Файл: 11 сыныптара арналан азастан тарихы пні бойынша орытынды аттестация сратары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша
қорытынды аттестация сұрақтары
| «Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Шовинизм», «толеранттылық» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Полиэтникалық қоғам», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын анықтаңыз. |
| «Аң стилі», «полихромдық стиль» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Референдум», «Конституция» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Полиэтнос», «моноэтнос» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Этногенез», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Рабад», «киіз үй» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Ирридента», «диаспора» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Шежіре», «дәстүр»» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Автохтонды халық», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Мәдени-генетикалық код», «ұлт» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Ақсүйек», «қарасүйек» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Революция», «реформа» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Жәдидшілдік», «пантүркизм» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Тоталитаризм», «демократия» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Интеграция», «жаһандану» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Отар», «протекторат» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Репрессия», «ақталу» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Ру», «жүз» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Материалдық мәдениет», «рухани мәдениет» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Антропогенез», «этногенез» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Репатриация», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Дәстүрлі (аграрлық) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Ақтабан шұбырынды жылдары», «Зарзаман» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| «Археологиялық мәдениет», «тарихи-мәдени ескерткіш» терминдеріне анықтама беріңіз. |
| Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін сипаттаңыз. |
| XIX-ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында жұмыс істеген білім беретін оқу орындарының ерекшеліктерін сипаттаңыз. |
| Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз. |
| Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтаңыз. |
| Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз. |
| Көшпенді киіз үй құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Неге қазақтарда киіз үйдің конус тәрізді емес, жарты шар тәрізді түрі таралғанын түсіндіріңіз. |
| Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысы). |
| Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы). |
| Алаш және Түркістан (Қоқан) автономияларын мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру әрекеті ретінде сипаттаңыз. |
| XVIII – XX ғғ. басында Қазақстан халқының этникалық құрамын өзгерту үдерісіндегі негізгі этникалық топтарды сипаттаңыз. |
| Қазақ хандығының құрылу процесін сипаттаңыз. |
| Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын сипаттаңыз. |
| Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы большевиктердің экономикалық саясатын сипаттаңыз. |
| Қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуын сипаттаңыз. |
| Түркі қағанатының қалыптасу процесін сипаттаңыз. |
| Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерін сипаттаңыз. |
| «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерін сипаттаңыз. |
| Дамыған орта ғасырдағы (Х-ХIV ғғ.) түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттаңыз. |
| Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы қалалық мәдениетті дамытудағы рөлін сипаттаңыз. |
| XVIII - XX ғғ. басындағы Қазақстанның ғылыми зерттеу процесін сипаттаңыз. |
| Қазақ хандығының саяси институттарын сипаттаңыз. |
| Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында нарықтық экономикаға көшудің негізгі міндеттерін түсіндіріңіз. |
| Қазақстанның білім және ғылым саласында 1917 жылдан бастап енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіріңіз. |
| «Ұлы дала» ежелгі мәдениет ошақтарын және олардың бір-бірімен өзара байланысын сипаттаңыз. |
| Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы көші-қон саясатының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. |
| Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы рөлін талдаңыз. |
| Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын анықтаңыз. |
| 1950-1980 жылдардағы Қазақстанның табысты дамыған ғылым салаларын сипаттаңыз. |
| Жастарға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттаңыз. |
| Тәуелсіздік жылдары білім беру және мәдениет саласында жүргізілген реформалар туралы айтып беріңіз. |
| «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| Қазақстандық заңнамалық актілер негізінде ҚР Көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтаңыз. Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ұлттық бірлік пен қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы отандастарымыздың елге оралуына үлкен әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Жаңғыртылған «Жаңа Ұлы Жібек жолы» Қазақстан экономикасының дамуында басты рөл атқарады». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| VI - XIII ғ. басында қазақтардың этногенезіне қатысқан негізгі тайпалар мен тайпа одақтарын атаңыз. |
| «Қазіргі уақытта жастарды республикада сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау керек» деген ойды қалай түсінесіздер? |
| XX ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдеріне шолу жасап, негізгі факторларды талдаңыз. |
| «Патриотизм – туған жерге, мәдениет пен дәстүрге деген ерекше көзқарас». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан». Сіз «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Тәуелсіз Қазақстан экономикасының көмірсутектер экспортына едәуір тәуелділігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталды». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Көшіп-қонудың табиғи циклдері қазақтардың мәдени-генетикалық кодының бір бөлігі». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Ресей империясы қазақ балаларын патша үкіметіне адал шенеуніктерді даярлау мақсатында оқытқан» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды мемлекет деп жариялады, бірақ іс жүзінде Кеңес одағы унитарлы мемлекет болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| XX ғасырдағы Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруінің негізгі кезеңдерін анықтаңыз. Әр кезеңнің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «ХХ ғасырдың басы Азия мемлекеттері үшін ояну дәуірі» болып табылады. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Тілді шетелдік сөздермен шұбарламай, тіл тазалығын сақтау керек, өйткені шетел сөздері басқа этностардың мәдениетін, ерекшеліктерін, кодтық ақпаратын таратады» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Ресей империясының қазақ даласындағы әкімшілік реформалары көшпелі шаруашылықтың құлдырауына алып келді» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының бағыттарының бірі Қазақстан аумағына жіберілген ғылыми және әскери экспедициялар болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің жедел дамуы болып саналады». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Заманауи қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің бұлжымас ережелерінен толықтай бас тарту, идеологиясыздандыру, өмір құбылыстарына тарихи тәсілді тереңдету, алдыңғы қатарға ұлт мүдделерін шығару тән. Сонымен бірге көптеген қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға бірнеше дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Дала тайпаларындағы «әскери демократия» көсемдік түрінде дамудың ең жоғары деңгейіне жетті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Батыс мəдениетін саналы түрде жүзеге асыруда қазақ даласының болашағын көремін». Сіз Ә. Бөкейхан тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Дала өркениеті этностан тыс сипатқа ие болды және қандай да бір халықпен (этноспен) немесе белгілі бір дінмен байланысты болмады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінің барлық мәдениеттері сабақтастыққа ие және бірыңғай тарихи процесті құрайды деген пікір қалыптасқан. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне, соның ішінде қазақтарға биліктің «хан – билер – халық» үштігі тән. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Кеңестік қазақ автономиясының жариялануы және оның одақтық республикаға өтуі Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының маңызды тарихи кезеңдеріне айналды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Көшпенділер әлемдік тарихи үдерістердің барысына елеулі әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. |
| «Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және адамгершілік құндылықтарының көрінісі болып табылады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |
| «Отырықшы және көшпелі халықтың арасында тығыз экономикалық және мәдени өзара байланыс болды». Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. |