Файл: Т. п лтты ойындар Саба таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Т.П Ұлттық ойындар



Сабақ тақырыбы: Ақсерек-көксерек».

Сабақ мақсаттары

Білімалушыларға қозғалмалы ойындар «Ақсерек-көксерек» туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу, студенттердің салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын, спортқа деген белсенділіктерін, шеберліктерін дамыту. Әдептілік, салауатты өмір сүруге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Бағалау

критерилері

- Қозғалмалы ұлттық ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолданады;

- Қозғалмалы ұлттық ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсетеді;

Тілдік мақсаттар


- Қозғалмалы ұлттық ойындары арқылы әр түрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады. (айтылым,тыңдалым)

  • «Қызыл табан»

  • «Тымпи-тымпи»

  • «Арқа»

  • «Ұщты-ұшты»

  • «Арқан тартыс»


Талқылау үшін сұрақтар

  • Осы ойын дағдылары ынтымақтастық дағдысына жәрдемдесе ме және олар нені дамытады?



Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге қызығушылық, шығармашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, дене сымбатын және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Білімалушыларды өз бетімен оқуға, іске баулу дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

Рухани- адамгершілік құндылық

Білімалушыларға қозғалмалы ұлттық ойындары туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Пәнаралық байланыстар


Қазақстан тарихы, өзін- өзі тану пәндерімен байланыстыру.


Бастапқы білім

Қозғалмалы ұлттық ойындар туралы мағлұматтар.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері




Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың жүрісі



Ақсерек пен көксерек - қазақ балаларының дәстүрлі ұлттық ойынының атауы. Әр кезеңде, әр өлкеде түрліше аталғанымен ойналу реті бірдей (толығырақ қ. Айгөлек). Қазақ өлкесін зерттеу Орынборлық коғамының еңбектерінің бірінде (1921 ж.) Орал облысы Темір болысының тұрғыны Дәулетияр Имашев «Мылқау тотай» деген ойын туралы айтады. Оны жылдың жылы мезгілінде ауылды жерде, 6-15 жас аралығындагы балалар жиналып ойнайды. Ойыншылар саны 6 адамнан кем болмауы керек және ойыншылар санының жұп болғаны абзал. Ойын мынадай кіріспемен басталады: ойынға қатысушылардың арасынан бойлары сұңғақ екі ойын басшысын таңдап алады. Ортаға шыққан ол екеуі таяқ ұстасып сайысу арқылы қай жеңгені бірінші болып өзіне ойыншы әріптес таңдайды. Осылай екі топ жасақталады да, әр топ бір- бірінен алысырақ (шамамен 10-15 қадам, кейбір деректерде 20 қадам) барып, қатарласып қол ұстасып тұрады. Әлгі ойынды бастайтын топтың басшысы: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.Содан кейін екінші топқа кезек келеді, басшысы (кейбір деректерде әріптестері қосылып топпен) айқайлап: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп дауыстап сұрайды. Олар қарсы жақтың біреуінің атын атап шақырады. Реті болса, жасы кішкене, әлсіз ойыншыны шақырып, өздерін утып алып, тобын көбейтуге тырысады. Осы тәсілмен ойын, бір топтың адамдары бітіп қалғанша жалғастырыла береді. Жеңген топ, жеңілген топты келемеждеп, әр түрлі сөздер айтып мазақтайды. Болмаса жеңілген топ ойыншылары, жеңген топ ойыншыларын арқаларына салып, белгілі бір межеге дейін апару сияқты айыптарды орындайды. Аталған ойын барлық ұлыстарда қолданылады. Ақсерек пен көксерек ойынының жаңартылып, байытылған нұсқалары көп және оның бірі айгөлек, ақ керек деп аталатын ойында жарысушы екі тарап ойынға қатысуды шақыруды топтасып тұрған қарсы жақ өлеңмен хормен айқайлап айтып жеткізеді.

Ақ серек пен көк серек!

Тауып алдым бәйтерек!

Жалындаған күн керек!

Жалпы достан кім керек?

Анау тұрған үл керек!

Оның аты — Еркебек,

Келсін бізге ертерек! - деп, өлеңдетіп карсы жақтың бір ойыншысының атын атап шақырады

.Топпен тақырып бойынша төмендегі ойындарды ойнату.

  • «Ақсерек-көксерек»

  • «Айдаһардың құйрығы»

  • «Ұшты-ұшты»

  • «Арқа»

  • «Қызыл табан»

  • «Тымпи-тымпи» 

Дескриптор :

-қауіпсіздік ережесін біледі.

- ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды дамытады.

-әріптесіне көмекке келе алады.

-ойында топты жеңіске жетелейді.

Кері байланыс:

«Бес саусақ» әдісі.



Қазақ ойындарына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

ысқырық , өлшем құралдары, гимнастикалық таяқша, арқан, музыкалық жабдық.

Сабақтың соңы


. Рефлексия:

«Жатығу» әдісі



Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Керек құрал саймандар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы бағасы

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?