Файл: Негізгі мектепті бітіргендігі туралы кулігін тапсыру Салтанатты жиыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру»
Салтанатты жиыны.
Мақсаты: 2022 - 2023 оқу жылындағы 9 класс оқушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы аттестаты тапсыру..
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар!
2022 - 2023 оқу жылында " жалпы орта білім беретін мектебінен 23 оқушы негізгі мектепті бітіргелі отыр.
Бүгінгі негізгі мектепті бітіргендігі туралы аттестаты тапсыру салтанатты жиынын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
/ҚР гимні ойнайды/
2 - жүргізуші:Жыл сайын дәстүрге айналып осындай мерзімде мектептен 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап аттестат иесі атанып жүр. 9 жылдық білімді тәмамдап кейбіреуіміз 11 жылдықты бітірем деген ниетпен оқуымызды әрі карай жалғастырсақ, біріміз колледж студенті атанып жүрміз.
Құрметті оқушылар, бүгін де сіздер осындай мақсатпен салтанатты жиында бас қосып отырсыздар.
1 - жүргізуші:Құттықтау сөз кезегі мен аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры мен директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары беріледі
(Салтанатты түрде аттестат тапсыру)

2 - жүргізуші: Өнерлі оқушы қашанда биік шыңдарғы шығатыны сөзсіз. Төмендегі мектеп атынан «Алғыс хатқа» ие болайын деп отырған оқушыларымыз өздерінің мектептегі шәкірттік уақыттарында мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектептен тыс жерлер де де, қалалық, облыстық байқауларға қатысып мектеп намысын қорғаған, биыл негізгі мектебін бітіріп оқуларын колледж жанында жаслғастырам деген ой мазалап жүрген оқушыларға мектеп ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіріп «Алғыс хат» тапсырылады.
1 - жүргізуші: «Алғыс хат» тапсыру рәсімі мен директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары беріледі.
2 - жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Сапасы биік адал дос табыңдар.
1 - жүргізуші: Ұстаз – ұлы есім. Оның алдынан өтпеген жер бетінде пенде жоқ. Сіздердің қызықтарыңызды бөліскен, қиындықта бірге жүріп белдескен сынып жетекшілер ортамызда.
Олай болса құттықтау сөз 9а сынып жетекшісі беріледі


2 - жүргізуші:
Өсті деп ой санамыз
Өрлетті мектеп анамыз
Өріне шығып ғылымның
Нәріне білім қанамыз
Балам, бір саты ер жетті деп ата - аналар да қуаныш үстінде. Ата - ананың мақсатын орындау балалардың міндеті.

Келесі сөз ата - аналарға беріледі.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім.
Құрметті оқушылар еңбек етіп білім шыңына жетіңіздер.
\Назарларыңызға әсем әнді қабыл алыңыздар.\
2 - жүргізуші: Осымен 2022 - 2023 оқу жылындағы 23 оқушыға негізгі мектепті бітіргендігі туралы аттестат тапсыру салтанатты жиынын жабық деп жарияланады.