Файл: Мліметке байланысты, дрысбрыс тапсырмасы берілді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 8

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

“Lesson study” тобы құрылды. Топ мүшелері : Жакиенова А.С, Усетаева Л.С , Атагужина. А.С, Бахи.А , Шешхан.А, Қайық.Н, Хинаят Ж, Муталив Б, Әлиева Ш.Ө.

“Lesson study” тобының мүшелері ақылдаса отырып, 7 сынып оқушыларын алды. Себебі сыныпта А,В,С 3 деңгейлі оқушылар болды. Осы оқушыларды зерттеу барысында, мұғалімдермен бірлесе отырып, жоспар құрылды. Тапсырмалар дайындалды. ҚМЖ құрылды.

Тәжірибе ретінде өзара мұғалімдермен бірінші сабақты өткіздік. Сабақ жоспарындағы артық тұстарын алып, кем тұстарын толықтырдық.

Алғашқы сабақты Шешхан А және Қайық Н, 7 сынып оқушыларымен биология пәнінен сабақты өткізді. Сабақта 3-оқушы болды, Байболат С, Садыков Ә және Рамазан Ә.

Сабақ “Заттарды тасымалдау” тақырыбында өтті. Тақырыпты гүлге су құюу арқылы , яғни оқушылар зат тасымалы болатынын айту арқылы тақырыпты ашты.

Жануарлардың тыныс алуы арқылы психологиялық ахуал сыныпқа тудырдық. Топқа дөңгелек және төрбұрыш пішіндері арқылы бірікті.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша,видео көрді. Видео арқылы сәйкестендіру тапсырмасы берілді.

Топтық жұмысқа өсімдік және жануардың зат алмасуы туралы мәлімет берілді. Оқушылар топпен дайындалып, келесі топқа түсіндірді.

Мәліметке байланысты, дұрыс-бұрыс тапсырмасы берілді.

Сергіту сәті жануарлардың суреті арқылы болды, бір оқушы сыныптан шығады басқа оқушылар сол оқушыны қай жануарға теңейтінін айтады.

Сабақтың соңында кері байланыс Padlet тақтасына жазды.

Сабақ қызықты өтті.

Екінші сабағымызға Қазақ әдебиеті пәнін алдық.

Қатағанмен Сүйінбай ақынның айтыс өнерінің ерекшеліктері тақырыбында мұғалімдермен бірлесе отырып өткіздік.

Сыныпта барлық оқушы түгел қатысты. Пән мұғалімі Атагужина А.Ж және Бахи А сабақты өткізді.

Сабақтың тақырыбын оқушылардың артына сөздерді қағазға жазып ілу арқылы аштық. Оқушылар бір-бірінің артында жазылған тақырыпты оқу арқылы, тақырыпты ашты.

Психологиялық ахуал яғни кубиктегі көңіл-күй түрлерінің жазылуы арқылы туғыздық. Онда биле,амандасу, мадақтау, жылы тілек сынды сөздер жазылған.

Оқушыларға презентация арқылы мәліметтер берілді.

Тыңдалымын оқушылардың тексеру барысында айтыстан үзінді тыңдады. Оқушылардың тыңдау жүйесі жақсы қалыптасқанын байқадық. Бірінші топ оқушылары айтыстан ақындардың айтқан сөздерін жазды. Екінші топ оқушылары сурет салды.


Кейін оқушыларды жұпқа біріктіру арқылы, диалог,өлең шығару, сурет салу сынды тапсырма берілді. Оқушылар белсене қатысты.

Сабақты соңында тест тапсырмасын орындады. Әр оқушы жеке-жеке орындады. Оқушылар тест тапсырасын жақсы орындап шықты.

Кері байланыс ретінде фотоаппарат әдісі арқылы сабақтағы көңіл-күйін білдірді. Смайликтегі суреттерді жылжыту арқылы,бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін білдірді.

Сабақ соңында оқушылардың сабаққа қалай қатысқаны, әр оқушыға қандай тапсырма беру керектігін айтып, келесі сабақта ескеру керек тұстарын жазып алдық.

7 сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасының артқанын, оқушылардың белсенді бола түскенін байқадық. Оқушылар үшін де , мұғалімдер үінде жаңа тәжірибе болды.