ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 285
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-билет Еңбек нарығы
..................................................................................................................................... 4-билет Ы.Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?» 1. Мәтінді оқыңыз. Француз жұртының бір бімді адам жазады:-1791 жылы универсететте оқып жүрген күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім.Сонда әрдайым жолыма Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап жүруші еді.Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырастым.Жөніміз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда,манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады.Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:-Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатын бардай көрінеді.Сөйте тұра мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүресің.Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап, жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң, бір есек, бір арба алдым. Мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақы және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымдай, машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды. 1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс, реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты: — Айып етпесеңіз сұрайын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? Сонда ойыма түсіп, таң қалып: — Сен Антонбысың? — дедім. — Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.
5-билет 1. Мәтінді оқыңыз. Қазақтың тұңғыш журналист қыздары1921 жылдың 11 қыркүйегінде «Степная правда» газетіне шыққан Аққағаздың «Түркістанда» деген мақаласында ел ішінде белең алған жұқпалы аурулардың қаупі туралы жазылған.Ал Гүлайым Балғынбаев болса Германияда оқыған.Ол кезде оқыған қазақ қыздарының «Алаштың» жұмыстарынан тысқары қалуы мүмкін емес еді.Аққағаз да ,Гүлайым да,Ғайнижамал да «Алаштың» бүкіл жазуларын қағазға түсіріп отырған»,-деп жазды.Нәзипа Құлжанова қазақтан шыққан тұңғыш қазақ журналисі болса,Аққағаз Досжанова тұңғыш дәрігер қыз болды.Сондықтан оның мақалалары,негізінен,осы салаға тікелей байланысты еді. Гүлайым Өтегенқызы да көркем-публицистикалық мақалаларымен көрінді.Ол да өлең жазады.Гүлайымның «Қазақ қыздарына» деген өлеңі «Айқапқа» жарияланғаннан кейін, сол кездің қыз-келіншектері бостандықтарын бағалауға, білім алуға ұмтыла бастады.Ал «қазақ» газетіндегі үш қыздың біреуі Міржақып Дулатовтың жары Ғайнижамал еді. « Айқап» журналының ерекшілігі қазақтың тұңғыш журналист қыздарының буынын қалыптастырды.6 – билет 1. Мәтінді оқыңыз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні 1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамызда әнұранның әні мен мәтініне байқау жарияланды. Қазақстанның тұңғыш әнұранының әнін жазған авторлар – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұранының авторлары – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстандағы жаңа мейрам. Қазақстандықтар оны асқан патриоттық сезіммен тойлайды.
7 – билет 1. Мәтінді оқыңыз. «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы» Театр сүйер қауым Алматы қаласында өтіп жатқан жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Дулат Исабековтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Исабеков әлемі» атты халықаралық театр фестивалінен хабардар болар. 10 қазанда фестиваль шымылдығын қара шаңырақ М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры «Жаужүрек» драмасымен ашты. Д.Исабековтің бұл драмасын театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі, профессор Е.Обаев сахналаған. «Исабеков әлемі» фестиваліне алыс-жақын шетелдерден (ТМД елдері) алты театр, Қазақстаннан алты театр қатысады. Бір автордың пьесалары сахналанатын бұл фестиваль мәдени, рухани өмірімізде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.8 – билет 1. Мәтінді оқыңыз. Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер»...Еламан әбден қас қарайғанша тұрды. Ай туған жоқ. «Ертең күн шағырмақ, ашық болар», - деді Еламан. Ертеңіне бұл тіпті ерте оянды. Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті. Үй ішінде де сыбдырсыз ақырын қозғалып, кеше жатар алдында пешке жайған киімдерін киді. Күндегі әдетпен бүгін де түннен қалған бірдеңені талғажау етті де, Ақбала екеуі «жылауық неме» деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашып, сыртқа шықты. Еламан теңізге тартты. Бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, маңындағы кісі-қараның бар-жоғын байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айрылды. Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Қас қараймай тұрғанда, үйге тезірек жеткісі кеп еді; бірақ жалғыз кісіге ой үйір келе ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне түсті. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге шаптырып осқырынып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам» деп хабар жіберіпті. Бұған Ақбала қатты қуанды. Қыз дәурені қырда өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмады. Жаз аптап, ыстық. Маса. Сона. Балық сасыған ауа да бұған жат. Балықшы жігіттің босағасын аттаған күннен бастап сыртқа шықпай, үйге тығылып алды. Ауыл-үйдің арасында ала көз, күңкіл көбейді: «Жабайы»,- деді. «Тәкаппар», «менмен» деді. Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт еткен жоқ. Ауылдас әйелдер айтса айтқандай менмен, тәкаппарлық па, әйтеуір қасақана әлгілерге «Ал, көр! Көріп ал!» дегендей, тәкаппар басын шалқақтата тік ұстап, аяғындағы қылмиған қазық өкше етікті аналар іші күйсін дегендей сықыр-сықыр басып алдарынан өтер еді.
9-билет 1. Мәтінді оқыңыз. Әлемде гендерлік теңсіздікті жеңген ел бар ма?Бозбалалардың бойжеткендерге қарағанда ақылды болатыны рас па? Әйел мен еркектің қайсысы ақылдырақ екені туралы пікірталастар осы күнге дейін толастамай келеді. Бұған дейін парасат деңгейінің жынысқа ешқандай қатысы жоқ екендігі туралы ғалымдар айтқан болатын. Колумбия университетінің докторы, психолог Джойс Бразерстің «Мәселе жыныстардың біреуінің мықтылығында емес, олардың әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз – әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік» деген пікірін қалай түсінесіз? 10-билет
-
Мәтінді оқыңыз.