Файл: азастан Республикасы Білім жне ылымминистрлігі М.темісов атындаы Батыс азастан университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы


РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Либералдық консевверативтік идеология.Либертаризм. Милитаризм.Пацивизм.Популация.Реваншизм.Репарация.Сегрегация..


Орындаған:Ист-31 тобының студенті Баймахан Әділет

Тексерген: т.ғ.қ., доцент Қожабергенова.Х.И

Орал, 2022ж

1Либералды консерватизм консервативті құндылықтар мен дәстүрлі либералды ұстанымдардың жиынтығынан тұрады.Либералды консерватизм әртүрлі елдерді және заманына байланысты түрлі мағыналарға ие болуы мүмкін. Себебі, оның құраушы бөлігі болып келетін құндылықтар мен ұстанымдарға әр қоғам өзіндік мән салады. Тарихи, либералды консерватизм ұғымы экономикалық либерализм (араласпаушылық принципі) мен консерватизмнің классикалық ұстанымдары: дәстүрдің сақталуы, үлкенді және діни құндылықтарды құрметтеу секілді негіздерге сүйенеді. Классикалық либерализм болса жеке адамның экономикалық бостандықтарынан басқа әлеуметтік саладағы бостандықтарын та қолдайды.

Көп жылдар бойы консервативті идеология экономикалық либерализм аргументтерін өзіне сіңіріп келді. Сол себепті либералды консерватизм ұстанымдары консерватизмның негізгі ұстанымдарына айналды. Сонымен бірге, либералды экономикасы дәстүрлі болып есептелетін мемлекеттерде, АҚШ секілді, консерватизм ашық нарық ұстанымын қолдайды. АҚШ-тағы либералды консерватизм ұғымы классикалық либерализмнен экономикалық тәуелсіздікті ала отырып, консервативтік құндылықтарды қолдайды.

2 Либертаризм (ағылш. liberty- бостандық сөзінен) - қазіргі консерватизмдегі бағыт (кейде оны либерализмге немесе "экономикалық консерваторлардың либерализміне" жатқызады). Басты өмірлік қағидат ретінде жеке еркіндікті, ең алдымен жеке таңдау еркіндігі идеясына негізделеді. Бұл мақсатқа жету, либертаризм идеологтарының (Ф.Хайек, М.Фридман, Р.Нозик және тағы басқа) пайымдауынша, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық салаға араласуы ауқымын едәуір шектейді (мемлекеттік аппараттың және салықтың көлемінің азаюы, табысты қайта бөлу тәжірибесінен бас тарту және тағы басқа) және әлеуметтік әділеттілікті, теңдікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешімін қарастыруға мемлекет мүлде қатыспайды. Бұл мәселелерді либертаризм тек еркін нарықтық бәсекелестік негізінде қарастырады. Либертаризм принциптерін Р.Рейган (
АҚШ) және М.Тэтчер (Ұлыбритания) сияқты мемлекет жетекшілері ұстанды.

3 Милитаризм(лат. mіlіtarіs – әскери) – жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат Милитаризмге әскери  (бақталастық), сондай-ақ мемлекет экономикасы мен саясатына әскери - өнеркәсіп кешені ықпалының күшеюі тән. Милитаристік елдерде әскерилердің ықпалы басымдық алып, мемлекет дамуының негізгі бағыттары әскери саясатқа тәуелді болады. Сондай-ақ түрлі сылтаулар мен себептерді желеу еткен әскери - саяси басшылық соғысты “қажеттілік” деп бағалауға үкімет пен халықты мәжбүрлейді, ал соғысқа қарсы күштер мен бейбітшілікті жақтаушы қозғалыстар аяусыз қудаланады. Осындай саяси ахуал 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында ГерманияИталияЖапонияда айқын көрініс тапты. Қазіргі кезеңде дамыған постиндустриалды мемлекеттердің басым көпшілігі милитаристік саясаттан бас тартқан. Милитаризмге жол бермеу мақсатында БҰҰ халықар. шиеленісті бәсеңдету, жанталаса қарулануды шектеу бойынша көптеген шаралар (декларация конвенция хаттама т.б.) қабылдаған.

4 Пацифизм (лат. pacіfіcus — татуластыру, тыныштық орнату) — бейбітшілікті жақтайтын, зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған идеология. Пацифисттік қозғалысбейбітшілік үшін қозғалыс соғыс пен озбырлыққа қарсы бейбіт құралдармен әрекет ететін антисоғыстық қоғамдық қозғалыс болып табылады.

