Файл: Туристік ызмет крсетулерді мні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 5

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Туристік қызмет көрсетулердің мәні

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.



Таудағы шаңғы курорты Куршевель, Франция

Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.

Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда. Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.



Жапониялық туристтер

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады. Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.


Түсіндірмелер


Туризм — демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.

Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) — қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.

Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) — қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi.

Тур — белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.

Туристік жолдама — туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.

Туристiк өнiм — саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.

Туристік қызмет көрсеті

Туристiк қызмет көрсету — туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).



Эшфордтық қамал , Ирландия

Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады. Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:


-туроператорлық;

-турагенттік;

-экскурсиялық;

-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі


Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді. Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді. Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі. Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады. Туризмнің ұйымдық нысаны — халықаралық және ішкі туризм. Халықаралық туризмге:





Қытайлық туристтер тасбақаны қарауда

Келу туризмi — Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;
Шығу туризмi — Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Рес-публикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды. Ішкi туризм — Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты кіреді.Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді. Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда кіру туризмін дамыту үшін ҚР-ның шетелдегі елшіліктерінде, ірі әуежайларда ақпарат орталықтарын құру, отандық туризмді насихаттайтын видеороликтер шығару керек.

Туристік қызметтер бағасы



Хеопс пирамидасы,Египет

Бағалардың өзгеруі туралы ақпараттарды жинау республика астанасында, Алматы қаласында, барлық облыс орталықтарында және қалалар мен аудан орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау сол орында жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету түрлерінің барлық объектілері іріктеледі, яғни ол зерттеуге ұсынылатын әртүрлі деңгейдегі сауда орындары мен көпшіліктің сұранысындағы тауарларды (қызметтерді) тұрақты өткізетін сауда кәсіпорындары үшін қажет. Бағалар туралы ақпарат жинау тікелей тауарларды (қызметтерді) өткізу орындарында баға тіркеушілермен жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні қолма-қол төленген бағалар, салықтарды қоса, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша алымдарды қоспай тіркеледі. Республика бойынша орташа бағаның деңгейі жекелеген өңірлердегі баға деңгейінің орташа арифметикалық салмақтағы шамасымен анықталады. Үй шаруашылығы — бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін, ең бастысы тұрғын үй мен тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдардың шағын тобы. Үй шаруашылығы бір адамнан да тұруы мүмкін. Тұтыну шығыстары — халықтың тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Бұған тамақ өнімдерін сатып алу, үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер сатып алу шығыстары кіреді.