Файл: 2 станция. Анафилактикалы шок кезіндегі шыл кмек крсету Станцияда студентке арналан тапсырма. 1 тапсырма.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 105
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№2станция. «Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек көрсету»Станцияда студентке арналған тапсырма.№1 тапсырма. Стоматологтың қабылдауында отырған науқаста анестетик дәріні еккеннен кейін ауа жетпей тұншығу сезімі, күрт әлсіздік, басының айналуы, жүрегінің жиі, тез қағуы пайда болды. Анамнезінде цитрустарға алиментарлық аллергиясы бар екендігі анықталды.Объективті қарағанда: Жалпы жағдайы орташа жағдайда. Науқастың есі анық, бірақ өте мазасыз. Терісі ақшыл, боз түсті, ылғалды, салқын, суық. Тамыр соғысы минутына 106 рет, толықтылығы мен қысымы әлсіз. АҚҚ – 88/55 мм. сын. бағ.
-
Сіздің болжам диагнозыңыз -
Шұғыл көмек көрсету.
-
Сіздің болжам диагнозыңыз. -
Шұғыл көмек көрсету.
-
Сіздің болжам диагнозыңыз. -
Шұғыл көмек көрсету.
-
Сіздің болжам диагнозыңыз. -
Шұғыл көмек көрсету.
-
Манекен. -
Фонендоскоп. -
Тонометр. -
Небулайзер. -
Амбу тыныс алу қабы -
Дәрілер:
-
Бір рет қолдануға арналған бессаусақтар. -
Процедуралық стол. -
Шприцтер көлемі: 5, 10, 20 мл. -
Спиртті салфеткалар -
Жастықша (валик) аяқтың астына қоюға -
Штатив көк тамырға тамшылатып жіберуге қолданылатын -
Бір рет қолдануға арналған системалар -
КБУ класс А және Б класстары -
Веналық беткей катетерлер: №14, №16
| № | Орындау критерилері | балл | Орындал- ған жоқ | Толық көлемде оындалған жоқ | Толық көлемде орындалды |
| 0 | 0,5 | 1 | |||
| 1 | Аллергеннің организмге түсуін тоқтатты; Пациенттің жағдайының ауырлылығы дұрыс бағаланды, дәрігер шақырылды; Қамтамасыз етілді: АҚҚ, ЖЖЖ, ТЖ, сатурация мониторингі; АҚҚ мен тамыр соғысы мониторингі әрбір 2-3 минут сайын жасалынды. | 10 | | | |
| 2 | Науқас Тренделенбург қалпына жатқызылды. Горизонтальды қалыпта жатқызып, тілін ұстап, басын бүйіріне қаратты, төменгі жақ сүйегін алға тартып, ауыз қуысының тазалығын қарады, аяғын жоғары көтерді (Тренделенбург қалпы). | 10 | | | |
| 3. | - Көк тамырға кіру жолы қамтамасыз етілді. №14,16 шеткері көк тамыр катетерлері енгізілді. Көк тамырға енгізу мүмкін болмаған жағдайда сүйек ішіне енгізу. | 10 | | | |
| 4. | Таза ауаның келуі қамтамасыз етілді, ылғалданған оттегі берілді. | 10 | | | |
| 5. | Шокка қарсы терапияда қолданылатын негізгі дәрілік заттар мен құрал-жабдықтар дайындалды: -0,18% эпинефрин ерітіндісі; -глюкокортикостероидтар: преднизолон, дексометазон немесе гидрокортизон; - инфузиялық терапияға арналған: 0,9% натрий хлорид ерітіндісі; -бронхолитиктер – сальбутамол; - антигистаминді дәрілер; - хлоропирамин, дифенгидрамин. Бір рет қолданылуға арналған системалар, сыйымдылығы әр түрлі шприцтер, Амбу қабы, кеңірдектің интубациясына арналған заттар жиынтығы, небулайзер. | 10 | | | |
| 6. | Дәрігердің тағайындауы бойынша енгізді: • санның алдыңғы немесе бүйір бетіне бұлшық етке 0,18% эпинефрин ерітіндісі 0,5 мл, тиімділігі болмаған жағдайда 5 минуттан кейін бұлшық етке қайта енгізді; Содан соң 50 мкг титрлі (10-20 мкг II сатысында, 100 – 200 мкг III сатысында) 0.18% эпинефрин ерітіндісін 500 мл физ. ерітіндімен көк тамырға тамшылатып, АҚҚ 90 мм сын бағ жоғары болғанша енгізу. • инфузиялық ем жүргізілді: кристаллоидты ерітінділер: 0,9% натрий хлориді; 500 – 1000 мл нормотензияда, 1000 – 2000 мл гипотензияда . - стероидты гормондар: преднизолон 90-120 мг көк тамырға щприц арқылы немесе дексометазон 8-32мг; гидрокортизон – 200 мг бұлшық етке немесе көк тамырға ақырындап. | 10 | | | |
| | |||||
| 7. | -бронхоспазм басылмаған жағдайда бронхолитикалық терапия жүргізілді: вентолин 2,5 мг/2,5мл физ ерітіндімен небулайзер арқылы; | 10 | | | |
| 8. | Гемодинамика тұрақтанғаннан кейін антигистаминді дәрілер енгізілді: 1% 1 мл дифенгидрамин ерітіндісі бұлшық етке немесе хлоропирамин 2% 1-2 мл бұлшық етке; | 10 | | | |
| 9. | Клиникалық өлім болған жағдайда реанимациялық іс- шаралар жүргізілді (жүректің жабық массажы, жасанды тыныс алу, интубация). | 10 | | | |
| 10. | Науқастың ары қарайғы маршруты дұрыс анықталды – шұғыл түрде реанимациялық бөлімшеге жеткізілу, ЖӨР толық дайындық болу керек. | 10 | | | |
| | Бағалау критерилері: 100-90%- «үздік» 89-70%- «жақсы» 69-50%- «қанағаттанарлық» 49% немесе төмен - «қанағаттанарлықсыз» Емтихан алушы_________________________________ (қолы) (Ф.А.Т.) | ||||