Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Таза, мінсіз асыл сз. Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Таза, мінсіз асыл сөз.

Мектеп: №10 жалпы білім беретін орта мектеп

Күні:27.10.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Мустажапова А.Б.

Сынып: 5

Қатысқандар: 23




Сабақтың тақырыбы


«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. 3 сағат

Бөлім бойынша қайталау.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.3.1 -шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау;

5.3.2.1 - кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Шығарма мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әр бейнеге аңыз мазмұнынан нақты дәлелдер келтіреді, өз сөзімен салыстыра бағалайды.

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.

  • Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

"Асан қайғының жерге айтқан сыны " бойынша автор бейнесін талдайды, салыстырады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Аңыз, миф, кейіпкер, образ

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Асан атына "қайғы" сөзі қосылып не себепті аңызға айналған деп ойлайсың?

Алдыңғы оқу

"Асанқайғының жерге айтқан сыны" аңызы

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин
6 мин

Ұйымдастыру. Шеңбер бойына тұрып сыныпта жағымды ахуал туғызу.тілек, жыл Мысалы: жақсы көңіл-күй тілеймін, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Топқа біріктіру: "Мозайка" әдісі

1-топ."Торғай",

2-топ."Есіл"

3-топ."Ертіс",
Ширату жаттығуы.

"Сұрақ-жауап" әдісі
1. Асанқайғының жерұйық іздеу мақсаты не?

2.Барған жеріне қонымды баға беруінің мәнін қалай түсінесіңдер?

3.Кім Асанқайғы сияқты тұрған жеріне баға бере алады.

"Сөйлемді аяқтау" әдісі

Асанқайғы желмая мініп, желдіртіп Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары . . .

ҚБ "От шашу"



Сурет қиындылары



Сабақтың ортасы

10 мин

4 мин

12 мин

3 мин

1-тапсырма ТЖ. "Ментальді карта" әдісі

Асанқайғының жерге айтқан сындарын мұқият оқи отырып, Асанқайғы бейнесін ментальді картаға түсіріңіз.

Дескриптор:

- автор бейнесін анықтайды

-шығармадағы автор бейнесін ментальді картаға

түсіреді;

- әр бейнеге аңыз мазмұнынан дәлел келтіреді.
ҚБ "Бағдаршам" 2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Ж,ТЖ

1.«Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызын оқулықтан жеке оқиды.

2. Мәтін мазмұны бойынша негізгі идеясын

ашатын төрт сұрақ жазады. «Пиццаға» сұрақтар жазады. Пицца таратушы сұрақтарды келесі топқа апарады. Ол топ сұрақтарға толық жауап бергеннен кейін пиццаға ие болады.

ҚБ. Екі жұлдыз,бір тілек.

Дескриптор:

- идеясын ашатын 4 сұрақ құрастырады

- сұрақтарқа жауап береді.

Пицца таратушы ол топтың сұрақтарға қалай жауап бергеніне ауызша кері байланыс ұсынады.
2-тапсырма ЖЖ. "Болжау стратегиясы" әдісі
Бейнематериал көрсету. Сұрақ: Асанқайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді деп ойлайсыз? Өз сөзіңізбен болжап, салыстыра бағалаңыз.

Дескриптор:

  • кейіпкердің ақпаратқа қатысты пікіріне болжам жасайды.

  • Жасалған болжам негізінде өзіндік баға береді.

  • шынайы өмірмен салыстырады
    ҚБ "Басбармақ"

Сергіту сәті: физкультминутка


Асанқайғының суреті, ментальді карта сызбасы, маркер


www.mediakurs.kz/kz/video/329-aral_tengizi.

А4 бет






Сабақтың

соңы
5 мин


Кері байланыс. Шығу билеті.

ШЫҒУ БИЛЕТІ

Сіз бүгін не үйрендіңіз?

Сіз тағы не білгіңіз келеді?

Үйге тапсырма.8-тапсырма.61-бет.

дескриптор.

-Асан қайғының өнегелі, үлгілі сөздерін табады, мағынасын түсінеді.

-Табылған деректер бойынша (арнау, эссе, өлең, шығарма)жазады.

-шығармашылық жұмыс мәтінін әдеби тіл нормасына сай жахады.

А 4 бет