ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Математика 126-сабақ
Пәні: | Математика |
Сынып: | 2 “А” |
Күні: | 04.05.2023 |
Педагогтың аты-жөні: | Зерембекова Ақбілек Асылбекқызы |
Тақырыбы: | №126 Нұсқаулыққа сәйкес әрекеттер орындау |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.3.2.4. Бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу), анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасау жасау. 2.3.3.1. Сызықта белгіленген нүктелерді бір- біріне қатысты орналасуын анықтау. |
Сабақтың мақсаты | Нұсқаулық бойынша фигуралар сызуды, сызықты бейнеленген нүктелердің және заттардың бір-біріне қатысты қалай орналасқанын үйренеді |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс |
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сергіту сәті | Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал орнату: «Бір термин» ойыны. Шарты: Оқушылар өткен сабақтарда қолданған терминдерді қолдарындағы затты бір-біріне беру арқылы айтып отырады. Үй жұмысын тексеру Жаңа тақырып Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау №1. Тапсырманы орында. №2. Тапсырманы орында. «Айна» Шарты: Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. №3 тапсырма. №4 тапсырма. Суретке қара. Әріптер мен сандарды пайдалана отырып, фигуранын төбелері болып табылатын нүктелердің орналасу координатасын анықта. «Біреу артық» дидактикалық ойыны. Шарты: Оқушыларға әртүрлі карточкалар үлестіріледі. Әр оқушы өз карточкасындағы артық суретті, пішінді белгілейді. №5 тапсырма. Берілген нұсқаулыққа сәйкес жел диірменінің суретін сал. | Сабақта қолданған терминдерді атайды. Жауап бере алмаған оқушыға сұрақ қойылады. Дескриптор Түзу сызып, А және В,А және Е, А және С нүктелерінің арасындағы нүктелерді атайды. -Дескриптор: -Қисық және тұйық сызық сызады. -Олардың бойына тиісті нүктелерді белгілейді және қалай орналасқаның анықтайды. Дескриптор:№3 -Берілген сандарды қойып, өрнекті есептейді; -Теңсіздіктерді шешеді. Дескриптор: -фигуралардың төбелерін табады; -олардың координатасын жазады. Дескриптор -Нұсқаулыққа сай жел диірменінің суретін салады. | Бас бармақ әдісі арқылы бағалау «Жарайсың, керемет, жақсы» «Бас бармақ» әдісі арқылы бір бірін бағалайды «Отшашу» әдісі. «қол шапалақтау» әдісі арқылы бір бірін бағалайды | оқулық оқулық Видио Оқулық Оқулық Оқулық Таратпа қағаздар Оқулық, таратпа қағаздар |
Сабақты қорыту | Кері байланыс «Гүлдер» Шарты: Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша көк түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең белсенді оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? | Таңдау жасайды. | ҚБ қойылады. | Гүлдер |
Тексерілді: | Қолы: | |||
Хасенова Д. А. | | |||
Жакашева Г. З. | |