Файл: Таырыбы Баламір глі атты мектеп жанындаы Балауса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы: «Бала-өмір гүлі» атты  мектеп

жанындағы «Балауса» сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

 Мақсаты: Балаларға мерекелік  көңіл-күй  сыйлай  отырып,  ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа  тәрбиелеу.Олардың бір-біріне  деген  достық  қарым-қатынастарын  нығайту  және  салауатты  өмір салтын  қалыптастыруға  насихаттау.

Көнекілігі:әр түрлі жалаушалар ,шарлар

Жүргізуші:

Баршамызды бал тілімен баурайтын

Бала деген бар бақыт қой самғайтын.

Ата – ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын деп арнайы бүлдіршіндер үшін ашылғалы отырған демалыс лагеріміздің ашылу салтанатына қош келдіңіздер.

-Мектебіміздегі балалардың денсаулығын нығайту,жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында бүгін «Балауса» демалыс лагері балаларға өз есігін ашады. Тілі балдай бүлдіршіндер! Жігерлі ұлдар! Әсем жанды,айдай сұлу қыздар! Сендерді «Балауса»демалыс лагерінің ашылуымен құттықтай отырып, бүгінгі демалыс лагерін ашу үшін сөз мектеп директорына беріледі.

Жүргізуші:

-Бәрі болған қазақ деген көне елде

Ел белгі де,ерлік,елдік,өнер де

Жақандағы ең жауынгер халыққа

Кім сенеді ту болмады дегенге-демекші «Балауса»демалыс лагерінің ашылу салтанатына орай лагерь туы көтерілсін!

Лагерь туын көтеру мәртебесіне ие болғандар:

1.Артурқызы Балауса- оқу озаты, көркемөнер байқауларының жүлдегері.

2. Атшыбай Жасын- оқу озаты, спорттық шаралардың жүлдегері.

Ортаға қазақ биі-«Нұршашу» би тобын шақырамыз.

Ән –«Балапан» .Орындайтын -Ерназ Сәрсенғали

«Күн сөнбесін» әні шырқалады, балалардың алдына Күн шуақтарымен шығады.

1 шуақ:

Келді міне тағы жаз,

Күн шуағымен жылытады


Жылуын төгіп бізге, Бәрімізді қуантады

(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)
2 шуақ:

Жазғы лагерді ашамын

Бәрлерінді шақырамыз

Күлеміз,ойнаймыз,ін шырқаймыз

Спортпенен шұғылданамыз (эмблемалық екінші дөңгелегі «Спорт»)
3 шуақ:

Бақыт үшін не керек?

Әрине,достық қажет! (эмблеманың үшінші дөңгелегі «Достық»)

4 шуақ:

Мәселеде қиналма

Досына тез көмек бер

Енді міне бері қара

Өзара көмекті ұмытпа! (эмблеманың 4-дөңгелегі «Өзара көмек»)
5 шуақ:

Лагерден шығып қалмау үшін

Тәртіпті сақта! (эмблеманың 5-дөңгелегі «Тәртіп»)

Жүргізуші:

Шаттан,күл,балақай!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

«Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын.

Ән: «Апа туған күніңмен».Орындайтын-Зульфия және Балнұр

Ән: «Мен қазақтың баласымын».Орындайтын-Дидар Ерболатұлы
(Жалмауыз кемпір келеді)

Мында не болып жатыр? Мен бұл шараның көңілді өткізуіне жол бермеймін. Мына жарқыраған күндеріңді жоқ қылып, сендерге күңіренген бұлтты жіберем. Ал, енді не істер екенсіңдер? Ха-ха ха (деп күледі)

«Күнді іздеген достар» қойылымы
Автор: Бір мезетте аспанды қара бұлт торлап,күннің бетін жауып тастады.Сол – ақ екен айналаның бәрі қараңғыланып күн күрт салқындап кетті.Найзағай ойнап,жаңбыр жауа бастады. Жаураған балапан ағаштың түбіне жасырынып қалды.Оны көріп қасына қарлығаш келеді.
Қарлығаш:Балапан , сен неге жылап отырсың ?

Балапан:Аспанды бұлт торлады, күннің көзі жоғалып кетті.Мен қорқып отырмын.

Қарлығаш: Сен қорықпа , балапан! Екеуміз доспыз .Жүр , мен саған көмектесейін.

Автор: Сөйтіп , екеуі күнді іздеуге шығады.Біраз жүргеннен соң ,бұтаның түбінде жасырынып отырған қоянды көреді.

