ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 50
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 15.01.2019ж
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
5. Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
5. Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу
5. Б/С4. Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, нұсқаулық жазу.
Сабақ мақсаты: Шығарма үзіндісін жатқа айту;
кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
сыни хабарлама жазу үшін нұсқаулық жазу.
Ресурстар: Ғаламтор материалдары
Бағалау критерийлері: Шығарма үзіндісін жатқа айтады;
кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын аша алады; нұсқаулық жазады.
Дескриптор Шығарма үзіндісін жатқа айтады;
Нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды;
Кейіпкер іс - әрекетіне талдау жасай отыра образын аша алады;
Сұрақтарға толық жауап береді;
Шығармадан алған әсерін көркем тілмен бере біледі;
Жүйелі нұсаулық жаза біледі.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Талдау, бағалау
Тілдік мақсаттар: Адамдық диқаншысы, еңбек, бейнет, зейнет
Құндылықтарды дарыту: Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Тарих
АКТ қолдану дағдылары: Презентация, слайд
Сабақтың басы (10 мин)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі айтылады.
А. Байтұрсынов кім? Тапсырма. Ж. Ж. Т. Ж.
1. Ол халықты оқуға шақырған, ағартушылық жұмыстар жүргізген, қазақ ауылдарында орысша - қазақша мектеп ашып, балаларға сабақ берді? (ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз)
2. Байтұрсынұлы қазақ балалары үшін «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар жазды (Жазушы )
3. Араб әріптерінің негізінде қазақ алфавитін жасады. (ғалым - лингвист)
4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы (1911 жыл). Өлеңдері: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген», «Досыма хат» т. б. (ақын)
5. А. Байтұрсынов – Абай дәстүрін жалғастырып, мысалдар (басни) жазған. (мысалшы)
6. А. Байтұрсынов И. А. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» (1909 ж.) деген атпен жинақ шығарды. (аудармашы).
Қалыптастырушы бағалау
Сабақтың ортасы (15 мин)
1 - тапырма. Адамдық диқаншысы. Дауыстап мәнерлеп оқу
Ж. Шығарма үзінділерін дауыстап оқу үшін таңдайды.
Ж/Ж Олар жұпта отырып дауыстап оқиды. Оқушылардың бірі екіншісіне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйрете алады. (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т. б.)
С. Мұғалім кейбір оқушыларды сыныптың алдында мәнерлеп оқуға шақырады. Олар негізгі жерлерін жатқа айта алады. Деңгейлері төмендеу оқушылар қағазға қарап оқи алады.
Адамдық диқаншысы
1 - оқушы: Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
2 - оқушысы: Жаратқан малды Құдай не керекке -
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Қалыптастырушы бағалау
2 - тапсырма. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу үшін төмендегі кестені толтырады. Оқушы деңгейіне қарай сұрақтарға жауап береді.
Ж/Ж. Мәтіндік зерттеу
| | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ: №2 | Мектеп: әл-Фараби орта мектебі | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Басжанова М.Д. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: | Адамгершілік – асыл қасиет | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Лагерьге жолдама | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | А/И4. Шығармашылық жұмыс Б/С3. Әдеби эссе | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу 5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Үзіндіден алған әсері бойынша РАФТ орындау Кейіпкер әрекетіне баға бере отырып, эссе жазу | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Үзіндіні түсінеді, әсері туралы ойланады, РАФТ орындай алады Кейіпкерлер әрекетіне баға бере алады; Сыни ойлана отырып, эссе жаза алады; | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | - Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет; - Ынтымақтастық, жауапкершілік; - Ұлттық және адами құндылықтарға құрмет; - Салауатты өмір салтын ұстану, насихаттау. Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Таныстырылым арқылы тапсырмалармен танысады. Тақырыпқа қатысты тапсырма орындауда интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізеді. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Идеяларды байланыстыра алуға, мәтіндердегі көтерілген мәселені табуға, негізгі ойды анықтауға және оларды сипаттауға қабілетті болады. Меніңше, бұл … білдіреді; Бұл ... дегенде, бұл… білдіреді; Менің ойымша, бұл… білдіруі мүмкін. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Менің атым ... | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарлана-тын уақыт | Сабақ барысы | Дереккөздер | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. Сыныптағы оқушы санына қарай цифрлар арқылы 4 топқа бөлінеді. Жазғы лагерьлер туралы деректі фильмнен үзінді көрсетіледі http://kaztrk.kz/news/articles/elimizde-12-mynga-zhuyq-zhazgy-lagerler-zhumys-isteude-gulnar-qazhykenova-1204 «Миға шабуыл» Бейнеүзінді не туралы? Алдыңғы сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін? Сен қандай лагерьге барғың келеді? Сабақ тақырыбы, ОМ мен ЖК таныстырылады. | Слайд № 1,2 | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10+10 минут 7 минут 5 минут | Оқушылар мәтін бөліктерімен ДЖИК СО стратегиясы арқылы танысады. Жұмыс топтарында мәтінді топпен оқып талдаса, жанұя топтарында мәтіннің өзіне тиісті бөлігі арқылы ақпарат беруші қызметін атқарады. 1 - топ Таңертеңгі шайымды ішіп алғаннан кейін аяңдап, мектептің спорт алаңына қарай келе жаттым.Қолтығымда добым бар. Біздің "Спартак" кеше қайраттықтардан жеті де бес болып ұтылған еді. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ширығып, іштей дайындықпен келе жатырмын. Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып: - Қара көже, мынаның не екенің білесіңбе?- дейді. - Ол не? - Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратынболдық. Ал, сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Тілініңқыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым да, әуелі жолдама жайын тиянақтамақшы болдым. -Онысаған кім берді? - Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде. "Негежоқпын?" Жантастан Майқанованың қайда екенін сұрап едім, мектепте деді. Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп бірді шерттім де, жүгіре жөнелдім. Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп бардым. Майқанова бірдеңе жазып, жалғыз отыр екен, маған басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарады: - Не болды? Не болды, Қадыров? - Лагерьге жолдама беріңізші маған. - Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың. - Неге? - Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз. - Жантас немене... менен артық болғаны ма? 2 – топ Майқанова екі бүйірінен біреу қысып қалғандай еңсесін кілт көтеріп алды: - Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба? Майқанованыңкөкшіл көзі шатынай бастады. Оныңбір ашуланса шапылдап, жуық арада толас бермейтінін білем. - Бермесеңіз, қойыңыз,- дедім де, жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жауып, жөнеле бердім. Осындай әділетсіздіккеқаның қалай ғана қайнамайды. Жантас, біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, (сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенгеқұлақ түргіш Жантас үлгілі оқушы болғаны да, мен үлгісіз болғаным. Меніңсабақ үлгеруім одан көш ілгері екені, екпінділігім ешқандай есеп емес. Соңымнанілесе шықты Майқанова: - Қадыров! Бері кел. Менбұрылып та қарамадым. - Қадыров! Есіктенжүгіріп шығып кеттім. Турниккесүйеніп, жылмия қарап Жантас тұр. Зығырданым одан бетер қайнап кетті. -Немене, жолдама алдың ба?