Файл: Аманжолов Срсен Аманжоллы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоспар

  1. Диалектолог – ғалымдар С.Аманжолов, Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев еңбектеріне шолу жасау.

  2. Диалектология пәнінің салалары:тарихи диалектология, сипаттама диалектология.


Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы (1903-1958 жж.) – тюрколог-ғалым, қазақ тіл білімінің негізін салушы, дарынды педагог, бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілінің алғашқы грамматикасының (1932 ж.), орта мектепке арналған нормативті қазақ тілі оқулықтарының, Қазақстанның ЖОО-на арналған оқулықтар мен бағдарламалардың авторы. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Егінсу ауылында дүниеге келген. Катонқарағайлық орыс-қазақ мектебін аяқтаған соң, Өскемен қаласындағы училищеге оқуға түседі. Семей қаласындағы үш айлық мұғалімдер курсын аяқтап, туған ауылында ұстаздық еткен. Шығыс Қазақстан облысы атқару комитетінде жауапты хатшы бола жүріп, Орта Азия мемлекеттік университетінің педагогика факультеті қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі (Ташкент). 1931 ж. күзден С. А. Аманжолов Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы болады. 1932 жылдан – доцент. Аталған институтта Сәрсен Аманжолұлы 30 жылға таяу уақыт қызмет атқарған.

Осы уақытта педагог оқулықтар мен ғылыми бағдарламалар жасаумен айналысқан. 1931 ж. С.А. Аманжоловтың тікелей қатысымен әліппе жарық көрді. С.А. Аманжолов 4 сыныпқа арналған «Қазақ тілі грамматикасының»; орта мектепке арналған грамматика оқулығының авторы; 1-3 сыныптарға арналған қазақ тілі оқулығының редакторы. 1940 ж. 10 қарашада ҚазССР Жоғары Кеңесінің 5-сессиясында С. Аманжоловтың жаңа әліпбиінің жобасы қабылданды. 1942 ж. ақпаннан – 1946 ж. маусымға дейін С. Аманжолов Қызыл Әскер қатарында әскери қызметте болған, қазақ тілінде «Қызыл Армия үгітшісінің блокнотын» және Кеңес Одағының Батырлары жайлы үнпарақтар шығарған. Мәскеу қаласында қазақ халқының этногенезі жайлы кандидаттық диссертация қорғаған (1948 ж.).    

С. Аманжолов – қазақ кеңес лингвистикасының негізін қалаушылардың бірі, ҚазССР ҒА Тіл білімі институтында жиырма жылдан астам уақыт қазақ тілі кафедрасында жетекшілік еткен, тіл мен әдебиет секторының меңгерушісі, кейін терминология академиялық сөздігі бөлімі меңгерушісі қызметтерін атқарған. Аманжолов-педагог қазақ тіл білімі саласы бойынша көптеген филологтар мен зерттеушілер әзірлеген. Оның редакциясымен 1939-1940 жж. Абай шығармаларының толық жинағы жарық көрген. Ғалым таңдаулы халық ауыз әдебиетін жинап, басып шығаруға ат салысқан: «Казахский советский фольклор», «Шестнадцатый год», «Богенбай-батыр» т.б. 1940 ж. жарық көрген жұмбақтар жинағы Сәрсен Аманжолұлының поэтикалық өнерін дәлелдей түседі.


С. Аманжоловтың халық мәдениетіне арналған 100-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Зерттеулері қазақ филологиясының барлық саласын қамтиды, әсіресе, лексикология мен лексикография саласына көбірек мән берілген. Мектепке арналған қазақ тілі грамматикасының синтаксис бөлімінің авторы.

«Краткий курс научного синтаксиса казахского языка» (1940 ж.) ҚазПИ студенттеріне арналған дәрістер жинағы.