Балапан :Сәлем , қоян!

Қоян:Сәлем , досым!

Қарлығаш : Саған не болды? Неге жылайсың?


Қоян:Күннің сәулесі болмаған қандай жаман? Мен қорқып отырмын.

Қарлығаш: Білесің бе, қоян, күн сәулесі бәрімізге қажет. Екеуміз күнді іздеуге шықтық.Бізбен бірге барасың ба?
Қоян: Әрине, досым! Мен де барамын.
Автор: Сөйтіп, үсті-басы су болып, тоңып қалған қоянды ертіп, үш дос ботаға бет алады. Бота келе жатқан қонақтарды көріп амандасады.
Бота: Сәлем, достар!
Балапан: Сәлем, досым!
Қоян: Досым, сен күнді қайдан табу керек екенін білесің бе?
Бота: Жарайды, мен сендерге көмектесейін.Анау таудың басындағы ақ бұлтқа жетсеңдер, ол сендерді күнге алып барады.
Балапан:Тауға? Жоқ, мен шыға алмаймын.
Қоян:Біз қалай тауға шығамыз? Мен қорқамын, бармаймын.
Қарлығаш: Достар, бұларың не? Күн бәрімізге қажет.
Бота: Қарлығаш дұрыс айтады. Достар қашан да бір-біріне көмектесуі керек. Достар тату болса, кез-келген қиындықты жеңеді. Кеттік, ендеше!
Автор: Барлығы қол ұстасып биік тауға жетеді. Тауға шығу оларға ұзақ болды. Осының бәрін бұлт көріп тұрады.
Бұлт: Достар, сендер күннің жарқырап тұрғанын қалайсыңдар ма?
Бәрі: Иә, иә, әрине қалаймыз! Күн - бізге керек.
Бұлт: Жарайсыңдар, достар! Мен сендерге ризамын. Қазір күннің көзін ашып берейін. Алдымен бірге айтайық: Жарқыра, күн жарқыра!
Бәрі: Жарқыра, күн жарқыра!
Балапан: Жарқырасың күніміз!
Қарлығаш: Жарқын болсын үніміз!
Қоян: Достығымыз берік боп,
Бота: Таусылмасын жырымыз!
Автор: Күннің жылы шуағы жандарын жылытып, құшақтары мейірімге толған достар қуанады.
Ән : «Көктем келді». Орындайтындар:Жасын мен Ақнұр
Жүргізуші:

Айналаның бәрі әдемі , көкте күн күлімдеп , шуағын қайта шашты. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп , жан біткеннің бәріне ерекше көңіл – күй сыйлауда. Ендеше бүгінгі мерекемізді одан әрі әсем ән мен көңілді бимен жалғастырамыз.
«Орыс биі» орындайтын бишілері тобы.

Ән: «Кел билейік»

Орындайтын: Нұрбибі Рахым

Ортаға өлең жолдарымен бір топ бүлдіршіндерді шақырамын:

Бала, бала, баламыз
Лагерге біз барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.



Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апайларды сыйлаймын



Мектебімнің ауласында бүгін той!
Лагердің ашылу күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.



Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.



Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.

Жүргізуші:

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған.
Ән: «Сағындым әже».
Орындайтындар: Тілек пен Айкен

Мен суретші боламын,

Бәріңді де саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.-деп бүлдіршіндеріміз сурет салып,бақтарын сынасын.Салатын суретіміздің тақырыбы-бақытты балалық шақ.

Жүргізуші:

Сүйкімділер, періштелер, Сендерсіндер,

Қандай бейне өздеріне тең келсін!

Данышпанда, ғарышкерде, Ғалымда

Ең алдымен балалықты менгерсің.

Би:Үнді биі

Ән :Әдемі-ай.Орындайтын-Ақжарқын Қайратқызы

Жүргізуші:

Ия, рас, бала болған бәріде,

Салған олар балалықтын әнінде

Бала кезді еске алып отырсақ

Сол емеспе тіршіліктің мәңіде.

Ән:Қасиетті домбыра

.Орындайтын:Нұрхат пен Айару

Спорттық жарыстар

Ән:Айгөлек.Орындайтын-Кәусар Нәсіпқали

Жүргізуші:

Осымен лагерьдің ашылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Демалыс күндеріңіздің көңілді де, қызықты болып өтуіне атсалысып, жақсы демалуларыңызға тілектеспіз.