- деп сиқырлаңып жолымды тосқауылдай қалыпты. - Алдым,- дедім. - Кәне, көрсетші? Сартеткізіп танаудан тағы бірді Шерттім. - Міне. Түстенкейін төсегімде демалып жатып, ойға қалдым: бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау, деймін. Әрине, Жантасқа жолдама беріп, маған бермеген оныкі де әділдік емес. Ызамды осы келтірді. Дегенмен Майқанова мұғалім, класс жетекшісі. Жә,қазір оқу кезі емес қой, каникул. Ол маған не істей алады? Үш айға дейін кім бар, кім жоқ. Мүмкін, жаңа оқу жылында біздің класс жетекшіміз басқа біреу болар. Онда мен Майқанованың шеніне де жолай қоймаспын. 3- топ Өмірдегенді ойлап отырсаң, қызық нәрсе. Бірі мен бірінің қалайда тұзы жараспайтын кереғар жаралған адамдар болады. Майқанова екеуіміз соның дәл өзі секілдіміз. Біздің кикілжіңіміз күзде ол осында мұғалім болып келген бетте-ақбасталды. Былай болды. Жаңа оқулықтар, дәптерлер сатып жатыр дегенді естідім де, әжемнен ақша ала салып, замғап дүкенге келдім. Рас, сатып жатыр екен. Бірақ адам деген лық толы. Кезектің соңы далаға шығып кетіпті. Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым. өйткені соңындағыларға жетпей қалатын азабы да болушы еді. Сонан соң көрінгеннің оқулығына міңгесіп, жалынасың да жүресің, бұл - күн емес. Өзге ештеңең болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: оқулығы сай бала - көңілі жай бала. Сығылысып есіктен енді кіре берсем, бойы менің бойымдай ғана, тықылдаған бейтаныс көк көз келіншек алдымды тосқауылдап жібермейді. - Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр,- дейді. Осы арада тілі құрғыр өтірікті менің еркімнен тыс айтып салды: - Мен оқулық емес, қант аламын,- дедім. Өйткені магазиннің арғы азық-түлік сататын бөліміне қарай адамдар еркін өтіп жатыр. Көк көз келіншек мені жіберді. Мен сыр бермеймін деген оймен әуелі қант сататын жаққа өтіп кеттім. Бірақ қанттың қазір маған түкке керегі жоқ. Маған қажеті бесінші кластың оқулықтары. Прилавканы жағалап, адамдардың арасымен ептеп, кітап сатып жатқан жаққа қарай сырғи бастадым. Енді бір ұмтылғанда жетіп те қалатын едім. Кенет әлгі көк көз келіншек желкемнен бүріп ұстап: - Сен адасып барасың. Қант ана жақта сатылады,- деді. - Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз,- деп, жұлқынып қалдым да, прилавкаға бір-ақ барып жеттім. Көк көз келіншек сатушыға дауыстап жатыр: - Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті. 4 - топ Ол бұл сөзді айтып үлгергенше, Қожекең сұр кепканы қойынға сүңгітіп жіберіп, тақыр бас қара бала болып шыға келді. Балалар ананы-мынаны сұрап, азан-қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, елу сомдықты сатушының қолына ұстата салдым. Сөйтіп, қажетті оқулық-дәптерлерімді бір құшақ етіп алып, шыға бердім. Есік алдында көк көз келіншек иығымнан қатты ұстап (қолы мұндай қатты бола ма!): - Ой, ұятсыз. Қай класта оқисың?- деп, бір жұлқып қалды. Мен оған жөнімді айтып жатырмын! Бірнеше күн өткеннен кейін оқу жылы басталды. Мәссаған керек болса, әнеугі маған дүкенде жекіретін көк көз келіншек тыпың-тыпың етіп, қағаздарын қолтықтап, біздің класқа кіріп келе жатыр. Қожекеңнің сол мезет қандай күйгетүскенін көрсеңіз. Бірақ бойымды тез жиып ала қойдым да, сыр бермеуге тырыстым.Мүмкін,ол мені танымас деп ойладым. Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды. Сәбира Майқанова. "Мен сендерге қазақ тілінен сабақ беремін және класс жетекшілерің боламын",- деді. Соңғы сөзі Қожекеңді тағы бір сілкіп алды. "Ал бәлем, сақтана бер" дегендейболдым өзіме-өзім. Майқанова бір-бірлеп, тізім бойынша оқушылармен таныса бастады. Кезек маған келді. - Қадыров. - Мен. Майқанова тесірейе қарап тұрып қалды. - Біз екеуіміз таныс шығармыз деймін? Мен еріксіз жымиып күлдім. - Мүмкін. Менсенімен әлі сөйлесемін дегендей Майқанова: - Отыр,- деді зілді дауыспен. Мінеосыдан кейін Майқанова маған қымс етсе, қаһарын тігіп тұратын болды. Қанша рет қыс бойы директордың алдына сүйреп алып барды. Ақыры жыл аяғында тәртібіме де "төрттік" баға қойып отыр. Осының бәрі мені, әрине ашуландырады. РАФТ Әр топ өзіне берілген рольдер бойынша ұсынылған формамен жұмыстанады.
