Файл: Таырыбы лы жеіске тазым! Жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Ұлы жеңіске тағзым!»
Жүргізуші  7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар  күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры жетерлік. Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр. Біздің аталарымыз  біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып, бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 66 жыл толды . Құрметті аталар мен әкелер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

1 - жүргізуші:

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,- деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9 - мамырында қайта оралды. Отан қорғаушылар күнімен тұспа тұс келген бұл мерекеде Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

1 - жүргізуші:

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста, құрметте!
ХОР: 8 «Ә»
Жүргізуші: Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым!

   Тапталмайтын түнгі ізі,

Сақшысы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы

Келеді ұлан атанғым.

7 «Б» сынып.
2 – бала:  Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан.

Бұйраланған аршасы;

Қорғайтын — ер боламын.

3 — бала:   Тапталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғаймын жолын Ағаның!
ХОР: 8 Б»

5– бала: 

Буырқанып тұрса да барша маңым,

Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.

Қиындықты алмастай қиып өтіп,

Бәрі:“Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын.
70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін

Елімде сонан бері 70 рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.


Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.

Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышты тегіс бүгін

Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Өлең шумақтарымен

7 «А» сынып тақпақ

1 - жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын,

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға - әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз
7 «Ә»
7

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен, Кабир Әсемнің орындауындағы «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар!

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!