Файл: 20212022 оу жылы бойынша 8 Б сыныбыны i жарты жылды Трбие жмысыны есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 77

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2021-2022 оқу жылы бойынша 8 «Б» сыныбының I жарты жылдық

Тәрбие жұмысының есебі
01.09.2021 күні «Тәуелсіздік жетістіктері» жалпыреспубликалық ашық тәрбие сағаты Нұр-Сұлтан қаласы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 8 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен өтті.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойына елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге үлес қосар білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Сынып сағатының барысы төмендегідей болды:

  • Кіріспе. Құттықтау сөз;

  • «Синквейн» әдісі арқылы «Тәуелсіздік» сөзін сипаттау;

  • «Мен тәуелсіздікті жырлаймын» тәуелсіздік туралы өлең жолдары;

  • «Тәуелсіздік жылдары» сұрақ жауап;

  • «Мен қазақпын» әні

  • Қорытынды.

Сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Сынып жетекшісі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған ашық сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Синквейн» әдісін қолданды. Оқушылар аталған әдіс арқылы «Тәуелсіздік» сөзіне сипаттама берді. Сонымен қатар білім алушылар өз өлең жолдарын оқып, тәуелсіздікке оңай жетпегенімізді дәріптеді. «Тәуелсіздік жылдары» айдарында мұғалім тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жетістіктерімізді оқушылармен талқылау үшін оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қою арқылы ел тарихы жайлы ақпаратты терең түсінуге мүмкіндік берді. Сабақ соңында «Мен қазақпын» әнін оқушылар бірге шырқады және өз Отандарына деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізді. Өткізілген ашық тәрбие сағатында тақырып толық ашылып, қойылған мақсатқа қол жеткізілді деп ойлаймын.
04.09.2021 күні №82 «Дарын» МЛ-де 8 «Б» сынып ата-аналарымен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер мен ұсыныстар, санитарлық нормалардың сақталуы.

  2. Лицейдің ішкі ережелерімен таңыстыру. Келісім шарт.

  3. Оқушылардың лицейге келіп, кету қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  4. «Отбасы – тәрбие бастауы». Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы әңгімелесу.

  5. Әртүрлі мәселелер


Ең әуелі жаңа оқу жылындағы ерекшеліктер мен өзгерістер туралы сынып жетекшісі мәлімдеме жасады. Екінші мәселе бойынша лицейдің ішкі ережелері ата-аналарға толық таныстырылды. Сонымен қатар оқушылардың мектепке қатынау мәселелері туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, отбасы тәрбиесінің маңыздылығы, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі жайлы талқылау жүргізілді. Жиналыс соңында әртүрлі мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға сынып жетекшісі жауап берді.

Сынып жетекшісі «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында оқытушы балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деген В.А.Сухомлинскийдің сөзімен қорытынды жасады.
01.10.2021 күні №82 «Дарын» МЛ-де 8 «Б» сынып оқушыларымен «Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін!» деген тақырыпта ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтті. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға ұлағатты ұстаздар қонақ ретінде шақыртылды. Сынып оқушылары ашық сынып сағатында өз шығармашылықтары мен өнерлерін көрсетті. Сынып сағатының басты мақсаты – оқушылардың білім беріп отырған ұстаздарды сыйлап, құрметтеуге үйрету және ұстаз еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мерекелік іс-шараға қатысқан ұстаздар сабақ соңында өз пікірлерін және оқушыларға деген алғыстарын білдірді.
13.10.2021 күні №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 8 «Б» сынып оқушылары Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрына «Тіл табысқандар» комедиялық қойылымын тамашалауға барды. Қойылымда қалада өмір сүретін отбасының бүгінгі жағдайы, үш тілдің (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) бала тәрбиесіне әсері, қала мен ауылдан келген туыстардың байланысы, олардың тіл табысу жағдайлары көрініс тапқан. Қойылымның оқушыларға берер тәрбиелік мәні терең болды. Оқушылардың қойылымнан алған әсерлері ерекше болды. Бізге осындай мүмкіндік берген театр ұжымына және ұйымдастырушыларға, лицей басшылығына алғыс білдіреміз.
№82 «Дарын» МЛ-де 8 «Б» сынып оқушылары сынып сағаттарында «Таратуға тұрарлық идеялар» деген айдармен TED форматында бірнеше тақырыптарда өз ойларымен бөлісті. Мұндағы мақсат оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, белгілі бір тақырыптар аясында білімдерін тереңдетуге бағытталды. «Достық қарым-қатынастың маңыздылығы», «Өз эмоцияларыңды басқару жолдары», «Жетістікке жету үшін неге мән беру керек?», «Өз өзіңді жетілдіру жолдары» т.б. тақырыптар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды.


