Файл: ыса мерзімді жоспар Таырыбы Ертегілер леміне саяхат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы:

Ертегілер әлеміне саяхат

Мектебі: №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп - гимназия

Күні, айы:

12.06.23

Мұғалімнің аты-жөні: Алиева Н.Б

Отряд «Бірлік»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.3.1. Мәттіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған / тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Қандай да бір ертегі білетін/білмейтінін айта алады, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кез келген кейіпкердің рөлін ойнай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ертегі мазмұнын тірек суреттер арқылы мазмұндай алады.

Кейбір оқушылар:

Өздері білетін басқа да ертегілерді атай алады, « Мақта қыз бен мысық» ертегісін өз сөздерімен айтып бере алады.

Жетістік критерийлері

Білім алушы

  • Мәтіннің тақырыбын анықтайды.

  • Тыңдаған мәтінге қатысты ақпаратты

анықтайды.


Дескриптор

- мәтіннің не туралы екенін айтады;

- мәтінге сәйкес келетін суретті анықтайды;

- суретті мәтін мазмұнына сәйкес бояйды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір –біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Досының сөзін аяғына дейін тыңдап, өз ойын нақты жеткізе білуге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өнер сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик

Тілдік міндеттер

Мысық –кошка- cat сүт – молоко – milk

Жапырақ – листья – leaves дән – зерно – grain

Бастапқы білім

«Сәйкестендіру» стратегиясы арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс


Ресурстар


Сабақтың басы

-Балалар, барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізбен, табиғат анамен амандасып, бір-бірімізге, сабағымызға сәттілік тілейік!

Армысың ба, ару күн!

Армысың ба, көк аспан!

Армысың ба, жер - ана!

Армысың ба, достарым!

Сәтті болсын сабағым!




Сабақтың ортасы

«Стоп кадр»стратегиясы.

Бейнебаян көрген соң оқушыларға  мынадай сұрақтар қоямын

   1. Бұл ертегі сізге таныс па?

   2. Ертегі кім туралы деп ойлайсыз?

   Сендер үй жануарларын, оның ішінде мысық пен итті жақсы көретін шығарсыңдар. «Мақта қыз бен мысық" ертегісінде Мақта қыз бен мысықтың достығы қандай екен.

«Мақта қыз бен мысық» мультфильмі

Сөздік жұмыс

Сүт - молоко

Сағыз – жвачка

Жапырақ – листья

Жұмыртқа – яйцо

Су – вода

Дән – зерно




Мәтінмен жұмыс

(МК,Ұ)


Оқушылар оқулықты және интербелсенді тақтаны пайдаланып мәтінмен танысады.

Интербелсенді тақта


(Т) «Хикая картасы»стратегиясы


1 - топ.

«Оқиға картасы»стратегиясы бойынша А3 парағына топпен бірігіп,ертегінің желісін рет-ретімен баяндап,қағаз бетіне түсіріңіз.

Мысық сүт іздегенде қайсысына қашан барғанын ретімен орналастырыңдар

  



2 - топ.
«Мысық қайсысынан не алды?» деген сұрақты ретімен орналастырыңдар.

  





А3 парағы, суреттер


Сергіту сәті


«Көңілді күн» биі




(ҚБ) тапсырмасы.

Тапсырма

Мынау – мысық. Мысық тышқан аулайды. Мысықтың түсі қоңыр. Құлақтары қара. Көздері көгілдір

.





«Драма» стратегиясы

(Ұ)

Оқушылар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

Кейіпкерлердің суреттері

«Кім жылдам» ойыны

1.Ертегі бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Мақтақыз немен дос болады?

2. Мақтақыз үйін жинап жүріп, не тауып алады?

3. Мақтақыз нені шақырады?

4. Мысық келмеген соң қыз не істейді?

5. Мысық не істейді?

6. Мақтақыз не істеді?

7. Мақтақыз мысыққа қандай шарт қойды?

8. Мысық алдымен неге барды?

9. Сиыр оған не дейді?

10. Ағаш не дейді?

11. Мысық кімдерді көреді?

12. Қыздар оған не деп жауап береді?

13. Мысық қыздардың өтініші орындау үшін қайда барды?

14. Дүкенші мысыққа не дейді?

15. Мысық дүкеншінің тілегін орындау үшін қайда барады?

16. Тауықтар мысыққа не дейді?

17. Мысық нені бас салады?

18. Тышқан мысықтың сұрағына не деп жауап береді? Мысықтың талабын орындай ма?

19. Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?




Сабақтың соңы


Кері байланыс






Қосымша ақпарат




Қорытындылау

  1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

  2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?







Қорытынды бағалау

1. Ең жақсы өткен екі нәрсе не

1:

2:

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2: