Файл: Лекция Таырыбы Кіріспе 1 Пнні масаты мен арастыратын мселелері. 2 Стандарттауды даму сатылары. 3 лтты стандарттауды пайда болуы. 4 Халыаралы стандарттауды даму кезедері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 196
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.
Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі.
Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:
1) қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген;
2) қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген;
3) бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;
4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.
Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.
Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.
Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады.
Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган:
1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;
2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;
3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді;
4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді;
5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.
Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.
Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.
Сұрақтар:
1 Қызметтердің қандай түрлерін білесіз?
2 Қызметтерге сертификаттауды қалай жүргізеді?
3 Қызметтер мен өнімдерге сертификаттауды жүргізудің ерекшеліктері бар ма?
4 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді?
12-лекция
Тақырыбы: Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау
1 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері
2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі
Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды ҚР СТ 3.9 сәйкес жүргізеді.
Бұл стандарт бойынша ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде міндетті сертификаттауға жататын шетелдік өнімдердің сәйкестігін растаудың жалпы ережелерін, жүргізу тәртібі мен рәсімдерін орнатады.
Бұл стандарт сертификаттау жөніндегі аккредиттелген барлық органдарына, сынақ зертханаларына, сарапшы-аудиторларға, сонымен қатар ҚР МСЖ қызметіне қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып саналады.
Шетелден әкелінген өнімдердің Қазақстанда күші бар нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растауын ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген сертификаттау органдарымен жүргізіледі.
Міндетті сертификаттауға жататын шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды отандық өнімдерге орнатылған ережелер бойынша жасалады, бірақ енгізілетін өнімдердің ерекшеліктері мен келісім-шарттардың бар болуы ескерілуі керек (Қазақстан мен экспортер-мемлекет арасындағы).
Қазақстан Республикасында МСЖ шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауын мына жолдармен жүргізеді:
а) сәйкестік сертификаттарының түпнұсқаларын берген ТМД қатысушыларының-мемлекеттерінің СО мойындалуы;
- сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін берген ТМД қатысушыларының-мемлекеттерінің СО мойындалуы;
- ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген ТМД қатысушыларына жатпайтын мемлекеттердің СО берілген және мөрімен куәландырылған шетелдік сәйкестік сертификаттарын немесе олардың көшірмелерін мойындалуы;
б) Өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі техникалық регламентіне сәйкес талаптарға сертификаттау сұлбаларын қолдана отырып өнімдердің партиясын сертификаттау;
в) өтінушімен сәйкестік декларациясын қабылдау.
ҚР аймағында мойындалған шетелдік СО берілген сәйкестік сертиффикаттардың тізімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органымен анықталады.
Міндетті сәйкестікті растауға жататын шетелден әкелінген өнім енгізу уақытына өнімнің партиясы ретінде саналады, сериялы өнідіріске сәйкестік сертификаты болса да. Мұнда партияның мөлшері енгізілетін құжаттың тауарменжүретін құжаттамаға сай анықталады.
Міндетті сәйкестікті растауға жататын көтерме саудаға арналған шетелдік өнімге мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат болуы керек. Бұл ақпаратқа келесі мәліметтер кіреді: өнімнің атауы, дайындаушы-мемлекет пен кәсіпорын, дайындау күні, сақтау мерзімі, жағдайлары, қолдану тәсілі, тағамдық құндылығы. Аударманың дұрыстығына өтінуші жауап береді.
Сәйкестік сертификаты жоқ шетелдік өнімдерге сертификаттау жұмыстарын ҚР күші бар техникалық регламенттерде немесе нормативтік құжаттарда орнатылған қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігін жүргізеді.
Егер Қазақстанда өтінуші өнімге орнатылған талаптар нормативтік құжаттарда болмаса, онда импортер-мемлекеттің нормативтік құжаттарына сәйкестігін тексереді, мұндай құжаттарды өтінуші беруі шартты.
Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау бойынша жұмыстар үшін ақыны өтінуші ҚР Ұ 50.3.01 сәйкес төлейді.
Өтінуші мен сәйкестік растау органы арасында келіспеушіліктер болған жағдайда ҚР 3.10 сай орнатылған тәртіпте апелляциялар қарастырылады.
Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі
ҚР аймағына шетелден әкелінген өнім міндетті сәйкестікті растауға жатады, сонымен қатар бұл өнім кедендік ресімделуін жүргізетін органмен кедендік декларирлеуден орнатылған тәртіпте өтеді.
Шетелден әкелінген өнімдердің кедендік ресімделуін жүргізу үшін негіз болатын құжаттарға ҚР сәйкестік сертификаты немесе СО тіркелген өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі өтінім-декларация болады (кедендік бақылауға қажетті құжаттарды санамағанда).
Өнімнің кедендік ресімделуін жүргізгеннен кейін өтінуші СО аккредитеу саласына байланысты берілген өнім түріне шетелдік сертификатты мойындауға өтінім жібереді.
Өтініммен бірге мына құжаттар беріледі:
- шетелдік сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмелері;
- өніммен бірге жүретін құжаттама - өнімге шығу тегі сертификаты контракт, накладная, өнімді сынау хаттамасының көшірмесі, сапа менеджмент жүйесі немесе өнідіріс сертификаты, гигиеналық қорытынды, фитосанитарлық сертификат, малдәрігерлік қорытынды.
Өтінімге берілген құжаттар екі тілде жазылады. Егер басқа тілде болса, онда аудармасы болуы керек.
Өтінімді және берілген құжаттарды талдау негізінде СО шетелдік сертификатты мойындау жөнінде шешім қабылдайды және өнімнің сәйкестігін растауын үш тәсілдің біреуімен жүргізеді. СО мен өтінуші арасында сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалады.
Сәйкестікті растау ресімдерін жүргізгенде СО ҚР СТ 1014 талаптарына және басқа да нормативтік құжатарға сай өнімнің сәйкестендіруін өткізеді.
Тез бұзылатын өнімдерге сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау шаралары болған кезде ғана мойындалады.
Мойындалған сәйкестік сертификаттары және олардың көшірмелері ҚР МСЖ қабылданған сәйкестік сертификаттарына қайта ресімделеді. Олардың ресімделуін аккредиттеу саласына байланысты сәйкестікті растау органдары жүргізеді.
Сәйкестік сертификатының іске асу мерзімі СО орнатылады және ол өнімнің сақтау мерзіміне байланысты болады, бірақ 1 жылдан аспау керек.
Егер ТМД мемлекеттерімен-қатысушыларымен сериялы өндіріс өніміне берілген сәйкестік сертификатының мерзімі аяқталса, ал өнім сатушыда болса, онда сертификат өнімнің сақтау мерзіміне қарай таралады, бірақ 3 жылдан аспау керек.
СО сәйкестік сертификатын беру алдында, қажет болған жағдайда шетелдік өнімге толық барлық көрсеткіштері бойынша анықтау жүргізеді немесе нормативтік құжаттарда орнатылған талаптарға сай өнімнің сәйкестігін растау үшін кейбір көрсеткіштерін ғана анықтайды.