Файл: Лекция Таырыбы Кіріспе 1 Пнні масаты мен арастыратын мселелері. 2 Стандарттауды даму сатылары. 3 лтты стандарттауды пайда болуы. 4 Халыаралы стандарттауды даму кезедері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 200

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға тиым салынады.

Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары:

өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау;

саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар нарығындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру.

Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:

тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу;

тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау;

шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерін куәландыру.

2 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс.

Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.

Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамамен үйлестірілген ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.


Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.

Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті сертификаттауға қатысты жүзден артық нормативтік құжаттар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады:

стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкестікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар;

өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;

сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;

ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары.

Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.

ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды.

Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді.



Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болады.

Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі:

сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін;

сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды және оларды аккредиттеу рәсімдерін;

сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды дайындау және аттестаттау рәсімдерін;

мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу; аудит және инспекциялық бақылау ережелерін;

және басқаларды тағайындайды,

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржыларынан және келісім-шарттар негізінде табылған қаржылардын құралады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай - ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады.

ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады:

техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган;

акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар

аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары);

аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар;

сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар.

Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.

Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.

Өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар кез келген меншік түрлеріндегі, заңды тұлға болып табылатын және Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттарында тағайындалған талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың негізінде құрылады.

Әрекеттің белгілі сферасында сәйкестікті куәландыру жұмыстарын атқару құқығына ие болам деуші ұйым міндетті түрде аккредиттеу рәсімінен өтуі тиіс.

Өнімнің (көрсетілетін қызметтердың) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыруға қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу облысы шегінде сертификациялық сынақтар жүргізеді.

Сынақ зертханасы (орталығы) заңды статусы бар дербес ұйым болуы мүмкін немесе сертификаттауды куәландыру жөніндегі органның немесе басқа да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін.

Сынақ зертханаларының (орталықтарының) негізгі функциясы сертификациялық сынақтарды жүргізу болып табылады. Сертификациялық сынақтар жүргізгенде стандартталған әдістемелер қолданылуы керек және олар (әдістемелер) сынақ нәтижелерінің дұрыс және нақты болуын қамтамасыз ету керек.

Аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар – сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл ұйымдар Мемстандартпен бекітілген тәртіп боынша аккредиттеуден өткен болулары керек.

Сарапшы – аудиторлар. Сәйкестікті куәландыру жөніндегі сарапшы- аудиторлар – бекітілген тәртіп бойынша балгілі әрекеттер саласында өнімдері, көрсетілетін қызметтерді, процестерді, жұмыстарды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) және сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жұмыстарын жүргізу құқығына аттестацияланған маман болып табылады.

Сарапшы аудитор сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, олардың нәтижелерінің объективный және достоверный болуын қамтамасыз етеді.

Сертификаттау жүйесінің қызметін тұтынушы сертификаттауға қатысушы – өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға өтінуші және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беруші жеке және заңды тұлғалар (шығарушылар, сатушылар, орындаушылар) -
өтінушілер болып табылады.

Сертификаттауға қатысушыларға тұтынушылар да жатады. Сертификттау жөніндегі іс- әрекеттер тұтынушы үшін маңызды болып табылады, өйткені олар:

өнімнің (жұмыстардың, процестердің) сапасы мен қауіпсіздіген жоғарылатуға;

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде ақиқат және толық ақпарат таратуға;

сапасыз тауарлардан (жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден) адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығындарды қайтарып беруге бағытталады.