ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Ответы на вопросы
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 02.02.2019
Просмотров: 345
Скачиваний: 6
№3 зертханалық жұмыс
Электрлік цехтың кезекші мен жөндеу персоналдарының еңбекақысын жоспарлау
Жұмыстың мақсаты: пайдалану және жөндеу персоналының орташа еңбекақысы мен еңбекақы қорын табу, алынған нәтижелерді талдау.
-
Тапсырма
-
Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау.
-
Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау.
-
Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі
-
Алынған нәтижелерді талдау
Еңбекақыны жоспарлаудың мәні оның қорларын жұмысшылар категорияларына және орта мәні бойынша анықтау болып табылады.
Еңбекақы қорларының түрлері келесідей болып бөлінеді: тарифтік, сағаттық, күндізгі және жылдық (айлық). Бұл қорлар сондай-ақ, сол белгіленген бір мерзімдерге құрастырылады (ай, квартал, жыл).
Бірақ әр қор құрамына еңбекақының әртүрлі элементтері кіреді. Сондықтан олар өзара тең емес.
Еңбекақының негізін сағаттық қорға кіретін төлемдер құрайды, ал басқа төлемдер мен компенсациялар қосымша еңбекақыны құрайды.
-
Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау
Тарифтік қорларды есептеудің негізі ретінде жасанды төлеммен істейтіндер үшін нормаланған жұмыс уақытының тек қажетті бөлігі (жұмыстың еңбек сыйымдылығы) мен олардың сағаттық тарифтік жүктемелері алынады, ал уақыттық төлеммен істейтіндер үшін бір жұмысшының нақты уақыты, олардың нақты саны және сағаттық тарифтік жүктемелері алынады
Фжат=СортжТж, теңге, (1)
мұндағы Фжат - жасанды төлеммен істейтіндердің (жөндеу персоналдарының) бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;
Сортж – жасанды төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен - 4-разряд тарифтік жүктемесі 300 теңге/сағ);
Тж – жоспарланған жұмыстың еңбек сыйымдылығы (№1 жұмыстан алынады).
Фут=СортуТнRнэ, теңге, (2)
мұндағы Фут - уақыттық төлеммен істейтіндердің (пайдалану персоналдардың) бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;
Сорту – уақыттық төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен 250 теңге/сағ деп алуға болады);
Тн , Rнэ – сәйкесінше бір жұмысшының нақты уақыты және сол пайдалану қызметкерлерінің нақты саны (№2 жұмыстан алынады).
Еңбекақының сағаттық қоры дегеніміз - тарифтік қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: сыйақы жүйесі бойынша төленуі, жіберілмей ұсталған бригадирдің бригаданы жетекшілік еткені үшін үстеме төлемдері, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, басқа мамандықты уақытша алмастырғаны үшін, мереке күндері жұмыс істегені үшін, оқушыларды оқытқаны үшін төленетін төлемдер.
Еңбекақының күндік қоры дегеніміз - сағаттық қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: жасөспірімдерге қысқа күн үшін төленетін төлемдер, балаларын емізетін аналар үшін жұмыстағы үзілісті төлеу.
Еңбекақының айлық қорына кәсіпорынның барлық жұмысшыларына төленетін еңбекақының барлық түрлері кіреді. Оған толығымен еңбекақының сағаттық қоры және қосымша төлемдер кіреді, олар: кезекті және қосымша демалыстарды төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындау, оқуға босатылған күндер, демалыстық жәрдем ақылар, сіңірген еңбегі үшін қосымша төлемдер.
Жұмыскерге байланыссыз тоқтап қалған жұмыстар үшін кеткен уақыттар жоспарланған еңбекақы қорына кіргізілмейді, бірақ кәсiпорын есебiнде көрсетіледі.
1.2 Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау
Бір жұмысшының орта еңбекақысын табу үшін (орта сағаттық, орта күндік, орта жылдық) олардың тізімдік құрамын №2 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелерінен алынады.
Электрлік цех жұмысшыларының еңбекақысының қоры мен оның орта мәнін анықтау әдістемесі 1-кестеде келтірілген.
1 Кесте - Электрлік цех жұмысшыларының еңбекақы қоры мен оның орташа мәнін есептеу
Еңбекақы қорының элементтері |
Еңбекақы |
||
пайдалану жұмысшылары |
жөндеу жұмысшылары |
барлығы |
|
1 Еңбекақының жыл бойы тарифтік қоры, Фт |
3638942,27 |
1778000,00 |
5416942,27 |
2 Тарифтік қорға дейін қосымша төлем: а) сыйақы (0,16*Фт) ә) мереке күндері жұмыс істегені үшін (0,001*Фт) б) түнгі уақытта жұмыс істегені үшін (0,04*Фт) |
582230,76 3638,94 145557,69 |
284480,00 1778,00 71120 |
866710,76 5416,94 216677,69 |
3 Еңбекақының сағаттық қоры Фсағ=(б.1+б.2) |
2142,34 |
1046,75 |
3189,09 |
4 Бір жұмысшының орта сағаттық еңбекақысы |
315,05 |
153,96 |
468,98 |
5 Аналар мен жасөспірімдерге жәрдемдік сағаттар үшін төлем, (0,005*Фсағ) |
10,71 |
5,23 |
15,94 |
6 Еңбекақының күндік қоры, Фкүн(б.3+б.5) |
20238,42 |
9888,56 |
30126,98 |
7 Бір жұмысшының орта күндік еңбекақысы |
2976,24 |
1262,26 |
4238,50 |
8 Айлық (жылдық) қорына дейін төлем: а) кезекті демалысқа төлем (0,078Фкүн) б) мемлекеттік міндеттерді орындау (0,005*Фкүн) в) іс сапарлар үшін (0,01Фкүн) г) сіңірген еңбегі үшін (0,005Фкүн) |
1578,60 101,19 202,38 101,19
|
771,31 49,44 98,89 49,44 |
2349,90 150,63 301,17 150,63 |
9 Айлық (жылдық) еңбекақы қоры, Фжыл(б.6+б.8) |
554356,40 |
266637,85 |
820994,25 |
10 Бір жұмысшының орта айлық (орта жылдық) еңбекақысы |
81523,00 |
39211,45 |
120734,45 |