Бағалау дискрипторлары: Ролге ене алады; Тақырыпты аша алады; Әсерлі, көркем жаза алады; Сыни ойлана отырып, кейіпкер әрекетіне баға бере алады. Жеке жұмыс Үзіндіден алған әсері туралы авторға арнап эссе жазады. Сабақ үстінде эссесінің кіріспе бөлімін жазып, проблемалық сұрағын анықтайды. Бағалау дискрипторлары: Алған әсері туралы жаза алады; Көркем тілмен жазады; 120-150 сөз көлемін ұстанады; Проблемалық сұрақ көтере алады; Өзіндік қорытындысын шығара алады; | Слайд №3 Слайд №4 | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Үй тапсырмасы. Эссенің негізгі бөлімі мен қорытынды бөлімін жазу. Бағалау дискрипторлары: Алған әсері туралы жаза алады; Көркем тілмен жазады; 120-150 сөз көлемін ұстанады; Проблемалық сұрақ көтере алады; Өзіндік қорытындысын шығара алады; Бағалау Жетістік критерийлеріне сай топ мүшелері бірін – бірі бағалайды. Сабақ мақсатына жеткен, талпынған оқушылар анықталады. Кері байланыс. «Жаттығу» әдісі бойынша жүзеге асады. Арнайы қимылдар арқылы рефлексивтік баға беріледі. Сабақ өте нашар өтіп, негативтік көзқараста қалсаңыз – жүресінен отырыңыз. Орташа баға беріп, бейтарап көзқараста қалсаңыз – тізеңізді сәл бүгіп отырыңыз. Сабаққа жақсы баға беріп, қанағаттансаңыз – қарапайым күйде қолыңызды жаныңызға жіберіңіз. Егер сабақ керемет өтіп, жақсы әсер алсаңыз – қолыңызды жоғары көтеріп, шапалақтай отырып, өкшеңізді көтеріңіз. | Слайд№5 Слайд№6 | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: 26.02.2019 | Мұғалім: Басжанова М.Д. | ||||||||||||||||||
Сынып: 5 «Ә» Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||
Бөлім атауы | Адамгершілік - асыл қасиет | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (он жетінші тарау) Құпия емес | ||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А/И1. Әдеби шығарманың композициясы А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстырады; Әңгімедегі кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстырады. | ||||||||||||||||||
Ресурстар | http://www.ikitap.kz/audiobook/2230-menin_atim_koja_povr/2230-menin_atim_koja_povr https://www.youtube.com/watch?v=JQz1_Zi3JO0 | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||
Дескриптор |
| ||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Титықтап, дәйектеме, композиция, сюжет, т.б. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, шынайылыққа тәрбиелеу | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолдану | ||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин Сабақтың ортасы 8мин 10мин 5мин 10мин 3мин | Ұйымдастыру кезеңі:
1-топ: Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын. 2-топ: Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен. 3-топ: Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. 4-топ: Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. 1-тапсырма. ЖЖ. Салыстырмалы карта. Орыс тілі сабағы. Анфиса Михайловна Пушкиннің «Қысқы кешін» жатқа сұрап жатқан кезі. Осы үзіндіні оқи отырып, Жантас пен Қожаға салыстырмалы мінездеме беріңдер.
2-тапсырма. ТЖ. Композициялық құрылымына талдау.
3-тапсырма. Ж. «Бұл кім және қай сәт?» Бұл қай сәт? “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.” Бұл қай сәт? “Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?” Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.” Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.” Бұл кім? “Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма.” Бұл кім? “Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...” Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.” 3-тапсырма. ТЖ. «Ақыл-ой картасы» Оқушылар Қожаға қатысты «Ақыл-ой картасын» сызу үшін төмендегі айдарларды қолданады: • Түрі қандай? • Не айтты және қалай сөйлейді? • Ол не істейді? • Ол туралы басқалар не ойлайды?
Бағалау критерийі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.
| ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4мин | Кері байланыс: «Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады; 2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек; 3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы... | ||||||||||||||||||
Үйге тапсырма | «Түбі адам болатын бала» бөлімін оқып келу |
САБАҚ: 1 | Мектеп: | |
Күні: 28.02.2019ж | Мұғалімнің аты-жөні: Басжанова М.Д. | |
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны:9 Қатыспағандар оқушылар саны: | |
Бөлім атауы | Адамгершілік - асыл қасиет | |
Сабақтың тақырыбы | Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі | |
Оқу бағдарламасына сілтеме | Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы; А/И3. Көркем шығарманың тілі. | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; 5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау. | |
Сабақтың мақсаттары | - Әңгімені түсініп оқу; - Тақырыбы мен идеясын анықтау; - Қазіргі өмірмен байланыстыру; - Әңгімеде кездесетін әдет-ғұрып туралы ой бөлісу. - Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау; - Шығарманың жанрына анықтама беру; - Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді табу. | |
Бағалау критерийлері | Оқушылардың көпшілігі: - Әңгімені түсініп оқиды; - Тақырыбы мен идеясын анықтайды; - Шығармада кездесетін әдет-ғұрыпты тауып, ой бөліседі. - Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасай алады. - Шығарма жанрына анықтама береді; - Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын ашады. Оқушылардың кейбіреуі: - Қазіргі өмірмен байланыстыра алады; - Топтық жұмысқа белсенді қатысады. - Көркемдегіш құралдарды таба алады. | |
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Т әрбие: Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу. | |
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану | |
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадамен жұмыс жасайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. | |
| | |
Жоспарланат ын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | |
Сабақтың басы 5 минут 5 минут | Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтеруге әрекет етеді. Топқа бөлу. Оқушылар тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді. 1-топ. Ағайының бай болса, Асағаның май болар. 2-топ. Алыстағы ағайыннан, Алдыңдағы көрші артық. 3-топ. Ағайын бірде араз, бірде тату. 4-топ. Атың жақсы болса — қанатың, | |
Сабақтың ортасы 20 минут 5 минут 7 минут | 1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Джиксо» стратегиясы бойынша әңгіме мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын анықтау, әңгімеде кездесетін әдет-ғұрып туралы ой бөлісу. Тақырыбы - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы. Идеясы - бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады. Бағалау критерийлері: 1. Әңгімені түсініп оқиды; 2. Тақырыбы мен идеясын анықтайды; 3. Қазіргі өмірмен байланыстыра алады; 4. Шығармада кездесетін әдет-ғұрыпты тауып, ой бөліседі. 5. Топтық жұмысқа белсенді қатысады. Топтар жетістік критерийлері арқылы бағаланады. 2-тапсырма. С. «Аялдама» әдісі. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау. 1-аялдама. Оқиғаның басталуы – Манаптың балалар үйіне келуі. 2-аялдама.Оқиғаның дамуы – Манап пен Қалидың кездесуі. 3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс – бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі. 4-аялдама. Шарықтау шегі - Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы. 5-аялдама. Оқиғаның шешімі – көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы. Бағалау критерийлері: Аялдама бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады. Оқушылар жетістік критерийлері арқылы бағаланады. 3-тапсырма. Жеке жұмыс. Шығарманың жанрына анықтама беру. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді табу. Әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, шұғыл үн қосқыш жанр. Теңеу – табаны күректей, сойталдай, Икар құсап, арғымақ аттай. Гипербола – Балалар үйінің тарихы көл көсір. Метонимя (алмастыру) – тәй-тәй басып кірген жас қыз. Тұрақты тіркестер – табаны күректей, шер тарқатып, қой аузынан шөп алмайтын, ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын, өлара сәт, шәй қайнатымдай, сүт пісірім бұрын. Мақал-мәтел – «Жетім – қозы тас бауыр». Бағалау критерийлері: 1. Шығарма жанрына анықтама береді; 2. Теңеу, гипербола, метонимияны таба алады; 3. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын ашады. Оқушылар жетістік критерийлері арқылы бағаланады | |
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Үй тапсырмасы. «Бауыр» әңгімесін толық оқып келу. |
САБАҚ: 3 | Мектеп: |
Күні: 05.03.2019 | Мұғалімнің аты-жөні: Басжанова М.Д. |
Сынып: 5Ә | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар оқушылар саны: |
Бөлім атауы | Адамгершілік - асыл қасиет |
Сабақтың тақырыбы | «Бауыр» әңгімесі |
Оқу бағдарламасына сілтеме | А/И1. Әдеби шығарманың композициясы; Б/С3. Әдеби эссе. |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу; 5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. |
Сабақтың мақсаттары | - Әдеби шығармадан үзінді жатқа айту; - Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтарға толық жауап беру; - Рөлге ену; - Шағын эссе жазу. |
Бағалау критерийлері | Оқушылардың көпшілігі: - Үзінді жатқа айта алады; - Білу, түсіну бойынша толық жауап береді; - Мақалдың астарлы ойын табады; - Өзіндік пікір білдіре алады; - Нақты дәлел келтіре алады. Оқушылардың кейбіреуі: - Эссенің құрылымын сақтайды; - Рөлдік ойынға белсенді қатысады. |
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Т әрбие: Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу. |
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі |
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. |