23.11.2021 күні №82 «Дарын» МЛ-нің 8 «Б» сынып оқушыларымен «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: білім алушылардың қоршаған орта туралы білімдерін тереңдету, тіршілік ортасын таза ұстауға, күнделікті қонданыстан кейінгі қалдықтарды дұрыс сұрыптауға үйрету. Қорыта айтқанда, осындай экологиялық сабақтардан оқушылардың берері мол. Оқушылар экологиялық білімдерін тереңдетіп, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға үйренеді.

13.12.2021 күні №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі мен №55 орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында біріккен ашық тәрбие сағатты өтті. Біріккен ашық тәрбие сағатын екі мектептің 8 сынып жетекшілері бірге ұйымдастырды. №55 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары Zoom платформасы арқылы онлайн байланысқа шықты.

Мақсаты: Оқушылар  бойына  елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге үлес қосар білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағаты барысында оқушылар:

  • «Мен тәуелсіздікті жырлаймын» деген тақырыпта тәуелсіздік туралы өлең жолдарын, арнау өлеңдерін оқыды;

  • «Тәуелсіздік жылдары» kahoot платформасында тәуелсіздік жылдарына негізделген сұрақтарға жауап берді;

  • «Тәуелсіз елімнің өркендеуіне менің қосар үлесім» тақырыбы бойынша оқушылар өздерінің бүгінгі таңда еліміздің дамуына қосып жатқан үлесі жайлы ой бөлісті;

  • «Мен қазақпын» әнін хормен орындады.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған біріккен ашық тәрбие сағаты қашықтықтан жаңа технологиялардың мүмкіндігін қолдану арқылы өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды және білім алушыларға берері мол болды. Тәрбие сағатына қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Силықбекқызына жоғары бағасын берді. Ашық тәрбие сағатты «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!» деген жақсы сөзбен қорытындыланды.
29.12.2021 күні №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 8 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа жыл – жақсылықтың жаршысы» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараның мақсаты – оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау, келер жылдан жақсылық күту, өтіп бара жатқан жылдағы жетістіктер мен түзетуді қажет ететін кемшіліктерді талқылау болды. Мерекелік сынып сағатында оқушылар бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жақсы тілектер айтты. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, Жаңа жылдық ән шашу арналды.



2021-2022 оқу жылындағы 8 «Б» сынып оқушыларының жетістіктері
Мектепішілік пән олимпиадасы:

  1. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті – Балгашева Амина 1 орын

  2. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті – Айтбек Сулейман 2 орын

  3. Алгебра – Ахметжанов Абылхаир 3 орын

  4. Ағылшын тілі – Айтжанова Азиза 1 орын

  5. Тарих – Дүкенбай Бексаят 2 орын

  6. Химия – Исабаев Ертөре 2 орын

  7. География – Кадеркаева Альбина 1 орын

  8. Биология – Усен Диана 1 орын


География пәнінен өткен КИО олимпиадасы:

  1. Айтжанова Азиза 2 орын (аудан)

  2. Жусупова Жамиля 3 орын (аудан)

  3. Кадеркаева Альбина 1 орын (аудан), 2 орын (облыс)


География пәнінен өткен КИО олимпиадасы:

  1. Айтжанова Азиза 1 орын (аудан), 2 орын (облыс)

  2. Шагирбаева Айгерім 1 орын (аудан), 1 орын (облыс), 3 орын (республика)

  3. Нариманұлы Нұрхан - Сертификат


Республикалық VIII «Ақберен» өнер байқауы (қалалық кезең):

  1. Балгашева Амина - «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 2-орын


Ұлттық география олимпиадасы:

  1. Кадеркаева Альбина - 3 орын

  2. Шагирбаева Айгерім - Грамота

  3. Жусупова Жамиля - Грамота


Дебат турнирі («Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» орай ұйымдастырылған)

  1. Айтжанова Азиза – Үздік спикер

  2. «Болашақ» командасы – Үздік нәтиже (Диплом)

  3. «Super Idol» командасы – Үздік нәтиже (Диплом)


Республикалық ән байқауы:

  1. Болатбек Альмира – 1 орын (Қарағанды қ.)


Республикалық Каратэ-до спортынан:

  1. Нұрмаш Мұрсал – 2 орын (Нұр-Сұлтан қ.)