аю.(Аю үлкен,қоңыр түсті,қыста ұйықтайды)

-Түлкі.( Қу,құйрығы ұзын)

Қоян.(Құлағы ұзын,түсі ақ,сұр)

Балалар аңдар туралы тақпақтар айтады.

Балалар қызығушылықпен дидактикалық ойынды дұрыс орындайды.

-Дөңгелек.
-Үшбұрыш.

-Шаршы.
-күнге,допқа,үйдің шатырына,терезе,есікке ұқсайды деп өз ойларын айтады.
Балалар қызығушылықпен ермексаздан мүсіндейді.


Мұқият тыңдап көздерін жұмып ертегілер әлеміне ойша саяхат жасайды.
Иа,ұнады.

Балалар қызығушылықпен ертегіні сахналап береді.

Өз рөлдерін айтып береді.

Рефлексиялық түзетушілік

- Балалар,

-Айтыңдаршы, бүгінгі сендермен қандай ертегіні сахналадық?

-Қызыл телпек әжесінің үйіне қандай жолмен жетті?

-Анасы Қызыл телпекке не деп ақыл айтты?

-Қызыл телпек пен әжесін кімдер құтқарып алды?

« Қызыл телпек»ертегісі сендердің естеріңде қалсын деп раскраска бояуын беремін. Бояуларыңды алып бояуларыңа болады.


-Қызыл телпек.

-Ұзақ жолмен.

-Отыншылар


Күтілетін нәтиже

Білу керек:Қызыл телпек ертегісін сахналауды.
Болу керек:ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.

Үйрену керек:қамқорлыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа,ұғымпаз, ұқыпты болуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу..