Файл: Дріс 5 Таырыбы Медицина ызметкеріні ксіби этикасы жне деонтологиясы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 59
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәріс №5 Тақырыбы:Медицина қызметкерінің кәсіби этикасы және деонтологиясы
Негізгі сұрақтар:-
Медициналық этика принциптері -
И.Харди (венгер психологы) медбикелердің типологиялық жіктелуінің сипаттары -
Эгогения, ятрогения ұғымына түсініктеме
-
Науқастың жеке басын сыйлау. -
Медициналық қызметкерлер тарапынан науқасқа психологиялық қолдау жасалу керек. -
Науқасқа ауруы туралы, оны емдеу туралы ақпаратты бермеуіміз қажет. Бірақ ақпаратты науқастың жеке басының ерекшеліктерін және ауруға деген көзқарасын ескеріп беруіміз керек. -
Науқасқа емделу жолдарын таңдауға мүмкіндік беру. -
Науқас өз бетімен шешім қабылдайды. Мұнда ешқандай мәжбүрлеу болмауы керек. -
Тексеру және емдеу кезінде науқасқа бақылау мүмкіндігін беру. -
Емдеу процесіне пациентті қатыстыру. Терапевтикалық қарым- қатынас (комплаенс).
-
Рутинер мейірбике – өз міндетін көбінесе механикалық тұрғыдан атқарады. -
Кертартпа мейірбике – пациенттерге қажетті көңіл бөлмеу, жанашырлық сезім білдірмеу, өз міндеттерін тиянақты, дәлме дәл, машина сияқты орындау. -
Әртіс мейірбике - өзінің көздеген мақсатына жету үшін белгілі бір рөлдерді сомдайды. -
Еркекшора түрі – әдетте ірі денелі мейірбикелер шешімді, батыл болып келеді. Кей жағдайларда олар жақсы ұйымдастырушы, жас мамандардың тәлімгері болып танылса, ал кейбір жағдайларда мәдениеттіліктің, білімнің жетіспеушілігінен олар дөрекі, агрессивті болып көрінеді. -
Аналық мейірбике түрі – пациенттерге аналық сезімге тән жанашырлықпен, қамқорлықпен қарайды. Олар үшін пациенттерге деген қамқорлық өмірлік маңызға ие болып саналады.
Эгогения дегеніміз – ол пациенттердің ауруына немесе белгілі бір ауруының жағдайына байланысты өз-өзіне теріс әсер етуі. Кейде пациенттерде өзінің аурулары (мерез, гонорея ауруы, гинекологиялық аурулар) туралы дәрігермен сөйлесу әдепсіз деген теріс түсінік қалыптасқан. Мұндай жағдайларда пацинеттің көңіл-күйі бұзылып, ауруы созылмалы түрге айналып ұзақ уақыт емделуге әкеліп соқтырады. Сондықтан мейірбике өзінің жылы шырайымен пациенттің көңілін тауып, қорқыныш күдігінен арылтып пациенттің сауығуына белсенді көмек көрсетеді.Ятрогения – бұл медицина қызметкерлерінің теріс мінез-құлқының немесе пациенттің көзінше аңдамай айтқан сөздерінің салдарынан науқастардың ауыр жағдайға душар болып немесе ауруды өзіне қабылдап алуын айтады.Ятрогенияның болу себептері:
-
Диагноз туралы хабарды негізсіз болжау; -
Емдеу және диагностикалық процедураны теріс түсінуі; -
Әрекетсіздіктен қызметкерлердің науқасқа көңіл бөлмеуі; -
Медбикенің орынсыз үндемеуі.