XIX ғасырдың 2-жартысында АҚШ пен Ұлыбританияда либералды интеллигенция ортасында пайда болған пацифистік қозғалыс кез келген соғысқа қарсы шығып, елдер мен халықтар арасындағы қарулы күресті айыптады. 1848 жылы Брюссельде 1898 жылы Туринде (Италия), т.б. елдерде пацифистердің халықаралық конгрестері соғысқа тыйым салуға, жаппай қарусыздануға, елдер арасындағы дауларды аралық соттар арқылы шешуге шақырды.

Пацифизмді жақтаушылар соғыстың бейбіт іс-шаралар арқылы алдын алу мүмкіндігіне сенім артады. Олар соғысты әділетті, әділетсіз деп бөлмейді, соғыс атаулының бәріне де қарсы. Олар соғыстың шығу себептерін жоймай-ақ, оны болдырмау мүмкін деп сенеді. XX ғасырдың 80-жылдары саяси ықпалы артқан пацифистік қозғалыс халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында соғыстарға тыйым салу туралы халықаралық конгрестер өткізіп, жалпыға бірдей қарусыздану мәселелерін көтерді. Қазіргі кезде пацифистік қозғалыс көптеген елдердің сыртқы және ішкі саясатына пәрменді ықпал етуге қабілетті бұқаралық халықаралық, демократиялық қозғалысқа айналды.



5 Популяция (лат populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы болып саналады.

Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруыбір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандарлеммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.

6 Реваншизм - [фран. revanche - кек қайтару] - соғыста жеңіліске ұшыраған елдің үстемдік етуші топтарының қандай да жолмен болмасын, тіпті, жаңа соғыс жариялау жолымен болсын бұрынғы үстемдік жағдайын орнына келтіру үшін талпыныс саясаты.

7 Репарация (лат. reparatio) — халықаралық құқықта материалдық-құқықтық жауапкершілік түрі: мемлекеттің әскери шабуыл жасалған елге келтірген зиянын ақшалай не өзгедей нысандалық немесе ішінара өтеуі. Репарация төлеу әдетте бітім шартында қарастырылады.


Репарация — шабуылға ұшыраған мемлекетке жасаған мемлекет тарапынан агрессия салдарының материалдық шығынның орнын толтыруы. Репарация көлемі бейбіт келісіммен немесе басқа құқықтық актімен анықталады.

8 Сегрегация — адамдардың қоғамда әлеуметтік статустарының айырым белгісі бойынша санаттарға бөлінуі; мұндай топтар арасындағы байланыстарға ішінара не толық тыйым салынып, өмірлік қарекет салаларының шектелуі талап етіледі. Мұндай бөліну әлеуметтік нормаларда, жүріс-тұрыс стереотиптерінде, қоғамдық институттарында орнығады, символикамен кодталып, баса көрсетіледі (ерекшелік белгілері, киім, табу дәстүрлер, жоралар). Қоғам тарихи сегрегацияның әр алуан түрлерінің көп болғанын көрсетеді. Сегрегацияның негізі адамдардың арасында нақты бар, ерекше түрде ұғынылған айырмашылықтар болуы мүмкін: жыныс — жыныстық сегрегация, жас — жасқа қарайғы сегрегация, антропологиялық тип — нәсілдік сегрегация, этностық катыстылық — ұлттық сегрегация. Оған сондай-ақ белгілі бір стратификацияланған топтарға, сословиелерге касталарға (сословиелік, касталық сегрегация) қатыстылық, діни құпия жораларға қатыстылық негіз болуы мүмкін. Әлеуметтік қауымдастық деңгейінде идеологияда, саясатта, этикетте көрінеді. Тұлғааралық қатынастар деңгейінде сегрегация басқа санаттың адамдарын және өзін-өзі ұғынудағы әлеуметтік ұстанымдар мен стереотиптер түрінде болады. Сегрегация уақытша сипатта болуы мүмкін, мысалы, жасөспірімдердің инициация ғұрыптары кезінде өзінің бұрынғы тобынан ажырап жаңа топқа қосыла қоймаған кезінде олар әлеуметтік статусынан айырылып, қоғамнан тыс қалғандай болды. Бұл мәжбүрлік оқшаулану олардың өмірінде бетбұрыс кезең болып, оның тұлғалық құрылымына әсері болуы мүмкін.