Файл: Сценарийі масаты Ата салтын насихаттай отырып, наыз аза жігітіні бойындаы асиеттерімен таныстыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 49

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6-8 сыныптар арасындағы «Жігіт сұлтаны» байқауыныңСЦЕНАРИЙІМақсаты:

  1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

  2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

  3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
1 жүргізуші: Армысыздар, халқым менің, Армысыздар, салты елдің.Жаңғыртпақ «ата-баба» салтын бүгін,«Қырағы  жігіттері»,  мектебімнің.             2 жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлан,Бойына бар асылды жиған ұлан.Қазақтың қасиетті жігіттері,Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.            1 жүргізуші: Дария ой, даналардан бата алғандар,                              Айнымас алмас қылыш атанғандар.                              Қазақтың қасиетті жігіттері,                              Халқына қалқан болған қаһармандар,- деп жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі - қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне,  ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.1 жүргізуші: Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық!Ата жолын жалғамақЕл дәстүрін қолдамақЕл намысын қорғамақ.Ұлдар шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар! («Бәйге» әні қосылады, барлық жігіттер сахнаға шығып болған соң өшіріледі)1 жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дамытуға, Жігерленіп келіп жетті ,Әдеппен, ізетпен табысуға.2 жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,Талабына қарайық.Кімдер зерек, кім жылдам,Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік. Байқау 5 кезеңнен тұрады:1 жүргізуші: Бірінші кезең- «Тегімді менің сұрасаң...» - сайыскер жігіттеріміз өздерімен таныстырады.

2 жүргізуші: Екінші кезең - «Көңілі ояу, көзі ашық» - жігіттерге халқымыздың салт-дәстүріне, дүниетанымына, тарихына қатысты сұрақтар қойылады.  

1 жүргізуші: Үшінші кезең - «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - өзінің бойына дарыған өнерлерін көрсету, олар, мысалы, қолөнер, ән-би, өз шығармашылығы, аспапта ойнау, спорт түрлерінен көрініс.

2 жүргізуші: Төртінші кезең«Мақал – сөздің атасы» - «Отан, отбасы, білім, оқу» жалпы тақырыпқа сайыскерлеріміз мақал- мәтелдерді жалғастырады

1 жүргізуші: Бесінші кезең -«Күш атасын танымас» - сайыскерлеріміз кеудені жерден көтереді, яғни, отжимание.

2 жүргізуші: Сап түзеді жігіттің сұлтандары

Мектептің «мен-мен» деген ұландары

Қоржыннан бір –бір асық алса екен

Сахнаға- шығатұғын тұмарлары.
(«Бәйге» әні қосылады. Жігіттер дорбадан бір-бір асықтан алады).
2 жүргізуші: Жігіттер асықтағы сандарды атап шығыңыздар!
(Жігіттер атап шығады.)

1 жүргізуші: Енді сахна төріне аталған сандар бойынша шығасыздар! Алғашқы сайысқа дайындық жасауларыңызға РҰҚСАТ!

1 жүргізуші: Жігіттер дайындалғанша, сахна төрінде 7 б сынып оқушыларыні орындауында «Алаш ұлы» әні

I АЙНАЛЫМ:

1 жүргізуші: Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Өздерін таныстыру кезеңі)
II АЙНАЛЫМ:

2 жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең,-дей отырып, әділқазылар алқасы, жігіттеріміздің бағаларын қойып отырыңыздар.
1 жүргізуші: Қазақтың түрлі — түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Жауаптарын табар мекен бұл жігіттер,
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар!

2 жүргізуші: Ал, жігіттер, алдарыңызда жатқан бір-бір билеттен алып, қойылған сұрақтарды дауыстап оқып, жауап берулеріңіз қажет. Сәттілік тілеймін!

III АЙНАЛЫМ:

2 жүргізуші: Өнер де, Отан да отбасынан басталады. Ананың ақ сүтімен, әкенің ақылымен өскен «сегіз қырлы – бір сырлы» жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық!

1 жүргізуші: «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» айналымын бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, біреуі сурет салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,


Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты. Жігіттер реттік номерлеріңіз бойынша сахнаға шығасыздар.1 жүргізуші:Кәнекей, жігіттеріміздің бағаларын көрейік!IV АЙНАЛЫМ:2 жүргізуші: Қазақ халқы сөзге шешен және дана халық. Халқымыздың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті. Келесі айналымның атауы «Мақал – сөздің атасы».(сайыскерлер мақалдар айналымынан өтеді)V АЙНАЛЫМ:2 жүргізуші: Ат өнері білінбес,  Бәйгеге түсіп жарыспай.Ер өнері білінбес,Қоян қолтық алыспай, -  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік: білек күшін сынау жәнекеудені жерден көтеру, яғни отжимание.1 жүргізуші: Бірінші білек күшін сынап көреміз. Осы кезеңде төрелік жасайтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жарысқа жұптары сыныптар бойынша құрылады: 2 жүргізуші: Енді, кеудені жерден көтеру – кезеңнің екінші сынағына көшеміз! (сайыскерлер сынақтардан өтеді) 2 жүргізуші: Әділқазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының қорытындысын шығара беріңіздер! 2 жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»,- демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.Енді сөз кезегін әділқазыларға берейік. 1 жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.Қазыларға тек қана әділдікті,Ал жігіттерге сәттілік тілейікші!(«марапаттау» музыкасы қосылады – ақырын дауыспен)Марапаттау1 жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!2 жүргізуші: Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!