Файл: 1668 жылы Францияда Людовик.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 11

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазіргі уақытта қан және қан орнына қолданылатын сұйықтар өте кеңінен қолданылады. Ол ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіншілік береді және шынында бағалы және нәтижелі емдеу дәрісі болып есептеледі.

Медицина көмегінің бұл түрі арнаулы пән – трансфузиология болып жүргізіледі.

Ең бірінші қан құю тәсілі ХVІІ ғасырда басталған. 1668 жылы Францияда Людовик ХІV патшаның дәрігері Дени және хирург Эмерец қозының қанын ауыр науқасқа құйып көрді. Науқас сауығып кетті. Бірақта науқастарға қан әдісі алға баспады. Оған басты себеп қанның тобын білмеушілік болып есептеледі. Тек қана 1820 жылы ақушер Бландел, 1832 ж акушер Вольф әйелдер босанғанда қан ктеуден, қан кетуден, қансыраудан өліп бара жатқан әйелдерге адамның қанын құйды.

1901 жылы Австрия ғылымы К. Ландштейнер бірінші рет адамдардың қанының үш тобы барлығын, ал 1907 жылы чех ғылымы Я.Янский төртінші қан тобын ашты.

Қазіргі таңда адамдарда қанның 4 тобы белгілі. Қанды топтарға бөлудің негізінде агглютиноген
А және В эритроциттерде, ал агглютиноген α және β сарысуда болуы немесе болмауына байланысты.

Оттенберг ережесі:
Гемотрансфузия жасағанда егер агглютиноген А мен агглютинин α немесе агглютиноген
В мен агглютинин β кездесіп қалған жағдайда агглютинация реакциясы болады. Сондықтан реципиентке құйылатын донордың қаны тобы мен резус факторы бойынша сәйкес келуі тиіс.

Қан топтарының белгіленуі:

І(О) топ

  • Эритроциттерде агглютиногендер болмайды.

  • Сарысуда α және β агглютининдер болады.

ІІ(А) топ

  • Эритроциттерде агглютиноген А болады.

  • Сарысуда β агглютинин болады.

ІІІ(В) топ

  • Эритроциттерде агглютиноген В болады.

  • Сарысуда α агглютинин болады.

ІҮ(АВ) топ

  • Эритроциттерде агглютиногендер А және В болады.

  • Сарысуда агглютининдер болмайды.


Донор – қан тапсыратын адам.
Реципиент – қан қабылдайтын науқас.
Гемотрансфузия – қан құю.

Қан құю үшін донор мен реципиенттің қан топтары және резус факторы сәйкес болуы тиіс.
Қанда резус фактор бар болса Rh+ деп, ал болмаса Rh – деп белгіленеді.

Қан құю көрсетілімдері:
- орнын толтыру мақсатында
- организмнің уын қайтару үшін
- жарақаттық шокта
- организмнің тіршілік процесстерін

стимуляциялау үшін
- терминальды жағдайларда
- гемостатикалық мақсатта
Қан құюға қарсы көрсетілімдер:
- жүрек – тамыр жүйесінің декомпенсациясы
- өкпенің инфильтративтік туберкулезі
- аллергиялық аурулар
- тромбоэмболиялар
- бауыр, бүйректің жедел қабынуы
- нағыз плетора және қатерлі қан толуы
Қан құю әдістері:
- тікелей (бірден құю) – донор венасынан реципиент тамырына құю.
- тікелей емес (бірден құймау) – реципиентке консервацияланған қанды құю.


Қанды реципиентке енгізу жолдары:
- венаға
- артерияға
- сүйек ішіне
- қанды алмастырып құю
- алған қанды қайта құю – реинфузия, аутотрансфузия
- мейіт қанын құю
Қан орнына алмастырушылар:
- Шокқа қарсы әсер етуші препараттар: полиглюкин, желатиноль, гемовинил,

поливинил
- Дезинтоксикациялаушы препараттар: гемодез, реополиглюкин
- Парентеральды тамақтандыруға арналған препараттар: гидролизин, казеин

гидролизаты, аминопептид, аминокровин, липомаиз
- Кристаллоидтар: Рингер-Локк ерітіндісі, ацессоль, дисоль, трисоль, 0,85% хлорлы натрий ерітіндісі