Шығармалары:

  • ІV жылдық тіл кітабы, А, 1932;

  • Қазақ Совет фольклоры, А., 1935;

  • Қазақ тілінің грамматикасы, І б. (фонетика мен морфология), А., 1938, 1939, 1940;

  • Қазақ тілінің грамматикасы, ІІ б. (синтаксис), А., 1939, 1997;

  • Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы, А., 1940;

  • Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, І б., А., 1950, 1994; Русско-казахский словарь в 2-х т., А., 1946;

  • Вопросы диалектологии и истории казахского языка, А., 1959, 1997; Қазақ тілі теориясының негіздері, А., 2002; Тіл және жазу, Өскемен, 2005

Шамғали Сарыбаев – XX ғасырдың 20 жылдарында А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.

Ш. Х. Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын Құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бал оқытумен айналысады.

1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі «Жаңа мектеп», «Еңбекші қазақ», «Еңбек» т. б. сияқты баспасөз бетерінде жариялап отырады. Оның «Сауатсыздықпен күресу жолдары», «Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы» тәрізді мақалалары жарияланады.

Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.



Шамғали Сарыбаев 1923-24 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтып оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937-жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы ҚазПИ-де қызмет істейді.

2. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Г. Қожантаевпен Е. Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. XX ғасырдың 20-жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітады», 1932 жылы Қ. Оспанұлымен бірге «Екпінді күш. 1-класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А. Әлібайұлы, М. Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-кластары үшін/» атты оқу құралдары басылады.

Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп, ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелерімен де айналысады.

Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы» т. б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды. А. Байтұрсынұлының «Тіл танытқышынан» сусындап өскен бұл кездегі ғылымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан «Грамматикалық мағына деген не?», «Төрт етістік ( отыр, тұр, жатыр, жүр)», «Қосылып жазылмайтын сөздер» атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді.

1956 жылы белгілі әдіскер-ғалым Шамғали Сарыбаевтың “Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері” (1 бөлім фонетика мен морфология) деген кітабы шықты. 

С.Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1966), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” (1969), “Жаңа атаулар сөздігін” (1992) құрастырушылардың бірі. “Қазақтың аймақтық лексикографиясы” (1976) монографиясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. “Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші” атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық, докторлық диссертатсияның библиографиялық көрсеткішін құрастырды (2000). 1965 жылы АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықаралық конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. “Құрмет” орденімен марапатталған.


Қалиев Ғабдолла (17.9.1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) – ғалым, филология ғылым докторы (1990), профессоры (1992). Қазақ КСР-і (1968), КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі (1980). 1950 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да қызмет істейді. 1958 – 61, 1972 – 77 ж. қазіргі қазақ тілі кафедрасының, 1993 – 2003 ж. жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1993 – 98 ж. оқу-әдістемелік бірлестік бойынша проректор, университеттің жетекші ғалымы (2005). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қалиевтың негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы, лексикологиясы, лексикографиясы, әдеби тіл тарихы мәселелеріне арналған. Қалиев қазақ диалектологиясы ғылымының қалыптасуына елеулі үлес қосты. 1950 – 54 ж. қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін бірінші болып говорлық деңгейде зерттеді. “Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру” (1985) монографиясы түркі диалектологиясында жаңа бағыт ретінде қабылданды. 1960 ж. студенттерге арнап қазақ тілінде диалектологияның тұңғыш оқу құралын жазған. 1969, 1996, 2005 ж. диалектология аймақтық сөздіктер жасауға қатысты. Студенттер үшін қазақ тілінің лексикологиясы, диалектологиясы, әдеби тіл тарихы, жалпы тіл білімінің оқулықтарын жазды. 2004 жылдан бері “Мәдени мұра” мемл. бағдарламасы бойынша шығарылып жатқан 15 томдық “Қазақ әдеби тілінің сөздігін” жасауға қатысып келеді. Қалиевтың жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы дайындалды. Көптеген медальдармен, 2003 ж. “Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталған.

Шығармалары:

Қазақ говорлары жүйесін зерттеу мәселелері. Монография, А., 1977;

Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, А., 2005;

Русско-казахский словарь, 3 изд., А., 2005. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, А., 2005, 1 – 3-т., 2006 – 07.

Қазақ диалектологиясының мәселелері 1960.

Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері, 2002.

Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру,1985.[1]